2. Аргининге түсті реакция (Сакагучи реакциясы).
Сынауыққа 1 мл 0,01%-дық аргинин ерітіндісін құяды да, прибавляют 5 тамшы 10%-дық натрий гидроксидінің ерітіндісі мен бірнеше тамшы 0,2%-дық ά-нафтолдың спирттік ерітіндісін қосады. Сынауықтың ішіндегіні әбден араластырып, оған 1,5 мл гипобромит ерітіндісін құяды да, тағы да жақсылап араластырады. Қызыл түс жылдам пайда болады.
Аргининнің ά-нафтолмен тотықтырғыш қатысындағы реакция механизмі әлі толық анықталмаған, бірақ бірқатар бақылаулар төмендегідей сызбанұсқаның мүмкіндігін куәландырады:
Хинониминдердің (бұл жағдайда нафтохинонимин) иминтобының сутегі алкил немесе арил радикалына алмасқан туындылары әрқашан да сары-қызыл реңдерге боялатындықтан, біздіңше, Сакагучи реакциясы жүргенде ерітіндінің кірпіш-қызыл түске боялуы нақты нафтохинониминның осындай туындысы түзілуімен түсіндіріледі. Бірақ одан басқа да, ά-нафтолдың бензол ядросы мен гуанидин қалдығының қалған NH- топтарының әріқарай тотығуының есебінен, күрделі қосылыстың түзілу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды..
3. Гистидинге түсті реакция (Паули реакциясы). 5% -дық тұз қышқылының ерітіндісіндегі 1 мл 1%-дық сульфанил қышқылының ерітіндісіне 2 тамшы 0,5%-дық натрий нитритінің ерітіндісін қосады да, қатты сілки араластырады. Содан соң 5 тамшы 0,01%-дық гистидин ерітіндісін қосады. Сынауықтың ішіндегіні араластырғаннан кейін 6 мл 10%-дық натрий гидроксидінің ерітіндісін құяды. Қаныққан шие- қызыл түстің пайда болуын бақылайды.
Сульфанил қышқылының қышқылдық ерітіндісін натрий нитритімен әрекеттестіргенде, диазотталу реакциясы жүреді де, диазобензолсульфон қышқылы түзіледі:
Сульфониловая n –сульфобензолдиазоний
кислота (Диазобензолсульфаниловая кислота)
Соңғысы гистидинмен әрекеттесіп, қан-қызыл түсті қосылыс түзіледі:
Гистидин 2,5- бис-сульфобензолазогистидин
Достарыңызбен бөлісу: |