4. Ттриптофанға түсті реакция (Гопкинс-Коле реакциясы). 1 мл 0,005%-дық триптофан ерітіндісіне сынауықта бірдей көлем глиоксил қышқылының ерітіндісін араластырады да, оған 3 тамшы 0,04 М мыс (II) сульфатының ерітіндісін қосады. Кейін сынауықты крандағы салқын судың астына ұстап, немесе мұз салынған су моншасына салып, үнемі салқындатып тұрып 2 мл концентрленген күкірт қышқылын қосады. 10 мин бөлме температурасында қалдырады. Біртіндеп көк-күлгін түс пайда болады.
Триптофан бұл реакцияда концентрленген күкірт қышқылының әсерінен глиоксил қышқылынан түзілетін формальдегидпен конденсирленеді:
Глиоксиловая кислота Формальдегид
Бис-2-триптофанилметан
Конденсация өнімі бис-2-триптофанил-карбинолге дейін тотығады:
Соңғысы минералды қышқылдардың қатысында көкшіл-күлгін түске боялған тұздар түзеді (галохромия құбылысы).
5. Пролинге түсті реакциялар. Амин қышқылдарына ең көп таралған екі реагент — нингидрин мен изатин — аминқышқылы пролинмен ерекше түрде әрекеттеседі.
1) Пролиннің нингидринмен түсті реакциясы. Сынауықтағы 5 тамшы 0,01 %-дық пролин ерітіндісіне бірнеше тамшы 95%-дық ацетондағы 1 %-дық нингидрин ерітіндісін тамызады. Сынауықтың ішіндегіні араластырып, 70°С су моншасында 5 мин бойы қыздырады. Пролиннің нингидринмен конденсациялану өнімі түзілетіндіктен, біртіндеп ашық- сары түс пайда болады:
2) Пролиннің изатинмен түсті реакциясы. Сынауықта 0,01%-дық пролиннің мұзды сірке қышқылындағы ерітіндісін 0,03%-дық изатиннің мұзды сірке қышқылындағы ерітіндісімен (тарпа шкафтың астында) араластырады. Сол сәтте көк түстің бірден пайда болатынын бақылайды.
Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1.Амин қышқылдары деп қандай заттар аталады?
2.Амин қышқылдарының номенклатурасы мени изомериясы.
3.Амин қышқылдарының жіктелуі.
4.Амин қышқылдарының амфотерлік қасиеттері.
5.Амин қышқылдарының биологиялық рөлі.
Достарыңызбен бөлісу: |