Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау



бет3/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Лаб

Жұмыстың орындалу әдістемесі


1 вариант. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын анықтау
Таза бюксті алдын ала 105-110°С температурада 1-1,5сағат кептіргіш шкафта кептіріп, одан кейін эксикаторда салқындатады. Салқындатылған бюкс қақпағымен эксикатордан шығарылып және 0,0002 г дәдікке дейін өлшенеді. Бюкстегі 1,0-1,2г құрғақ биомассаны қақпағы ашық бюксті және қақпағымен алдын ала 105°С температураға дейін қыздырылған кептіргіш шкафқа салады, сол жерде 1-1,5сағат ұстайды. Сосын бюксті кептіргіш шкафтан шығарып қақпағын жабады және эксикаторға салқындатуға ауыстырады.18-25°С температураға дейін салқындатылғаннан кейін, бюксті өлшейді және қақпағын ашып қайтадан кептіруге 30-40 минутқа кептіргіш шкафқа салынады. Берілген уақытқа жеткесін бюксті қақпағымен жауып эксикаторда салқындатады және өлшейді.
Кептіру жұмысы аяқталды деп, егер соңғы екі өлшенген массаның айырмашылығы 0,0004 г көп емес болса саналады. Егер айырмашылығы одан көп болса онда 30-40 минутқа кептіру қайталанады. Анықтау екеуі параллель қатар жүргізіледі, біреуі ертеректен анализі дәл анықталған белгілі, берілген тапсырманың нәтижесі жасалған жұмысының дұрыс бұрыс екендігімен салыстырады.
2 вариант. Құрғақ биомассадағы күдің құрамын анықтау
Таза фарфор тигелді алдын ала тұрақты массаға дейін муфель пеште 550-560°С температураға дейін 3сағат күйдіреді, одан соң эксикаторда салқындатады. Күйдіру аяқталды деп, соңғы екеуін 0,0004 г дәлдікке дейін өлшегенді санаймыз. Дайындалған тигель өлшенеді және 1,0-1,2 г азықтық биомассамен, ашытқының күл болуы өте мұқият жүргізіледі, материал күйіп өртеніп кетпес үшін тигелді биомассасымен муфель пешке 550°С температураға салады және есігін ашып қояды. Тигельді ашытқымен бірге қыздырғанда бу мен газдың қарқынды бөлінуі жүреді, жалынды болдырмауы керек. Егер жалын пайда болса онда тәжірбие жарамсыз деп саналады. Көмір материал пайда болғаннан кейін және газ бен бу бөлінгені тоқтағаннан кейін тигелді одан да жоғарырақ температураға ауыстырылады. Муфель пештің есігін жауып және 4-4,5сағат күйдіруге қояды. Содан соң тигел шығарылып эксикаторға ауыстырылады, 18-25°С температураға дейін салқындатқаннан кейін, тигелді өлшейді. Тигелді қайтадан муфель пешіне салып 1сағат күйдіру қайталанады.Тигелді эксикаторда салқындатқаннан кейін күлді тигелмен бірге өлшейді. Күйдіруді массасы тұрақты болғанша күйдіреді. Массасы дұрыс тұрақты деп соңғы екі өлшенген массасы 0,0004 г көп болмаса саналады.Тәжірибе екі параллель жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет