1.3 Әсер ету топтық әдістерінің әлеуметтік педагогикалық және психологиялық сипаттамалары және жұмыс істеуде ерекшеліктері
Адамды тәрбиелеу – оның тұлғасын қалыптастыруға әсерін тигізудің белгісі. Топта тұлғааралық өзара әрекеттер әрбір жеке тұлғаның және топтың дамуы, тәрбиеленуі, оқыту нәтижесін белгілі бір жоғарылатады. Тәрбиелеу мен оқыту мәселесіне әлеуметтік-психологиялық жақындаудың спецификасы тұлғааралық белсенділіктің позитивті потенциалына әсер етуге ұмтылумен қорытындыланады.
Жастық дағдарысты уайымдау өзінің «менінің» мазмұнында ешқандай өзіндік жоқ екенін, тек сыртқы мәдениетті өзіндік ететін көрінумен байланысты; өзінің өмірінің өзіндік мәні жоқ, тек қоршағандардың мәні бар. Сонымен, өнегелі анықтауда, өмір мақсаты жүйесіне бағытталған жастар қажеттілігінің өзектілігі туралы қорытындыға келеміз. Әлеуметтену және маманданған жұмыс, бейімделу дағдарыстан өтумен сәйкес келеді. Және практик психологтың тапсырмасы – индивидуалдылықтың тууына көмектеседі. Ал ол үшін осы кезеңде өсудің негізгі аспектілерін білу қажет. Қазіргі кездегі психология белгілі бір тапсырмаларды орындау ретінде жастық сатысының дамуын қарастырады. Бұл концепция жастық сатысы мен фазасы туралы оқытуға ауысады. Жастық жаста даму тапсырмасының келесісін көрсетіп өтті.
1) Өзінің денесін эффективті қолданып, сыртқы бейнесін қабылдау: оның ерекшелігін түсініп, күнделікті өмірде, жұмыста, спорттық сабақта басқарылуы, сондай-ақ дене қажеттілігін ескеріп түсіну.
2) Әйел және еркек рөлін ұғыну: жыныстық әрекетінің құрылымы мен өзінің рөлінің бейнесін индивидуалды таңдау.
3) Екі жыныстың құрдастарымен жаңа ересектік қатынас орнату.
4) Мамандық карьераға дайындық: мамандықты игеруге бағытталған оқытулар.
5) Ата-ана және үлкендерден тәуелділік.
6) Некеге, отбасы өміріне дайындық: әріптес және жанұямен байланысты тапсырмаларды орындау үшін қажетті әлеуметтік дайындық пен білім алу.
7) Әлеуметтік жауапкершілікті әрекетті қалыптастыру. Қоғам үшін пайдалы қызметке қатысуға дайындау және саяси, қоғамдық жауапкершілігін ұғынуға үйрету.
8) Бағалы, этикалық бағыттары жеке әрекетінің жүйесін құрастыру: қоршаған мәдениет іс-әрекет жетекшісі ретінде бағалылардың өзіндік құрылымын қалыптастыру.
Белсенділіктің үш түрі немесе бағыттары бар: әлемді және өзін тану; қоршаған әлемді бағалай білу; өзінің және әлемнің өзгеруі. Белсенділікті қоздыратын факторларға жататыны:
1) танымдық және мамандық қызығушылықтар немесе тануда жеке қызығушылық;
2) іс-әрекеттің шығармашылық сипаты;
3) состязательность;
4) сабақты жүргізуде ойынның мәні, динамика және драматизация;
5) әртүрлі факторларға эмоционалды әсерлер.
Белсенді топтық әдісін оқу немесе топта коммуникация процестерін белсендіру тәсілі деп атауға болады. Ол қойылған тапсырмалардың мазмұнына тәуелсіз. Мұндай тапсырмалар оқу-танымдық, шығармашылық, психокоррекциялық болуы мүмкін. Белсенді топтық әдістерді келесі үлгі бойынша шартты түрде жүйелеуге болады:
1) дискуссиялық әдіс;
2) ойын әдісі;
3) сензитивті тренинг.
Осы әдістерге сипаттама беріп өтейін [27, с. 103].
Достарыңызбен бөлісу: |