Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


Мемлекет пен құқықтың арақатынасы



Pdf көрінісі
бет44/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

2. Мемлекет пен құқықтың арақатынасы. Мемлекет жəне 
құқық теориясында осы уақытқа дейін мемлекет пен құқықтың 
арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған.
Біріншісі – этатистік; бұл бағыт мемлекеттің құқыққа қара-
ғанда артықшылығын таниды, құқық мемлекеттің қызметінің өні-


мі, оның жалғасы ретінде қарастырылады.
Екінші бағыт табиғи-құқықтық көзқарастар негізінде пайда 
болды жəне құқықтың мемлекетке қарағанда артықшылығын бе-
кітті.
Алайда, аталған мəселеге қатысты үшінші бағыт та бар, бұл ба-
ғыт жоғарыда аталған екі бағыттың көзқарастарын өзіне үйлестіре 
білген. Бұл теорияны жақтаушыларды алғашқы орынның мемле-
кет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қызықтырмайды, 
олар мемлекет пен құқықтың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынды-
ғына, яғни, олардың арасында функционалдық байланыстың бар 
екендігіне назар аударады. Бұл бағыт біржақтылықты болдырмау-
ға, құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге жəне мемлекеттің 
құқықты қамтамасыз етудегі шынайы рөлін анықтауға мүмкіндік 
береді.
Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мыналардан 
көрінеді: 
1) құқықшығармашылық қызметті жүзеге асырудан. Тура 
мағынада бұл мемлекеттің құқық нормаларын орнықтыратынын 
білдіреді; 
2) тіккелей мемлекеттік емес сипаттағы нормаларды мемле-
кеттің санкциялауынан. Мысалы, мұсылман құқығының қалыпта-
суы мемлекеттің мұсылмандық доктрина нормаларын санкциялау-
ымен сипатталды; 
3) іс жүзінде қалыптасып қойған қатынастарды жүріс-тұрысты 
заңды міндетті реттеуші ретінде тануынан. Мысалы, əдет құқығы 
осылай қалыптасады; 
4) құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуден. Құқықты пай-
даланудың мемлекетсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес; 
5) мемлекет құқықты жəне құқықтық қатынастарды қорғауды 
қамтамасыз етеді; 
6) мемлекет құқықтың əлеуметтік кеңістікке таралуына жəр-
демдеседі, яғни, қоғамдық қатынастардың қатысушыларын құ-
қыққа сəйкес əрекет жасауға міндеттейді.
Құқықтың мемлекетке əсері мыналардан көрініс табады: 
1) құқық мемлекеттің халықпен, жекелеген тұлғамен өзара 
қарым-қатынастарына əсер етеді; мемлекет азаматтарға құқықтық 
талаптар шегінде əсер етеді, ал азаматтар, өз кезегінде, мемле-
кетке құқықтың көмегімен əсер етеді; 
2) құқық мемлекеттің қызметін заңдастырады, мемлекеттің 
қорғау жəне мəжбүрлеу шараларының рұқсат етілуін қамтамасыз 


етеді; 
3) құқық арқылы мемлекеттің қызметінің шектері, азаматтар-
дың жеке өміріне араласудың шектері анықталады; 
4) құқық ұлттардың ерекше мүдделерін қамтамасыз етеді, осы 
арқылы мемлекеттік биліктің ұлттармен қарым-қатынасына əсерін 
тигізеді; 
5) құқықтық нысан мемлекеттік аппараттың қызметіне бақылау 
жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттің 
халық алдындағы жауапкершілікті əрекеттерінің заңды кепілдік-
терін бекітеді; 
6) құқық басқа мемлекеттермен, жалпы əлемдік қауымдас-
тықпен байланыс тілі рөлін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет