Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің ерекшеліктері
Билік рулық қауымнан, рудың барлық ересек мүшелерінен
туындайды
Ақсақалдар əскери қолбасшылар, абыздар ру мүшелерінің
жиналысымен сайланатын болды, олар биліктік
функцияларды ру мүшелерінің жиналысының
бақылауымен жүзеге асырды, жəне кез келген уақытта
жиналыс мүшелерімен орындарынан алынуы мүмкін
болатын
Тек қана басқарумен айналысатын арнайы аппарат
болған жоқ
Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
№ 5 кесте
Теологиялық – биліктің құдайдан пайда болғандығы туралы пайымдайды
Фома Аквинский
Патриархалды – мемлекеттің пайда болуын тікелей жанұяның таралуымен
байланыстыра қарастырады
Аристотель, Филмер
Шарттық – мемлекет қоғамдық шарт негізінде пайда болды
Г.Гроций, Т.Гоббс, Ж.-Ж. Руссо, А.Радищев
Күштеу теориясы – мемлекет ішкі (экономикалық жəне саяси) жəне сыртқы күштеу
(біреудің екіншісін жаулап алуы) нəтижесінде пайда болады
Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский
Психологиялық – мемлекет адамдардың ұйымдасқан қоғам ұжымдық арақатынас
аясында өмір сүру жөніндегі психологиялық қажеттіліктері нəтижесінде пайда болды
Л. Петражицкий, Г. Тард
Органикалық – қоғам мен мемлекет, тірі адам ағзасы тірі жасушалардан тұратын сияқты,
адамдардан құралатын қоғамдық ағзаны білдіреді
Г.Спенсер, Х.Прейс
Ирригациялық – мемлекеттің пайда болуы шығыс аграрлық облыстарда ірі
ирригациялық құрылымдарды салу қажеттілігімен байланыстырылады
К.-А. Виттфогель
Достарыңызбен бөлісу: |