Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау



бет38/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53
Лаб

Бақылау сұрақтар
1.Құрғақ биомассадағы күлдiң құрамын анықтау
2.Ашытқының қышқылдылығын анықтау
3.Ашытқының ылғалдылығын анықтау

12 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС




Дайын өнімдегі шикі протеиннің және ылғалдың құрамын анықтау


Жұмыстың мақсаты
Азықтық биомассадағы жалпы және ақуызды азотқа анықтама жүргiзу, дайын өнімдегі протеиннiң және нағыз ақуыз құрамын есептеу.

Теориялық негiздерi


Саңырауқұлақтан алынатын ақуыз. Азықтық ақуыз өнімі болып қоректенуге жарамды саңырауқұлақтар саналады. Бұл саңырауқұлақтарды жасанды культивирлеуде өнеркәсіптік биотехнология және ауылшаруашылығы арасындағы арнайы аумағы болып келеді. Бүкіл әлемде саңырауқұлақтарды культивирлеу жолымен өндіру жылына 1 млн тоннадан жоғары. Ғалымдарымыздың жорамалы бойынша 2050 жылы азықтық рационында адамдардың ақуызының 1/3 бөлігін саңырауқұлақ ақуызы құрайды екен. Жасанды культивирлеу үшін негізінде шампиньондарды қолдынады. Шампиньон өндірісі көбіне АҚШ-та, Францияда, Нидерландияда, Ұлыбританияда, Италияда, Испанияда және Канадада жоғары дамыған. Шампиньон арнайы температура мен ылғалға тұрақты болатын жылы жайларда өсіріледі. Саңырауқұлақтарды культивирлеу үшін көп сатылы қайықшалар және саңырауқұлақтардың споралары (мицелий) себілген қоректік орта дайындалады. Саңырауқұлақтар өндірісінде ең қиын және ұзақ, көп сатылы болып субстратты культивирлеуге дайындау болып табылады. Қарапайым субстрат ретінде құрамында 65-70% жылқы қиы бар кампост қолданылады. Зерттеушілердің күші осы субстратқа тең алмастыратын субстратты табуға және оны дайындау уақытын қысқартуға бағытталған. Компосттың құрамына бидай және күріш ұнтағы, құс саңғырығы, шошқа қиы, мақта ұны және басқа целлюзасы бар қалдықтар қосылады. Саңырауқұлақтың өнімі кейбір 200-240 кг субстраттан 1 т компостқа жетеді. Өнімді жинап алған соң компостты ауылшаруашылығы культураларына арналған тыңайтқыш ретінде қолдануға болады. Қоректенуге жарамды саңырауқұлақтарды культивирлеу үшін үлкен кемшілігі болып оны өндіру циклінің ұзақ бірнеше ондаған күнге созылуы саналады. Сонымен қатар температура мен ылғалды автоматты түрде реттеу, осыған қарамастан, қазіргі жылы жайда культивирлеуге көлемді қол еңбегінің күшін қажет ететіндігі бар.


Азықтық ақуыз алудың перспективтік және экономикалық жағынан тиімді тәсілі болып саңырауқұлақ мицелиясын түптік культивирлеу болып табылады. Саңырауқұлақ массасының мол жиналуы беттік әдіспен культивирлеуге қарағанда түптік әдіспен культивирлеу бірнеше есе жылдам жүреді. Түптік культивирлеу арқылы алынған мицелиялы биомассаның сапасы мен азықтық бағасы бойынша жеміс беретін саңырауқұлақтың денесінен кем түспейді. Түптік культивирлеу жағдайында шампиньон мицелиясы, вешенка және саңырауқұлақтың басқа түрлері жақсы өседі. Түпік культивирлеу әдісімен саңырауқұлақ мицелиясын алудың көміртегі көзі ретінде әртүрлі тамақтың қалдығы және целлюлоза қағаз өнеркәсібінің қалдықтары: меласса, сүттің сары суы, сульфитті щелок қолданылады.
Англияда азықтық ақуызды көмірсу ортасында түптік культивирлеу әдісі арқылы токсинді емес Fusarium саңырауқұлағының түрін алады. Саңырауқұлақтың биомассасы культуралды сұйықтықтан бөлінген соң, нуклеин қышқылынан арылу үшін арнайы өңдеуден өтеді. Алынған өнім витаминнің және ақуыздың жоғарғы құрамымен ажыратылады және қаныққан май қышқылының және холестериннің болмауымен ерекшеленеді.
Францияда сүттің сары суында азықтық ақуызды өндіруді өңдеу дамуда. Рenicillium саңырауқұлағының кейбір штамын культивирлегенде немесе ашытқыны лактозалы ортада культивирлегенде 30т сүт сарысуынан 1 т ақуыз алуға болады екен.
Жасушаның органикалық қосылысы азот құрайтынды құру үшін ортадан қолданылатын минеральды азоты ашытқы болып қолданылады. Негiзiнен бұл ақуыздар нуклеин қышқылдары және олардың негiздерi, бос аминқышқылы.
Ашытқы биомассасындағы азоттың жалпы құрамын анықтау үшiн Кьелдаль әдiсi қолданылады. Концентрлеген күкiрт қышқылымен тұтандырып жаққанда органикалық зат тотығуға негiзделеді. Күкiрт қышқылы, көмiртегі диоксиді және суға ыдырағанда, бөлiнген оттегімен көмiртегi және сутегі тотығады. Ақуызды азот және оған жақын заттар аммиак түрiнде ыдырайды және артық күкiрт қышқылымен аммиак реакцияға түсетiндiктен, оны ерiтiндiде сақтайды,бұл қышқыл мына реакция бойынша аммиак тұзына ауысады:
(Азот құрайтын органикалық қосылыс)
RNH3 + H2SO4  (NH4)2SO4 + CO2 + H2O
Өртеудiң басында органикалық масса көмiрленедi де, қара түске айналады: толық жаққан кезде ерiтiндi түссiзденедi. Өрттеу нәтижесiнде алынған күкiрт қышқылыды аммоний ерітіндісін H2SO4 сілтілейді. Сілті әсерінен аммиак ұшып кетеді де қабылдағышта титрленген H2SO4 титрленіп ұсталынады, ол тағы да тұзды түзедi. Азот мөлшерi және шикi протеиннiң құрамы бөлiнген аммиакққа қарай есептелiнедi.
Бiрақ мұндай есептеулер ақуыз құрамының нәтижесiн жоғарылатып жiбередi, себебi өртенген азоттың жалпы құрамын анықтағанда тек ақуыз азотты ғана саналмайды, сонымен бiрге бос аминқышқылдарын: нуклеин қышқылдарын және минералды азотты және тағы басқаларын да санайды. Биомассадағы микроорганизмдердiң ақуыз құрамын дәл анықтау үшiн биомассаны алдын ала бiрқатар реактивті қолданып өңдеу әдiсi қолданылады, бұл әдiсте ақуызды тұндыратын және азот ақуызын анықтауда ақуызы жоқ азотты жояды. Бұл үшін мыстың гидрат оксидi, қорғасынның сірке қышқыл ерiтiндiсi, сульфосалицилдi немесе трихлоруксус қышқылы (ТХУ) қолданылады.
Ақуыздағы азоттың құрамынан жалпы немесе ақуыз азотының, ақуызға немесе шикi протеинге ауысуынан эмпирикалық коэффициентi есептелiнген. Көбнесе өсімдік ақуызының құрамында 16  масса азот бар екенi анықталған, сондықтан жалпы азоттың ақуызға ауысу коэффициентi 16,25 тең. Осы коэффициент микробиологиялық өндiрiстегі шикi протеиндi анықтауға және есептеуге қабылданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет