Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне



Pdf көрінісі
бет5/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

3. Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне 
құқық теориясы. Өз жиынтығында ғылым жүйесін құрайтын 
ғылыми пəндерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) тех-
никалық ғылымдар; 2) жаратылыстану ғылымдары; 3) гумани-
тарлық ғылымдар.
Гуманитарлық ғылымдар қоғамды, адамды, əлеуметтік қаты-


настар мен институттарды зерттейді. Заң ғылымдары – гуманитар-
лық ғылымдардың бір түрі, себебі, мемлекет пен құқық əлеуметтік 
институттар болып табылады. Заң ғылымдарын мынадай түрлерге 
бөлуге болады: 
– мемлекет жəне құқық теориясы; 
– тарихи-құқықтық ғылымдар (мемлекет жəне құқық тарихы, 
саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы); 
– салалық заң ғылымдары (конституциялық, азаматтық, 
қылмыстық жəне т.б. құқық салалары); 
– қолданбалы ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот 
психиатриясы жəне т.б.). 
Мемлекет жəне құқық теориясы гуманитарлық ғылымдар жүй-
есінде бола тұра, философиямен, əлеуметтанумен, саясаттанумен 
жəне т.б. тығыз байланысқа түседі. Солай, философияның кө-
мегімен мемлекет жəне құқық теориясының дүниетанымдық ба-
ғыттары қалыптасады, оның нəтижесінде мемлекеттік-құқықтық 
шындықты танудың жалпы əдістемесі қалыптасады. Өз кезегінде, 
мемлекет жəне құқық теориясы кеңейтілген философиялық 
жалпылаулар үшін нақты материалдар береді. 
4. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет жəне құқық Тео-
риясының орны. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет жəне 
құқық теориясының орнын оның тарихи-құқықтық ғылымдармен 
арақатынасын мысалға ала отырып қарастыруға болады. Мем-
лекет жəне құқық теориясы мен тарихи-құқықтық ғылымдарға тəн 
ортақ белгі – олар мемлекет пен құқықты зерттейді. Ал айырма-
шылықтары мынада – тарихи-құқықтық ғылымдар мемлекеттік-
құқықтық құбылыстардың даму үдерісін хронологиялық тəртіпте 
зерттесе, мемлекет жəне құқық теориясы бұл үдерістерге жалпы 
сипаттама береді, мемлекет пен құқықтың мəнін, олардың қызмет 
ету заңдылықтарын жəне т.б. зерттейді. 
Салалық заң ғылымдарына қатысты мемлекет жəне құқық 
теориясы жалпылаушы сипатты иеленеді; ол мемлекет пен құ-
қықтың пайда болуы, қызмет етуі мен дамуының жалпы заңды-
лықтарын зерттейді. Ал кез-келген салалық ғылымның пəні қо-
ғамдық қатынастардың тек нақты бір саласымен ғана байланысты 
болады. Сонымен қатар, мемлекет жəне құқық теориясы барлық 
салаларға ортақ мəселелерді зерттейді, яғни, мемлекет жəне құқық 
теориясының түсініктері мен институттарының негізінде салалық 
заң ғылымдарының түсініктері мен институттары қалыптасады.


№ 2 кесте 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет