КАРТОПТАҒЫ ПЕРОКСИДАЗАНЫ (ДОНОР: Н2О2- ОКСИДОРЕДУКТАЗА; КФ 1.11.1.7) АШУ
Құрал-жабдықтар, реактивтер. Үккіш; шикі картоп; 1%- дық пирогаллол; 2%-дық сутегінің асқын тотығы.
Картопті үккіште үгітеді. Оның аздаған мөлшерін сықпастан сынауыққа салып, 2 мл 1 %дық пирогаллол ерітіндісі мен 2 тамшы 2%- дық сутегінің асқын тотығының ерітіндісін қосады. Тұрғаннан кейін пурпурогаллиннің сары-қоңыр тұнбасы түседі. Пурпурогаллиннің түзілгенін келесі сызбанұсқамен өрнектейді:
Пурпурогаллин
(триоксибензо-,-прополон)
Пирогаллолдың көп қайтара дегидрленуі (тотығуы) мен пурпурогаллинге дейін бірқатар аралық өнімдері әрбір үзілген сутек атомдарын сутегенің асқын тотығына беріп отыратын пероксидазаның қатысуымен жүреді.
Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1.Ферменттерге анықтама бер.
2.Ферменттердің бейорганикалық катализаторлардан қандай ерекшелік белгілері бар?
3.Пероксидаза және амилаза ферменттері үшін қандай затар субстрат болып табылады?
4.Жоғарыда аталған ферменттерді қандай сапалық реакциялардың көмегімен анықтадыңдар?
№7 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: ФЕРМЕНТТЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Жұмыстың мақсаты: Ферменттердің бейорганикалық катализаторлардан ерекшелік белгілерін тәжірбие жүзінде зерттеу.
Жалпы мағлұматтар
Ферменттердің биологиялық табиғатты емес катализаторлардан басты айырмашылығы ерекше жоғары катализдік белсенділігі және айқын көрінетін арнайылық әрекеті, оған алғы шарт ферменттердің құрылысы мен олардың әрекет ету механизмі болып табылады.
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ КАТАЛИЗАТОРЛАР МЕН ФЕРМЕНТТЕРДІҢ ӘСЕРЛЕРІН САЛЫСТЫРУ
Құрал-жабдықтар, реактивтер. Су моншасы; термометр; сынауықтар; 1 мл-лік (3 дана) тамшуырлар; 0,3%-дық натрий хлоридіндегі 1%-дық крахмал; 10%-дық тұз қышқылы; 3%-дық калий йодидіндегі 0,3%-дық йод; 10%-дық натрий гидроксиді; 3%-дық мыс сульфаты.
Үш сынауыққа 5 мл 1%-дық крахмал ерітіндісін құяды. Бірінші сынауыққа 1 мл дистилденген су, екіншісіне — 1 мл 10%-дық тұз қышқылын, үшіншісіне — 1 мл сілекей құяды. 1 және 3 сынауықтарды араластырғаннан кейін 38°С -дағы су моншасына орналастырады, ал 2 сынауықты - қайнаған су моншасына салады. 15-20 мин кейін барлық сынауықтарды су моншасынан шығарып, салқындатады және әрқайсысынан олардағы крахмал мен глюкозаны анықтау үшін сынамалар алады: бірінші — йодпен реакциясы, екінші Троммер реакциясы бойынша. Шыны таяқшамен фарфор тілімшесіне әр сынауықтан ерітіндінің бір тамшысын алып, оларға алдын ала тамызылған калий йодидіндегі йодтың бір тамшысының жанына тамызады да, содан кейін тамшыларды қосып араластырады. Сынамалар түсінің боялу қарқындылығына байланысты крахмалдың гидролиздену дәрежесіне қорытынды жасайды. Глюкозаны анықтау үшін әрбір сынауықтан 3 мл-ден ерітінді алып, 1 мл 10%-дық натрий гидроксиді мен бірнеше тамшы 1%-дық мыс сульфатының ерітіндісін қосады. Сұйықтың жоғарғы қабатын қайнағанша қыздырады. Мыс (I) оксидінің сары тұнбасының немесе қызыл металдық мыстың пайда болуы глюкозаның бар екенін дәлелдейді. Тәжірибе нәтижелерін кестеге енгізеді.
Кесте 1
Сынауықтар
№
|
Субстрат
|
Катализатор
|
Инкубациядан кейін
|
йодпен сынама
|
Троммер сынамасы
|
1
2
3
|
Крахмал Крахмал
Крахмал
|
—
Тұз қышқылы
Сілекей амилазасы
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |