1.2 Жеткіншек жаста тұлға дамуындағы мінез-құлқында ауытқулары бар балалардің әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы
Жеткіншек жасқа ауысу баланың тұлғалық дамуына әсер ететін шарттардың терең өзгеруімен сипатталады. Олар жеткіншектерде үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасына, организм физиологиясына танымдық процестерінің дамуы, интеллект, қабілеттер деңгейіне әсер етеді.
Жеткіншектік – бұл балалық жастардың ішіндегі ең күрделісі және қиыны. Сонымен қатар бұл жерде өнегеліліктің негізі жинақталғандықтан, қоғамға деген қатынасы қалыптасатындықтан аса жауапты кезең. Сондай-ақ бұл жаста мінез бен тұлғааралық әрекеттің негізгі формалары тұрақталады. Бұл жас кезеңінің маңызды мотивациялы сызықтары тұлға жасауда белсенді ұмтылыстармен байланысты, бұл дегеніміз - өзін-өзі тану, өзін көрсету.
Бұл кезеңде даму, шынымен де тез темп арқылы болады. Әсіресе, тұлға қалыптасуында көптеген өзгерістер байқалады. Жеткіншектің негізгі ерекшелігі – тұлғалық тұрақсыздық қарама-қарсы белгілер, ұмтылыстар, тенденциялары өсіп жатқан баланың әрекеті мен мінезінің қарама-қарсылығын анықтай отырып бір-бірімен күресіп жатады.
Дайындық тобының балалардың іс-әрекеті оқумен байланысты, және психикалық дамудағы өзгерістері де оқумен байланысты болса, жеткіншектердің негізгі рөлі қоршағандармен өзара қатынас жүйесін орнатумен байланысты болады. Нақ осы өзара қатынас жүйесі оның психикалық дамуына бағыттылығын анықтайды. Тұлғаның дамуының өзіндік ерекшелігінің негізіне үлкендермен, жолдастарымен, олардың арасында жаңа орынды икемдей отырып, негізгі қызметтерін орындай отырып, қатынас орнатудың жаңа жүйесі кіреді.
Жеткіншектік жасты үлкендерден өз мүлкін алу кезеңі ретінде қарастырады, алайда қазіргі зерттеулер көрсеткіші бойынша жеткіншектің үлкенге деген қатынасы амбивалентті және күрделі. Үлкендерге қарсы тұруы анық көрсетілген.
Педагог пен бала арасындағы қарым-қатынаста педагогтің негізгі жүмыс бағыттары:
1.Окушының жеке дамуын бақылау оның еркін дамып, қабілеттерінің ашылуына, мінез-қүлқының қалыптасуына тиімді жағдай жасау баланың ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.
2.Жеткіншектерді қоғамдық құндық қатынастарға жетелейтін әрекеттің барлық түрлерін (жеке-дара, топтық, үжымдық) ұйымдастыру.
3.Жеткіншектердің еркіндіктері мен қүқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау топта оқу-тәрбие жүмысын үйымдастыру.
Алдымен мінез-құлқында қиындығы бар жеткіншектердің дара ерекшеліктерін жан-жақты қарастыруымыз керек. Мысалы, белгілі психолог К.К.Платоновтың көзқарасы бойынша «жеке адамның педагогикалық және психологиялық құрылымы» төрт бөліктен түрады:
Біріншіден, оның темперамент, жыныс, жас өзгешеліктері, яғни биологиялық қасиеттері;
Екіншіден, оның даму барысының дербес ерекшеліктері, яғни ес ерлікк, түйсіну, эмоция, қабылдау және ойлау т.б. қасиеттері жатады;
Үшінші, баланың әлеуметтік тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі;
Төртінші, оның жалпы адамгершілік қасиеттері- жеке адамның бағыттылығы.
педагогтің негізгі міндеті бала бойындағы қиындықтарды анықтап, оларды түзету жолдарын дұрыс ұйымдастыра білу. Егер де, Педагог өз жүмысына немқұрайлы қараса жеткіншектерді ң келесі қиындықтарды байқауға болады:
1.Баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасының бүзылуы .
2.Ерке балалар. Бұндай бала лар көбінесе барлық жағдайы жасалған, үйдің жалғыз балаларында кездеседі.
3.Жағдай толық жасалмаған. Психикасының дамуында
ауытқулар бар балалалар, осының салдарынан сабаққа үлгермеушілік пайда болады.
4.Отбасы жағдайы мүлдем нашар, яғни бала тәрбиесіне кері әсер етушілік маскүнем, бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін т.б. Е.Волкова, Гаспаровалар [15] мінез-құлқында қиындығы бар жеткіншектерді мынадай топтарға бөледі:
а)сезім әрекетіне бой алдырғыш (эмоционалды) балалар (жьшауық, кекшіл т.б.);
б)агрессивті;
в)қыңыр, қырсық;
г)ұялшақ;
е) тынымсыз, белсенді бала.
Бала тәрбиесінде отбасында дұрыс тәрбие бермеудің 4 жолы бар:
1.Қабылдамау
2. Гиперсоциалды
3. Қорқақ-секемшіл
4.Эгоорталықты
Қабылдамау - егер ата-анада балаға деген сүйіспеншілік, жылу болмаса. бала мұндай әсерді қабылдай алмайды. Қабылдамау әйел жүкті болған кезде баланың дүниеге келуіне карсы болғаннан пайда болады. Қабылдамаудан бала кез келген нәрсеге тітіркенгіш болып келеді.
Гиперсоциалды — мұндай ата-аналар -«дұрыс» ата-аналар. әке-шеше баласын сағатпен тамақтандырып, ойнағысы келсе ойнатып, ұйыктағысы келсе ұйықтатады. «Амандасуды» қинап айтқызады. Мұндай ата-анаға балабақшада баласын мақтаған ұнайды, баласы туралы кемшілік айтса, намыстанып кетеді. Олар талапты орындағыш келеді. Гиперсоциалды бала робот, автомат сияқты өмір сүреді.
Қорқақ-секемшіл - бұл жолмен тәрбиелейтін ата-аналардың баласы шамалы ауырса, оны үйден шығармай, жанұясымен соның бетіне қарап, жағдайын жасап, баланың ойын алдын-ала ауруға дайындайды. Нәтижесінде бала жиі-жиі өзіне «Мен ауырып калмаймын ба?» «Мен өліп қалмаймын ба?» деген сұрақтар қояды. Баланы тым қадағалау нәтижесінен, талапты шамадан тыс қоюдан, балада, керісінше, қорқак-секемшіл мінез қалыптасып, кез келген нәрсеге қоркынышпен карайды. Құрдастарымен ойнай алмайды, өкпелегіш, өзіне сенімсіз болады.
Эгоорталық - бұлай тәрбиеленген балалардың болашақ қарым-қатынасында отбасының жауапкершілік денгейі жогары болады. Баланың ортаға деген көзкарасы төмен болатындығы байқалады. Ата-анасы барлық уакытта оның айтқанын істеу керек, үнемі көңіл бөліп отыруы керек, «болмайды», «жоқ» дегенді түсінбейді. Күтуге шыдамы жоқ, тез ашуланшақ. Мұндай балалар тұрақсыз, қыңыр, қырсық, тіл алмайтын болып тәрбиеленеді. [20,30-34 б.,]
Міне, осылай дұрыс тәрбиелемеуден баланың мінез-кұлкы қиын болып қалыптасады. Сондыктан әрбір отбасы дұрыс тарбие бермеуден алшақ болғаны дұрыс. Ал, әрбір балабақша психологтары жас ерекшелігіне сәйкес мінез-құлқында киындығы бар Дайындық тобының балаларды анықтап, арнайы бағыттар бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізсе, ата-аналармен тұрақты байланыста болса, болашақта қоғамның әрбір азаматы осындай «қиын бала» қатарынан көрінбейтіндігіне сенімдіміз.
Жеткіншектердегі жаңа бағыттағы қалыптасулар, қарым-қатынас деңгейінің өсуіне байланысты өзіндік сананың өсуі, ата-анамен, үлкендермен, құрдастармен қатынастарын күрделендіреді. Жеткіншектің дамудағы өзіндік сана біршама тұрақты өзіндік бағалауға және анықталған талаптану деңгейіне әкеледі, әрі кө птеген әртүрлі іс-әрекеттерге қатысатындығы белгілі, алайда іс-әрекет сипаты тұтастай реттелмейді. Бүл жастың ішкі қарама-қайшьлык аумағы және баланың үлкендерге қарсы сипаттағы өзара әрекеттері жеткіншектерге қатты әсер етеді. "Өтпелі кезең", - деп жазды Л.С.Выготский. Жәбірленушінің сыртқы әрекетінің жоғарғы дәрежесі, сол сиякты ішкі конституциялы нышандары және соған дейін жасырын жағдайда болып келген бейімділіктері мінез-қүлық шарттарынын жиынтығын ұсынады.
Жеткіншек үшін барынша тезірек ересек адамның статусын жаулап алуға тырысу өз бетінше тез тәуелсіздікке жету жағдайы ерекше болады. Өзінің даму кезеңін басынан кешіріп жүрген балалардың көп бөлігінде мінез-құлықтың 2 түрі қалыптасады. Бірінші типтегі жеткіншектерде өзінің жеке позициясын сақтау үшін қоршаған ортамен өзара әрекетін өзгертуге тырысады, мәселен, олардағы негативизмді, қырсық мінезді, қарсыласуды және шектен шығу сияқты сапаларды айтуға болады. Екінші типтегі жеткіншектер микроортаның кері әсерімен ерекшелінеді, себебі, қоршаган ортамен мінез-құлықтық қатынас эталоны әлі қалыптаспайды. Осының нәтижесінде өзіне, басқаларға деген қатынастарда сарапшыл емес, өзара қарым-қатынастың жағымсыз жағын норма ретінде қабылдайды. Нәтижесінде мінез-құлыктық бағдардың қалыптаспауынан жеткіншектер өзіндік даму сипатын өзгертуге тырысады, алайда мінез-құлықтық бағдардың жеткіліксіз даму себебінен мақсатқа жетудің адекватты құралын таба алмайды. Сондықтан олардың динамикалық тенденциялары негізінен мазмұнды, мағыналылығынан басым болады. [21,10-14 б.,]
Жеткіншектердің бейімділігі немесе соларға тән мінез-құлықта мағына құрастыру процесінің мотивтермен байланысы, коғамдық жағымды мақсаттары мен жеткіншектің әлеуметтік мәнді мінез-кұлықтық идеологияларының арасындағы арақатынастардың бұзылуына әкеледі. Біздің заманымыздың негізгі бір белгісі - "адамтануға" тереңдеу, адам проблемасын козғау, онын психологиясын жаңа замандағы ғылымның алдыңғы жоспарына қою. Жеткіншек кезеңде мінездің кейбір бітістері өмір тәжірибесімен үйлеспейді, оның қалыптасуын қоғамдық дамумен үйлестіріп, сауатты басқару үшін әр жеткіншектің тәжірибесін және жеке түлғалық ерекшелігін, эмоциялық-мотивациялық сферасындағы қажеттіліктің қалыптасу деңгейінің бағытылығын ескеру керек.
Жеткіншектік жасты үлкендерден өз мүлкін алу кезеңі ретінде қарастырады, алайда қазіргі зерттеулер көрсеткіші бойынша жеткіншектің үлкенге деген қатынасы амбивалентті және күрделі. Үлкендерге қарсы тұруы анық көрсетілген.
Ата-аналар, мұғалімдер және үлкендер жеткіншектің өсіп жатқан сезімінің дамуына қарай өзара қатынасты орнату қажет. Егер оның мүмкіндіктерін ескеріп, оған сыйластықпен, сезімділікпен қараса, оқудағы қиындықтан төзуге көмектессе, психикалық даму үшін қолайлы шарттар жасалады.
В.С.Мухина тұлғаны былай анықтады. Тұлға – нақты индивидуалды сапа ие қоғамдық тарихи қатынастың өнімі ретіндегі адам. В.С.Мерлиннің айтуынша, ол интегралды индивидуалдылық еркін автономды жүйелердің жиынтығы организмнің индивидуалды қасиеті және әлеумттік типтік бағалықтың мінездемесі.Адам қазіргі антропологиялық жетістіктерге орай, үш мәндік бірліктің иесі: табиғи, әлеуметтік, мәдени.
Жеткіншек тұлғасының дамуы топтың дамуы өзгерген шарттарда (мұғалімдер – сабақтар, біріккен еңбек іс-әрекеті, достық компониялар және т.б.). Жыныстық жетілу, ағзаның құрастырылуы, қыздар мен балалар үшін даму темпі екі түрлі болады.
Іс-әрекеттің түрлерінде көптеген тапсырмалары әлеуметтенген топтың бір жағдайында жасалатын оқушылардың дифференциясына алып келеді (қоғамдық ұйымдардағы жұмыс нәтижесі ретінде, т.б.), ал басқаша - әлеуметтенген топтар, тұлғаның дамуын тоқтады.
Солайша, жеткіншектік кезең тұлға дамуының ең күрделі кезеңі болып келеді. Бұл ағзадағы физиологиялық өзгерістер мен дамудың әлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктеріне негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |