Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет5/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

Өздік жұмыс үшін тапсырмалар

  • Амин қышқылдарын алу тәсілдері.

3 Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: АҚУЫЗДАР (ПРОТЕИНДЕР). НӘРУЫЗДАРҒА САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР


Жұмыстың мақсаты: Тауық жұмыртқасының нәруызының құрамындағы аминқышқылдарын түсті реакциялардың көмегімен анықтау. Пептидтік байланысқа сапалық реакция биурет реакциясы екенін дәлелдеу.
Жалпы мағлұматтар
Тіршілік әрекеті үрдістерінде ақуыздар маңызды рөль атқарады. Олар жасушалар мен ұлпалардың түзілуіне қатысады, биологиялық катализді, реттеу және жиырылу үрдістерін іске асырады, сыртқы әсерлерден қорғайды. Термин «протеиндер» грекшеден аударғанда «бірінші», «маңызды» дегенді білдіреді. Ақуыз молекулаларындағы көптеген химиялық байланыстар олардың функционалдық алуан түрлілігін анықтап қойған. Ақуыздар шынында да қорғаныстық, тасмалдағыштық, реттегіштік, гормоналдық, жиырылғыштық және басқа да қызметтер көрсетеді. Ақуыздарды өсімдіктер мен жануарлар ағзаларынан бөліп алады.
Ақуыздарды сапалық анықтау әдістері реакциялардың екі типіне негізделген: а) ақуыз молекуласындағы пептидтік байланыстар бойынша; б) амин қышқылдарының радикалдары бойынша.
Реакциялардың бірінші типіне биурет реак­циясы мысал бола алады. Екінші типті реакциялардың мысалдарына амин қышқылдарының радикалдары бойынша жүретін көптеген түсті реакциялар жатады. Екінші типті түсті реакциялардың сипатына қарап, ақуыз құрамы туралы айтуға болады.
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі


Құрал-жабдықтар, реактивтер. Сілкіндіргіш; центрифуга; су моншасы; зертханалық тер­мометр; қайнатқыштар; қағаз фильтрлер; мәрлі; 250 мл-лік конустық колбалар; химиялық сынауықтар жинағы; 10 мл-лік гра­дуирленген пипеткалар; 100 мл және 250 мл-лік зертханалық шыны стакандар; лакмус қағазы; таза жұмыртқа; таза сиыр еті; бидай ұны; 10%-дық натрий хлориді; аммоний сульфаты (қаныққан); 10%-дық және 30%-дық натрий гидроксиді; 1%-дық мыс сульфаты; ацетондағы 1%-дық нингидрин; -нафтол (0,2%-дық, спирттік ерітінді); натрий гипобромиті; Милон реактиві; мұзды сірке қышқылы; күкірт, тұз және азот қышқылдары (конц.); глиоксил қышқылы; 0,05%-дық және 0,5%-дық натрий нитрит; 1%-дықсульфанил қышқылы; 10%-дық натрий гидроксиді; 5%-дық тұз қышқылы; аммиак (конц.); натрий плюмбитінің ерітіндісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет