Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы



Pdf көрінісі
бет9/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

Материалистик (таптық) – мемлекеттің пайда болуы əлеуметтік-экономикалық 
факторлармен, яғни жеке меншіктің пайда болуымен жəне қоғамның таптарға 
бөлінуімен байланыстырылады 
К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин


4 тақырып.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ ЖƏНЕ МƏНІ 
1. Мемлекеттің түсінігі жəне белгілері. 
2. Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде. 
3. Мемлекеттің мəні.
1. Мемлекеттің түсінігі жəне белгілері. Мемлекет – бұл ар-
найы басқару жəне мəжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола 
тұра, оны басқаратын жəне оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқа-
ралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекетті рулық құрылымдағы əлеуметтік биліктен ажыра-
татын төмендегідей белгілері болады: 
1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің бас-
қару жəне мəжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық 
билік – бұл шенеуніктер, əскер, полиция, түрме мен басқа да меке-
мелер. 
2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші бар-
лық адамдарды өз билігімен жəне қорғау арқылы біріктіреді. 
3.Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін 
қамтамасыз ету үшін қажет.
4. Егемендік. Бұл мемлекетке тəн өз аумағындағы үстемдік пен 
халықаралық қатынастардағы тəуелсіздік.
5. Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, 
себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.
2. Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше түрі ре-
тінде. Мемлекеттік билікке сипаттама берместен бұрын əлеу-
меттік билікке анықтама беріп алу қажет. Əлеуметтік билік – бұл 
адамдарың кез-келген бірігуіне тəн үстемдік пен бағынушылық 
қатынастары, бұл кезде бір тұлғалардың – билік құрушылардың –
еркі мен əрекеттері басқа тұлғалардың – бағынушылардың – еркі 
мен əрекеттеріне үстемдік құрады. Əлеуметтік билік кез-келген 
ұйымдасқан, белгілі бір дəрежеде тұрақты адамдар тобына – руға, 
тайпаға, отбасына, қоғамдық ұйымға, партияға, мемлекетке, қо-
ғамға жəне т.б. тəн.
Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше бір түрі ретінде 
көрініс табады. Бұл мемлекеттік мəжбүрлеуге сүйенген, субъек-
тілер арасындағы үстемдік жəне бағынушылық сипаттағы бұқа-
ралық-саяси қатынас. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері: 
1. Бұқаралық билік. Ол бүкіл қоғамның, халықтың атынан 


қызмет етеді жəне өз қызметінде бұқаралық негізге – қазына 
мүлкіне, өз кірістеріне, салықтарға ие.
2. Аппараттық билік. Ол аппаратқа, мемлекеттік органдар 
жүйесіне сүйенеді жəне олар арқылы жүзеге асырылады. 
3. Заң қолдайтын билік. Сол себепті, ол аппарат пен заң 
нормаларының көмегімен елдегі барлық халық үшін міндетті 
сипатты иеленеді.
4. Егеменді билік–ол кез-келген биліктен дербес жəне тəуелсіз. 
5. Заңдастырылған билік. Яғни, ол заңды негізді жəне қоғам-
дық тануды иеленген.
Мемлекетте еңбек бөлінісі болған жағдайда ғана, яғни, ерекше 
қызмет түріне негізделген дербес билік түрлері қалыптасқан 
жағдайда ғана, мемлекеттік биліктің тиімділігі артады. Мұндай 
биліктің үш түрі бар: заң шығарушы билік, атқарушы билік жəне 
сот билігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет