САКАГУЧИ РЕАКЦИЯСЫ
Сынауыққа 1 мл ақуыздың сұйытылған ерітіндісін алады, 1 мл 10%-дық натрий гидроксидінің ерітіндісін қосады және соңынан бірнеше тамшы -нафтолдың 0,2%-дық спирттік ерітіндісін қосады. Араластырады, 0,5 мл натрий гипобромиті ерітіндісін құяды және қайтадан араластырады. Қынасары-қызыл түс біртіндеп дамиды. Түстің пайда болуы ақуыз молекулаларында болатын аргинин радикалдарындағы гуанидиндік топтармен -нафтолдың тотықтырғыш қатысында әрекеттесуінің нәтижесімен түсіндіріледі.
МИЛЛОН РЕАКЦИЯСЫ
1 мл тауық жұмыртқасының сұйытылмаған ақуызына екі есе көлем азотсынапты Миллон реактивін қосады. Ақуыз реактив құрамына кіретін сынап пен азот қышқылының тұздарының әсерінен ұйып, ақ түсті іріткі түзеді. Сынауықты жалынға ұстап қыздырғанда, тұнба қынасары-қызыл түске боялады.
Миллон реакциясын құрамында тирозин қалдығы бар барлық ақуыздар көрсетеді. Тиразинсіз ақуыздар (мысалы, желатин, протаминдер және т.б.) Миллон реакциясын көрсетпейді.
АДАМКЕВИЧ РЕАКЦИЯСЫ
Сынауыққа 5 тамшы сұйытылмаған ақуыз алып, оған аздаған глиоксил қышқылы қосылған 2 мл мұзды сірке қышқылын құяды. Қоспаны түзілген тұнба ерігенше жайлап қыздырады. Қоспа бар сынауықты салқындатады, содан соң күрт қисайтып, сақтықпен, қабырғасымен 1 мл концентрленген күкірт қышқылын екі сұйық араласпайтындай етіп құяды. Біраз тұрғаннан кейін екі сұйықтың шекарасында қызғылт-күлгін шеңбер пайда болады.
Желатин бұл реакцияны көрсетпейді, өйткені онда осы реакцияның болуына тікелей қатысты триптофан амин қышқылы жоқ.. Түс триптофанның сірке қышқылында үнемі аз мөлшерде қоспа түрінде кездесетін глиоксил қышқылымен реакциясы есебінен пайда болады.
ВУАЗЕНЕ РЕАКЦИЯСЫ
1 мл ақуыздың сұйытылған ерітіндісіне бір тамшы 2,5%-дық формальдегид ерітіндісін қосады. Араластырады да, 6 мл таза концентрленген тұз қышқылын (тығыздығы 1,175 -тен кем емес) қосады, содан соң қайта араластырады. 10 мин кейін шайқай отыра 2 тамшы 0,5%-дық натрий нитритінің ерітіндісін қосады. Қарқынды көгілдір-күлгін түс біртіндеп дамиды.
Вуазене реакциясы да құрамында триптофаны бар амин қышқылдарымен ғана жүреді.
ПАУЛИ РЕАКЦИЯСЫ
5%-дық тұз қышқылының ерітіндісіндегі 1 мл 1%-дық сульфанил қышқылының ерітіндісіне 2 тамшы 0,5%-дық натрий нитритінің ерітіндісін құяды, қатты сілкілейді және тездетіп 5 тамшы ақуыздың сұйытылған ерітіндісін қосады. Сынауықтың ішіндегіні араластырғаннан кейін 6 мл 10%-дық натрий гидроксидінің ерітіндісін қосады, шиедей қызыл түс дамиды.
Түстің пайда болуы ақуыз молекуласында гистидин мен тирозиннің барлығына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |