Бґлім І жеткіншек жастаєы оќушылардыѕ психикалыќ дамуыныѕ жалпы психологиялыќ негізі



бет4/18
Дата31.08.2023
өлшемі438.5 Kb.
#476369
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Ерте жастағы девиантты мінезі

Жұмыстың құрылымы және көлемі: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады


І ЖЕТКІНШЕКТІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ПРОЦЕСІНДЕГІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚЫНДА АУЫТҚУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


1.1 Әлеуметтенудің феномендері, механизмдері және бағыттары

Тұлғаның әлеуметтену процесі жайында қоғамның дамуының түрлі этаптарында көптеген ғалымдар қарастырып өтті. Олардың ішінде З.Фрейд, Ж.Пиаже, Б.Ананьев, Б.П.Парыгин, С.Л.Рубинштейн, К.А.Абульханова – Славская, И.С.Кон, Д.И.Фельдштейн, Н.В.Дельин, М.П.Дубинина, А.Ф.Помес. Олардың әрқайсысы өздерінің концепциясына сай «әлеуметтену» түсінігіне түрлі анықтамалар беріп өткен. Педагогикалық және психологиялық сөздікте келесі анықтама берілген: «Әлеуметтену – бұл эволюциялық процесс. Ол субъектінің әлеуметтік тәжірибені қайта жасау мен меңгерудің қорытындысында бағдарлармен байланысты, яғни субъектінің өзі индивидуалды іс-әрекетте, коммуникация факторында өзі жүзеге асырады».


Жай сөзбен айтқанда, әлеуметтену – бұл индивид әрекет үлгісіне, әлеуметтік нормалар мен бағалыларды түсіну процесі. Әлеуметтену процесінде индивидтің қоршағандарының барлығы қатысады: отбасы, көршілер, бала бақша, балабақшада гі құрдастары, көптеген ақпараттар және т.б. Д.Смензер бойынша әлеуметтену үшін үш фактордың әрекеті қажет: күту, әрекеттің өзгеруі және осы күтулерге сәйкес ұмтылыстар. Оның ойынша тұлғаның қалыптасу процесі 3 түрлі сатыда болады:

  • үлкендердің әрекетіне балалардың еліктеуі мен соны қайталау сатысы;

  • ойын сатысы, егер балалар жүріс-тұрысты рөлдердің орындалуы ретінде екенін түсінген жағдайда;

  • топтық ойындар сатысы.

«Әлеуметтену» түсінігі «тәрбие», «оқу», «тұлға дамуы» түсініктерімен байланысты.
Күтпеген жердегі әлеуметтік әсер ету кез келген әлеуметтік жағдайда екі немесе одан да көп индивидтер өзара әрекеттескенде орын болады. Мысалы, үлкендердің өздерінің мәселесі жайындағы әңгімелер балаға жеткілікті түрде қатты әсер етеді, бірақ мұны тәрбиелеу процесі деп айтуға жеткіліксіз.
Жүйке аурулары (невроз) отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Мәселен, кей бала лар әке-шеше тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған балабақшада гі өз сыныбындағы жеткіншектерді ң, педагог дердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжулер болса, осындай жағдайлар ауруларына шалдықтырып, баланы ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсіреді. әке-шеше тарапынан, балабақша қабырғасынан жылылық сезінбеген бала өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп, уайымға шалдығады, кей жеткіншектерді ң ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді. [3,9-15б.,]
Мінез-қүлқында қиыншылығы бар дайындық тобының балаларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады: біріншісі – тән кемтарлығы және жан жарақаты бар бала лар; екіншісі - отбасында, балабақшада тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған бала лар.
Қиын жеткіншектердің өскен ортасын, яғни отбасының жай-күйін талдағанда, кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Тағы да бір қолайсыз жағдай: бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі.
Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы мүмкін, яғни отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды.
Баланың әлеуметтенуінің элементтерін З.Фрейд көрсетіп өткен. Фрейд бойынша тұлға 3 элементтен тұрады: «ид» - қанағаттануға ұмтылуға түрткі болатын энергияның шығу тегі; «эго» - тұлғаның бақылауын шынайы принцип негізіне орындайтын және «супер эго», немесе өнегелі бағалы элемент.
Әлеуметтенуді З.Фрейд тұлғаның үш құрастырушы элементтің нәтижесінде болады деп айтқан. Бұл процесте Фрейд 4 сатыны көрсетеді, олардың әрқайсысы эрогенді зонадағы дененің белгілі бір бөліктерімен байланысты: оральды, анальды, фамиалық және жыныстық кемелденген фаза
Жеткеншек жастағы мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін психологтар отбасында дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтап, оларды бірнеше түрге бөліп қарастырады: отбасының әлеуметтік, экономикалық жағдайы; баланың рухани дамуына ата-ананың немқұрайлы қарауы; қараусыз бала, қамқорлықтың жеткіліксіздігі; шектен тыс қамқорлық т.б. Мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен бала ешқандай күш жұмсамай көзге түскісі келіп тұрады. Олар өздігінен ешнәрсеге қол жеткізе алмайды (отбасының еркесі). Үлкендердің эмоциялық қақпайлауы салдарынан кінәмшілдік, өзін қажетсіз санау сезімдері қалыптасады («золушка» - «өгей қыз»). Адамгершілік, жауапкершіліктің шектен тыс жоғары болуы баланы балалық қуанышынан айырып, бойында уайымшылдықтың тууына әкеледі. [11,8б.,]
Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, балабақшада гі оқу тәрбие жүмысындағы кемшіліктермен сипатталады.
Педагог пен бала арасындағы қарым-қатынас баланың ата-анасына және баланың құрбыларына қарым-қатынасын анықтай бастайды. Б.Г.Божович, И.С.Славина бұны эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен.
Д.Б.Эльконин педагог пен балалардың арасындағы қарым-қатынаста бала лар өте байқампаз болып келетінін айтады. Егер бала педагогтің топта басқаларға қарағанда өзіне жақын тартатын баласы бар екенін байқаса, онда педагогтің бала алдында беделі жоғалады. Алғашқы кезеңде балалар педагогтің айтқанымен жүреді, яғни педагогтің айтқаны олар үшін - заң. Егер де жеткіншектердің бәріне бірдей көзқараста болмаса, баланың педагогке деген оң пікірі іштей бұзыла бастайды. педагогтің өзгелерден өзіне жақын тартатын бала сы басқалардан өзін жоғары ұстайды да, соның нәтижесінде «сөз тасығыш» балалар пайда болады. Бала балабақшада өзін жақсы сезінсе, онда үйде де, құрбыларымен де қарым-қатынасы ойдағыдай болады.
Бүгінгі таңда әрбір жас адамның жеке тұлга ретінде калыпасуы үшін адамға берілген мүмкіндіктерді толық пайдалана алу үшін әрбір адамның психикалық даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған орай балабақшада гі мінез - құлқында қиындығы бар бала лармен арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Үлкендер балалармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтындықтан, ата-аналардың тәжірибесінің жетіспеуінен.балада елестетудің, қиялдау процестерінің жеткіліксіз дамуынан мінез-қүлқының калыптасуында қиындыктар пайда болады. [10,10-14 б.,]
Егерде зерттелу нәтижесінде мінез-кұлқында киындығы бар бала лармен белгілі бағытта жұмыстар жүргізсе, баланың психикалық даму деңгейі калыпты болады.
Көбінесе баланың мінез-кұлқының дұрыс қалыптаспауы отбасына байланысты. Отбасында дұрыс тәрбие бермеуден баланың мінезі қиындай түседі. Бұл - отбасы кемшілігі.
Көптеген ғалымдардың пікірінше бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 жасында әсіресе ұл балаларда байқалады делінген. Мінез-құлқы қиын бала лар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын жеткіншек жастағы сынып бала лары толықтырып отыратын көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік-Педагогикалық және психологиялық дезадантацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына мінез-құлық бұзылуының клиникалық және кримонологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады.
Мінез-құлқында ауытқулары бар балалар Педагогикалық және психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Выготский Л.С. (1928ж) еңбектерінде талқыланды, сондай –ақ Макаренко А.С. тәжірибелерінен де ұлкен орын алды. Бұл мәсленің ары қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.
Баланың жеке қасиеттерінің психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген балабақша пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.
Мысалы, бұл тұрғыда Әль-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, бала да ең алдымен өсіп өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен роль атқарады. Ана құрсағында-ақ тән сүйегі, біртіндеп дән, иіс айыратын түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлы не ақ ниетті болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады.
Жеткіншек жас кезеңіндегі баланың жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай – осы жөнінен де алып қарауға болады. Мінез құлқы қиын бала лар көбінесе ашуланшақ болып келеді. Баланы үй іші көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда «жақсы», «өте жақсы» деген баға алса, жұрттың көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды. [14]
Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бүл құрылымдар бұрынғы педагогикалық және психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір- бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылык орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарга ұшырайды: болашақта кім болатынын, омірде орындайтын әлеуметтік рөлін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді. [7,10-14 б.,]
Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым- қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мүндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.
Жеткіншектердің дене мүшелердің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінін ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің бір келкі дамымауы салдарынан жсткіншекте «өзін жарым-жан сезінуі деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.
Жеткіншек жас кезеңіндс балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс гармондарының тітіркендіруіне әсерленгіш. (Сондықтан жеткіншектер көп мәселелердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады). [9,10-14 б.,]
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар:осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едәуір орын алады.
Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, балабақша
Педагогтаріы, сынып жетекшісі, басқа да жеткінішектің, айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді. .
Жеткіншек жастың ерекшеліктері: барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі; үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы; үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескел мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі. [9,11-15 б.,]
Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. (Олар: Балалардың оқудан баска айналысатын шаруасының болмауы. Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі.
Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары пайда бола бастады (Блонский П.П.). Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерге нақты орын алып отыр.
Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.
Мінез құлқы қиын балалармен жұмыс істеу барысында олардың Педагогикалық және психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек.
Конформдық түрге жататын балаларға қайырымдылық, жақсылық жасалынатын қатынастар, олардың адалдық және ынталылылықтарын мадақтап, дем беретін қолайлы орта болуы қажет.
Мазасыз түрге жатататын балалар тыныш, қайырымды жағдайды қажетсінеді. Мұндай балалардың денсаулығына қатты көңіл бөлінгені абзал.
Педагогтар мен тәрбиешілер, әсіресе, интровертивті түрге жататын балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алуы шарт, олардың ақыл-ой функцияларын дамытуға әрекеттенуі, бұл балалармен адамгершілік және әлеуметтік мөлшерді меңгертуге қабілеттендіру, өз құрбы-құрдастарымен өзара қатынастарын «жақсартуға» көмек қолын тигізуі керек.
Инфантильді түрге жататын балалардың тұрақты оқуға деген қызығушылығын, мультивациясы мен дағдысын кеңейту, белсенді ойлау әрекеттері мен ойын әрекеттеріне еліктіру, қызығушылықтарын арттыру, дербестікке ынталандыруды қалыптастыру қажет.
Өзін-өзі бағалау ең алдымен жеке тұлғаның әрекеті арқылы қалыптасады. Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдар береді. Өзіне деген сенімі өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналасындағы адамдар балаға үнемі дұрыс қарым-қатынас жасаса, онда ол өзін осы сыйластықққа лайық екенмін деп санайды, ал егер керісінше оның жасаған істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрсып, жаратпай жатса, оған өзіме лайық емеспін дегеннен басқа түк қалмайды және бұл жағдайды баланың реакциясы әртүрлі (апатия, синизм (шектен шыққан арсыздық),агрессия және т.б.) болады. [10,13-14 б.,]
Қазіргі зерттеулерге қарағанда тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиа баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтықққа соқтырады. Міне, тәртіп бүзу содан паида болады. Тәртіп бүзушылқтың салдарының негізгі-сабаққа үлгере алмаушылқ. Кейбір бала қатар – құрбыларынан сабақта артта қалып қойып тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл мінез көбінесе менменсуден, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады. Бірақ осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдет деп, барлық себепті содан іздестіруге болмайды. Өйткені тәртіп бұзу баланың тек өзіне байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, айталық әке-шеше бірлігінің жоқтығына жәнебаласына қойған талаптың әр түрлі болып келуіне байланысты.
Бала үнемі жақсы педагогикалық және психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сезімі туады. Мұндай «мен» бейнесі кез-келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.қайта тәрбиелеу процесін ұйымдастырғанда, жеткіншектердің педагогикалық және психологиялық ерекшеліктерін педагогтер білулері қажет. Себебі, қандай бір педагогикалық және психологиялық ықпалдар жасалмасын, олар баланың ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс. бала ның ішкі позициясы жеке адамның дербес қасиеті болып саналады. [12,20-24 б.,]
Совет психологы С.Л.Рубинштейннің «детерминизмді» түсіну заңына талдау беріп, сыртқы себептері ішкі жағдайдың тікелей қатысуымен шешіледі» – деуі ден қоярлық. Өйткені, жеке адамның ішкі жағдайы сыртқы әсерлерге таңдамалы түрде қарайтындығымен айқындалмақ. Сондықтан, қайта тәрбиелеу процесінің нәтижелігі педагогикалық және психологиялық ықпалдардың жеке адамның ішкі жағдайларына байланысты жоспарлы, мақсатты түрде ұйымдастырылуы арқылы шешілмек.
Ол үшін, қиын жеткіншектерді ң дара ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажет. Осы мәселе төңірегінде белгілі совет психологі к.к.платоновтың көзқарасына жүгінсек, «жеке адамның педагогикалық және психологиялық құрылысы төрт бірліктен тұрады екен.
Олардың біріншісі – жеке адамның темперамент, жыныс және жас өзгешеліктері / физиологиялық ерекшеліктері ;
екіншісі – адам дамуындағы педагогикалық және психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері: ес, ерік, түйсіну, эмоция, қабылдау және ойлау т.б. Қабілеттері /биологиялық ерекшеліктері / болмақ.
Үшіншісі – баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі;
ал, төртіншісі – жеке адамның жалпы бағыт-бағдары мен адамгершілік қадір-қасиеттерінің бірлігі мен тұрмақ1. [13,11-14 б.,]
Жеткіншек-бұл сананың өзіне бағытталу кезеңі, өзін тану Педагогикалық және психологиялық құнды құрылым ретінде өзіндік жетілуге жағдай жасайды. "Қиын" балалықты біршама диагностикалаудың құнды ойларын Л.С.Выготский жасаған болатын. Ол баланың дамуындағы сапалы жылжулар идеясын, жаңа құрылымның пайда болуын және даму кезеңінде функция аралық қатынастардың өзгеру идеясын көрсетті.
Жеткіншек жастағы жеткіншектерді ң жеке басын қалыптастыруда үлкен орынды эмоция иеленеді. Оларда жарқын, күшті көңіл күйлер басым болады. Бірақ та кейбір жағдайларда, өзіне маңызды болып саналатын іс-әрекеттер қанағаттандырылмаса, онда балаларда жан-күйзелісті қайғырулар болуы мүмкін.
Мінез-құлқында қиындығы бар балалар үшін жоғары
деңгейдегі эмоционалды қозғыштық тән екендігін байқауға
болады. Мінез-қүлқында айтырлықтай ауытқуы бар жеткіншектерді ң көпшілігінде, өзінің талаптану, тілек-ықыласы, сезіміне деген төзімділігі нашар дамыған, сол себепті көп жағдайларда олар ата-аналарының, Педагог дерінің, үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау-жанжал тудырып жатады. Бүл жастағы балалардың жеке басының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет. Оларға айқайлау, белдікпен ұру, желкеге ұру сияқты «көріністер» керек емес, оларға жан-жақты көмек, адамдық сезімнің жылылығы, шын көңілмен сүю, үғу қажеттірек. Тіпті жай ғана бір мысалды алып көрейікші: егер де гүлді күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң, онда жайқалып өседі. Адамдарға өзінің әсемдігін, түсін береді, ал егер оны қарамасаң, оны күтпесең, таптасаң, ол сарғайып, солып қалады. Міне, бұл қарапайым шындық. Бірақ та осы шындықты сырт көзбен бақылап қарасаңыз көп отбасында үмытылып жатады немесе бұл туралы олардың ойлағысы келмейді. Әрине, мүндай отбасында тәрбиеленіп жатқан баланың психикасы бұзылады яғни мінез-қүлқы бұзыла бастайды. Мәсслен, кей балалар ата-ана. тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өссе, осыған балабақшада гі өз сыныбындағы жеткіншектердің, педагогтардің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжу үстінде болса, ол жүйке ауруларына шалдықтырып, баланың ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсуіне әсер етеді. Екіншіден, сау балалардың адамгершілік қасиеттеріне қандай факторлар жағымды, ал қандай факторлар жағымсыз әсер ететінін анықтап үшін әңгімелер, бақылау, сауалнама жүргізу т.б. әдістер қолданылады.
Жеткіншектердің мінез-құлқына айналасындағылардың
( педагогтардің, тұған тұыстарының, ересек жолдастарының) ықпалы күшті. Бұдан балалар мінез-құлқының бірі еліктегіштікті байқауға болады.
Егер бала жақсы өнеге көрсеткен адамдармен араласса бұл жақсы нәтиже береді. Өкінішке карай, бала жаман қылықтарға да еліктейді. педагог балалардың бұл ерекшеліктерін пайдаланып отырса, оларға тиісті ықпал жасай алады..
Қазақстанда отбасы тәрбиесі мәселесімен шүғылданып жүрген ғалымдар: Г.А.Уманов,Ж.Қоянбаев бұл авторлар отбасы тәрбие проблемасын әр қырынан қарастырған. Ата-ананың міндеттері, балабақша пен жүртшылық байланыс мәселелері және отбасы тәрбиесіне нұқсан келтірген. [14,5-14 б.,]
Оның сапасы бірнеше деңгейлер, салалар арқылы
анықталады.Әлеуметтік -мәдени деңгейі ата-аналардың мәдени
деңгейі мен қоғам оміріне қатысуына, әлеуметтік экономикалық
деңгейі түрмыстық жағдайға, ата-аналардың жүмыс бастылығына;
техникалық-гигенакалық деңгейі үйінің жабдықталуына, өмір сүру ерекшеліктеріне; демократиялық деңгейі отбасы құрылымына байланысты. Бала дамуының қай бағыты, қай жағынан алсақ та, ең басты ролді отбасы атқаратын анық.
Отбасылық тәрбиенің басты міндеттері:
-бала денсаулығына қамқорлық -оқуына көмек, жетекшілік;
-еңбек тәрбиесі, мамандық тандауға көмек;
-жеке түлғаны әлеуметтендірудегі көмек;
-адамгершілікке тәрбиелеу;
-ақыл-ойына және жалпы мәдени дамуына ықпал;
-шығармашылық икемділіктері мен қызығуын дамыту.
Көптеген психологтар мен соцологтар әлеуметтену процесі адамның өмір сүру барысында жалғаса беретінін көрсетеді. Ал бұл дегеніміз адам өмір сүру барысында әлеуметтік қатынасқа түседі, және мұның арқасында оның психикасында өзгерістер болуы мүмкін. Алайда «психиканың дамуы» және «әлеуметтену» түсініктері ұқсас емес.
Әлеуметтену дегеніміз психиканың өзгеруі мен тұлғаның қалыптасуы. Психика дамуының әлеуметтік процестерге қатысы болғанымен, тұлға дамуы тек әлеуметтенуге ғана ұқсас емес. Мұндай дамулар кем дегенде екі процестің көмегімен жасалынады.
• Әлеуметтену
• Тұлғаның өзінің дамуы.
Баланың ата-анасы әлеуметтенгендіктен, индивидке әсер етуден әлеуметтену басталады, ал бала алғашқыда тек биологиялық болмыс ретінде әсер етсе, кейін ол үлкендермен әрекеттесе алуға икемделіп және кейін өзіндегі іс-әрекетіндегі әлеуметтік тәжірибесін қайталау. [16,17-24 б.,]
Тұлға дами отырып басқа адамға әсер ете алатындай әлеуметтік қатынастағы субъект ретінде қалыптасады, бірақ рефлексияның, сананың биологиялық күшіне адам өзін әлеуметтік объект ретінде әсер етеді. Мұндай әсерлер әлеуметтену болып саналмайды, бірақ тұлғаның дамуына негіз бола алады.
Тұлғаның әлеуметтену құрылымын қарастырайық:
Тұлғаның әлеуметтену құрылымын анықтау екі аспектідегі анализден тұрады: статикалық және динамикалық әлеуметтенудің статикалық және динамикалық құрылымын сәйкесінше шартты түрде белгілеуге болады. Сонымен қатар олардың жеке ішкі өзгерістерінің түрлі дәрежелері ескерілмейді. Осыларға ең алдымен тұлға мен қоғамды жатқызу керек, сондай-ақ сол әлеуметтік білімдер олардың өзара қарым-қатынас жасау процесіне икемдейтіндерді де.
«Тұлға» түсінігі адамдағы әлеуметтік белгілерді, яғни бір жағынан табиғат бөлігі, екінші жағынан индивид болып келетін белгілерді көрсетеді. Бұл оның қоғамдық болмысы, ол тек қоғаммен бірге немесе тек оның негізінде дамиды. Әлеуметтену процесін анықтаушы факторы микроорта - өмір сүруде тұлғаға тікелей өзара әрекеттесетін әлеуметтік-политикалық, идеологиялық, политикалық, экономикалық факторлардың бірігуін көрсететін объективті шынайылық.
Тұлғаның әлеуметтенуінің статикалық құрылымы қоғамның даму кезеңіне қатысты анализге нақты жақындауға мүмкіндік береді. Алайда, жоғарыда аталған статикалық құрылымның элементтері дамудың өзгерістің үнемі анықтаулары болмайды. Сондықтан тұлғаның әлеуметтенуінің статикалық құрылымының негізгі элементтердің анализі олардың қозғалысы, өзгерістері, өзара әректтесуі бұл процестің динамикалық құрылымын зерттеуге алып келеді. Динамикалық құрылым статикалық құрылымның элементтерінің өзгерістерін мойындауына негізделеді.
Әлеуметтену үш топқа бөлуге болатын көп факторлар арқылы жасалады (№1 кесте): [18. 25 б.].
Осылайша әлеуметтену түсінігіне тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту түсініктері кіреді. Алайда әлеуметтенудің бағыттары, механизмдері және феномендері бар.

Таблица №1. Тұлғаны әлеуметтендіретін факторлар


Отбасы
Микроқоғам
Тәрбиелеу институттары
Религиоздық ұйымдар


Түр
Этнос
Тұрғылықты жері
Аудандық шарттар
Ақпарат құралдары


Мәдениет
Елді мекен
Мемлекет
Қоғам
Әлеуметтік-Педагогикалық және психологиялық зерттеулерде қалыпты әрекеттерді көлемді жоспарда қарастыру керек, адамның жеке әрекеттерін ғана емес, сонымен қатар жасалған әрекеттің әлеуметтік ортасын да таңдау қажет. Әрекетті талдау кезінде тұлға әлеуметтену кезінде төрт ортада болатынын ескеру қажет.

  • қалыпты жүріс тұрыс;

  • әлеуметтік-Педагогикалық және психологиялық адаптация;

  • ауытқушылық қылық;

  • дұрыс емес қылықтар.

Қалыпты әрекет өрісі тұлғаның қалыптасу немесе қалыптаспауы. Ереже, Кодекс, Заң және т.б. немесе салт-дәстүрге байланысты әдеттер түрінде көрінетін формалар арқылы көрінетіндер арқылы анықталған. Бұл өрісте тұлғаның даму процесі дисциплинарлық, заңдық, этикалық, мүмкін болатын технологиялық қалыптармен танысады және оларды орындауға міндетті қалыпты әрекет түсінігі анықталмағандықтан, әрекетті бағалау әрекет түрлеріне және шекарасы мен қалыпты әрекет түрлері бірқалыпты болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет