Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет18/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1.Крахмалдың гидролизіне фермент амилаза мен бейорганикалық катализатор тұз қышқылы қалай әсер етті? Қай жағдайда гидролиз реакциясы жылдам өтті?
2.Ферменттердің арнайылығы дегеніміз не? Арнайлықтың қандай түрлері болады?
3.Амилаза, сахараза және сукцинатдегидрогеназа ферменттері үшін қандай заттар субстрат болып табылады?

8 Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: ФЕРМЕНТТЕРДІҢ ТЕРМОЛАБИЛЬДІГІ
Жұмыстың мақсаты: Сілекей амилазасының ферментативті белсенділігінің температураға тәуелділігін анықтау.
Жалпы мағлұматтар
Температура көтерілген сайын ферментативтік реакцияның жылдамдығының артуы мен ақуыздар-ферменттер денатурациясының арасындағы байланыс күрделі сипатта болады, ол оқулықта қарастырылған. Ферментативтік реакцияның максималды жылдамдығына сәйкес температура тиімді деп аталады. Жылықанды жануарлардан бөліп алынған көпшілік ферменттер үшін тиімді температура 37-40°С -қа тең. Фер­ментативтік үрдістер, ереже бойынша, 70°С -тан жоғары температурада жүре алмайды. Субоптималды температураларға өткенде ферментативтік реакциялардың жылдамдығы төмендейді, 0°С -та ми­нималды шамаға жетеді.
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі


Сілекей амилазасының белсенділігіне температураның әсері
Құрал-жабдықтар, реактивтер. Су моншасы; термометр; сынауықтар; 1 мл-лік, 2 мл-лік тамшуырлар; шыны таяқшалар; фарфор тілімше; сұйытылған сілекей; 1%-дық крахмал; 10%-дық натрий гидроксиді; 3%-дық калий йодидіндегі 0,3%-дық йод; 10%-дық натрий гидроксиді; 1%-дық мыс сульфаты.
Төрт нөмірленген сынауықтарға 2 мл-ден 1%-дық крахмал ерітіндісін құяды. 1 сынауықты қайнаған су моншасына, 2 сынауықты 40°С-тағы су моншасына орналастырады, 3 сынауықты бөлме температурасында ұстайды, 4 сынауықты мұзға салады. 10 мин кейін, әр сынауықтың ішіндегілері берілген температураға жеткенде, олардың барлығына 0,5 мл-ден 10 есе сұйытылған сілекейді қосады да, шыны таяқша көмегімен араластырып, сол жағдайларда қалдырады. Крахмал гидролизінің барысын йодпен реакция бойынша бақылайды. Ол үшін фарфор тілімшесіне бірнеше тамшы калий йодидіндегі йод ерітіндісін тамызып, оны әрбір сынауықтан алынған гидролиздену жүріп жатқан қоспаның тамшысымен араластырады. Сынамаларды 2, 4, 6, 8, 10 және 12 мин кеін алып отырады. Крахмалдың йодпен беретін түсінің өзгерісінен әр сынауықтағы крахмалдың гидролиздену дәрежесі туралы айтуға болады. Бақылау нәтижелерін төмендегідей белгілеп, кестеге енгізеді: йодтың крахмалмен көрсететін оң реакциясын «к» (көк бояу) әрпімен, «қ» әрпімен — декстриндерге оң реакцияны (қызыл реңдерге боялу) және «с» әрпімен — теріс сынама көрсету (йодтың сары түсі).

Кесте 2


Сынауық нөмірі

Сынауықтағы
температура
(°С)

Уақыт өткен сайын йодпен реакция (мин)

1

2

4

5

8

10

12

1
2
3
4

100
40
15-20
0






















Алынған мағлұматтардың негізінде сілекей амилазасы үшін температураның тиімді шамасы туралы қорытынды жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет