Отбасылық тәрбие арасындағы айырмашылықты немесе олардың маңыздылығын қарастырайық.
Э. Фромм көзқарасы бойынша, ана мен салыстырғанда әке махаббаты «талапшыл», бала оны жеңіп алатын қандай да бір шарттылық болып табылады. Әке махаббаты туа берілмейді, ол бала өмірінің алғашқы жылдарыныда қалыптаса бастайды. Әке махаббатына ие болу үшін бала белгілі бір әлеуметтік талаптарға және қабілеттеріне, жетістіктеріне және табыстылығына байланысты әке үмітіне сәйкес болуы қажет. Әке махаббаты жақсы мінез-құлық және қандай да бір жетістіктер үшін марапаттау түрінде болады. Бала әкесі үшін ұрпақ жалғастырушысы, осыған байланысты әкесі мұрагерін дәстүрлі нормаларға сәйкес тәрбиелеуі қажет. Осылайша, әке әлеуметтік бақылау функциясын орындаумен қатар талаптар, тәртіптерді таратушы болып табылады [14].
А.Адлер пікірінше, тәрбие процесіндегі әкенің рөлі әлеуметтік компетентілікті дамытуға бағытталған белсенділікті мадақтаумен түйінделеді. Егер анасы балаға адам махаббатының жылылығын сезінуіне мүмкіндік берсе, онда әкесі адамдар қоғамына жол сілтейді. Балалар үшін әке дүние, таным, техника туралы таным көзі бола отырып, әлеуметтік пайдалы мақсаттар және мүмкіндіктер, кәсіби бағдар қалыптастыруға негіз болады.
А. Греймс былай деп жазады: «Ана мейірімділігі қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, әке мейірімділігі қайтаруға негіз болады. Тұлға дамуы үшін екеуі де өте қажет».
Қазіргі уақытта балалар тобына әкелер не істеді деген сауалға балардың көпшілігі келесіше жауап береді: «Жұмысқа барады», «Ақша табады», «Анама ұрысады», «Жазалайды».
Шын мәнінде қазіргі кездегі әкелер бала үшін қандай да бір миф, түсініксіз және қол жетпейтін дүние. Ол таңертең үйден ерте шығып кетіп кешке дейін маңызды бір шаруалар атқарумен болады, ал үйге кешке шаршап қайтады. Оның уақыты тек газет-журналдар оқумен, кейде компьютерде отырумен өтеді. Нақтырақ айтатын болсақ әке өмірі баланың назарынан тыс өтіп жатады. Әке- серіктес емес, дос емес қандай да бір жақын объект. «Әкең келгеннен кейін айтамын, тыңдамаған қалай екенін көрсетеді»,- деп көптеген аналар балаларын жиі қорқытады. Осындай бөтендік, бала тәрбиесінен алшақтату, қазіргі «әке мәдениетінің» стереотипі болып табылады.
Психологтар бір жасқа толмаған нәрестелері бар бірқатар жас әкелерге келесі түрдегі саул қойды: «Өз сәбиіңізбен қарым-қатынас жасаған қызық па?», «Сіз онымен қанша уақыт өткізесіз?», «Сіз онымен ойнайсыз ба?», «Қандай ойындар ойнайсыз?». Әкелердің басым көпшілігі келесіше жауап берді: «Ол не түсінет дейсіз! Есейсін, сосын екеуіміз футбол, хоккей ойнаймыз... Әзірше анасы мен әжесі қарай берсін. Бұл еркектің ісі емес» [15].
Алшақтыққа сенімділік жиі жағдайда жеткілікті түсінбеуге, сенімсіздікке, әрі қарайғы жылдардағы қақтығыстарға, тіпті жеткіншектік және ерте жастық кезеңге дейінгі қақтығыстар туындауының негізгі көзі болып табылады. Ерте балалық шақтың алғашқы кезінен жіберіп алған баламен алғашқы қарым-қатынас, күтім, бірлескен серуен, ойындар салдарынан әке мен баланың кейінгі уақыттағы өзара түсіністіктегі қиындықтарынан көрініс табады.
Сәбидің алғашқы күндерінен әкесімен қатынас орнату мәселесі шет ел психологтарымен жан-жақты зерттелуде. Маргарет Родхолм зерттеулерінде әкелер анасының ішін жарып алынған балаларын 15 минут уақыт аралығында қатынас жасау мүмкіндігін алды. Оларға баласын қолдарына көтеріп, олармен сөйлесу, жаңа туған баланың басын, қолын және аяқтарын сипалау ұсынылған. Осылайша, аналар сияқты, баламен ертерек қатынасқа түсу кейінгі өзара әркетке ықпалын тигізді: мұндай әкелер белсенді, бала қажеттіліктеріне көбірек көңіл бөліп, баламен қарым-қатынас барысында көбінесе жағымды эмоцияда болған.
Баланың дүниеге келу барысына қатысқан әкелер көтеріңкі эмоция, мақтаныш сезімдерін басынан кешіріп, баласының өз көз алдында өсуін қадағалап жүрді. Бірқатар зертеулер бойынша, баланы дүниеге келгеннен кейін бірнеше күннен кейін қатынасқа түскен әкелерге қарағанда, кейінірек мұндай әкелер өз балаларына бауыр басып оларға өте мейірімді қатынаста болады. Баланың дүниеге келу процесіне қатысу, ортақ мазасыздану және әйелене жақындық ерлізайыптылар арасындағы ортақтық сезімін күшейтеді, кейде егер анасының басты назары жаңа туған балаға көбірек аударылып кетсе, жоғарыдағы ортақтық әлсірей бастайды. [19,10-14 б.,]
Педагогикалық және психологиялық зерттеулер бойынша, дүниеге келген сәтінен әке қамқорлығын сезінген балалардың физикалық және ақыл-ой даму деңгейі өте жоғары деңгейде болып, дұрыс бағытта қалыптасады.
Сонымен қатар зерттеулер бойынша, әкенің бала күтіміне белсенді қатысуға ұмтылысы, қатынасы, анасының қатынасынан ерекшеленеді. Әке баласының күтімін жасаумен қатар онымен ойнап жүреді, ал анасы тек шомылдыру, тамақтандырумен шектеледі. Әкесінің ойындары анасына қарағанда басқаша түрде болады. Әкелер баланың физикалық дамуына бағытталатын, күш қажет ететін ойындарға бейім: олар балаларын лақтырып, аяғы мен қолдарын қозғалтып, арқасына салып ойнау. Аналар баласымен абайлап қатынас жасайды, нәзік әңгімелеседі, қолына абайлап ұстайды. Қызығы, ерете жастан-ақ сәбилер әкесін көре салысымен оған тартылады және қастарын көтереді: «Әкем осы жерде болса, онда ойнаймыз».
Бір эксперимент барысында балаларға ойын бойынша серік таңдау мүмкіндігі ұсынылды, белгілі болғандай, олар әкелерін таңдады. Мұны әкесінің олармен қозғалысты ойын ойнатуымен түсіндіруге болады. (Бразельтон)
Ерте жастық кезеңде балаларымен тығыз эмоционалды байланыстар орнатқан әкелер, әрі қарай да баласының есеюі барысындағы қажеттіліктер мен қызығушылықтарына сезімтал болады. Жалпы мұндай әкелер оларды тыңдайтын, олардың пікіріне бағдарланатын балаларына көбірек ықпал ете алады. Ұл балалар жылы, жан-жақты қарым-қатынас орнаған әкелеріне ұқсағылары келеді.
Отбасында әкенің бала тәрбиесіне қатыспауы немесе баланың дамуына ешқандай ықпал етпеуі, дұрыс емес ықпал жасау жағдайлары жан-жақты зерттелген. Мұндай жанұяларда рөлдердің инверсиясы байқалады: анасы қатал, беделі жоғары. Анасының басымдылық көрсетуі және әкесінің шеттетілуі нәтижесінде баланың әке-шеше үлгісінің жағымды идентификациясы бұзылады. Әрі қарайғы ұрпақта әкелік үлгінің бұзылған түрінің таралу қауіпі пада болады.
Қалыпты жағдайларда әке баланың жыныстық идентификациясына маңызды ықпал етеді. Ұл бала үшін ерте жастан еліктеу үлгісі болып табылады, яғни жыныстық идентификация қалыптасуына ықпал етеді. [16]
И.С. Кон көрсеткендей, енжар, шеттетілген әкелер өз ұлдарының еркектік қасиеттерінің қалыптасуына елеусіз ықпал етеді; осыдан жиі жағдайда келешекте өз баласының тәрбиесінде қолайсыз айтылатын әкесімен қарым-қатынас тәжірибесінің жетіспеуінен және идентификацияның сабақтастық үлгісінің болмауы баланың және жеткіншектің әкелік сезімдерінің қалыптасуын әлсіретеді [17].
Психиатр Р. Кэмпбэлдің айтуынша, әкенің қыз баланың жыныстық идентификациясына ықпалы жеткіншектік шақта көріне бастайды. Қыз баланың жыныстық идентификациясы өзін әйел жынысының өкілі ретінде сезіну. Дәл осы жаста (13-15) ол болашақ әйел ретінде өзінің маңыздылығын негізінен әкесінің мойындауын алуы қажет. Ол қызының әрекеттері, қабілеттері, сырт келбетін айқын көрсете отырып, қызының өзін-өзі бағалауы позитивті қалыптасуына негіз болады. Әкесіз тәрбиеленетін қыз балаларда, әйел мен еркектің шынайы қатынас үлгісі болмауынан, қарама-қарсы жынысқа шындыққа сәйкес келмейтін қатынас орнауы мүмкін.
Эмоционалды даму сферасында әке рөлінің әлсіздігі немесе жоқтығына байланысты ұл бала мінез-құлқы агрессивті бола бастайды. Оларда айналасындағыларға қатысты шектен тыс жауапкершілік анасына тәуелділікке қарсы әрекет түрінде пайда болады. Осылайша, агрессивтілік баланың ер адамға тән Менін іздестіру көрінісі (Бютнер) [18,11-17б.,].
Әйгілі психолог А.И.Захаровтың пайымдауынша, неврозға шалдыққан балалар әкелерін ұяң, көп сөйлемейтін, тұйық, қарым-қатынаста ұсатамды, көбіне өз пікіріне бағытталған адам деп сипаттайды.
Шапшаң, кездейсоқ әрекеттерге бейім әкелердің ұлдары энурез, кекештік түрінде жиі зардап шегеді.
Әкесінің шектен тыс қаталдығы бала бойында үрейдің пайда болуына жетелейді. (А.И. Захаров)
Осы жерде ата-аналардың баланың Мен қасиетіне ықпалын қарастырып көрейік. Бауыр басу мен қатар жақын адамдарымен өзара- қарым қатынас нәтижесінде Мен бейнесі біртіндеп қалыптаса бастайды. Ересектермен қарым-қатынас- баланың өзі туралы білімдерінің маңызды негізі. Ең алдымен қандай да бір жалпылық және маңыздылықты біле бастайды: ол басқаларға қажет пе немесе қажет емес пе, оны жақсы көреді ме әлде жақсы көрмейді ме. Баланың психикалық дамуы үшін жақын адамдары үшін өзінің маңыздылығын жағымды жақтардан сезінуі өте маңызды. Сәбидің өз-өзіне қарым-қатынасы туғандары және жақындарының оған деген қарым-қатынасын бейнелейді. Ата- ана баласын есімімен мейірімді атап, онымен нәзік сөйлесе отырып оның тұлғасының құнды болып қалыптасуына көңіл бөледі. Балаға бағытталған, мәдени шарттасқан ересектің дәл осындай әрекеттері ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Олар балада жағымды сезімдер қалыптастыруға, басқалар үшін өз маңыздылығын анықтауға көмегін тигізеді. Позитивті эмоционалды сезім әлемге сенімді, ашық көзқарстың негізі [19].
Жанұя тәрбиесі ерекшеліктері және тәрбиенің түрлі типтерін ерекшелеумен көптеген отандық және шет ел психологтары айналысты (Д. Браумрид, А.Е. Личко, Э.Г. Эйдемиллер, В. Юстицкий, А.Я. Варга және т.б). Жанұяда тәрбиелеу процесінің маңызды компонеттерінің бірі ата-ана- бала өзара іс-әрекетінің әрекеттік жағы маңызды болып табылады.
Бала- әке-шеше өзара әрекеттерінің жүзеге асуы тек әке-шеше емес, сонымен қатар ата-анаға қатысты баланың да белсенді әрекетті позициясынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |