3 тақырып.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік билікке жалпы
сипаттама.
2. Мемлекеттің пайда болу себептері.
3. Мемлекеттің пайда болу нысандары.
1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік билікке жалпы
сипаттама. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік биліктің
ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді
жəне қандық туыстыққа негізделді;
-
тікелей қоғамдық болып табылды, алғашқы қауымдық
демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде
қалыптасты;
- бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар,
ақсақалдар, əскербасылары жəне т.б. қызмет етті,
олар алғашқы
қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мəселелерін шешіп
отырды.
2. Мемлекеттің пайда болу себептері. Мемлекеттің пайда бо-
луы туралы мəселе даулы болып табылады, себебі, этнография
жəне тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге
жаңа мəліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері тура-
лы бірқатар теориялар бар, олардың
негізгілері болып мыналар
табылады:
1. Діни теория – мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда
болуының құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік
құдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды.
Өзінің діни
мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды
көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық
нысандарын–абыздар билігін, шіркеудің ролін, діни жəне
əкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның
көрнекті өкілдерінің бірі – Фома Аквинский.
2. Патриархалды теория – мемлекеттің пайда болуын отба-
сымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы
мүшелерінің алдындағы əке билігінен туындатады. Бұл теория
патшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал
бұл биліктің
қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы əкенің, пат-
риархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл
теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің
еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің ең-
бектерінен тапты.
3. Шартты теория – ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған.
Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен
Спиноза, Англияда Д.Локк пен Т.Гоббс, Францияда Ж.-Ж.Руссо,
Ресейде А.Радищев орын алды. Мысалы, А.Радищевтің ойынша,
билік
халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген
жəне оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сəйкес, мем-
лекет шарт нəтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары
болып адамдар табылады, олар
шарттың негізінде өз бостан-
дықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.
4. Күштеу теориясы – мемлекеттің пайда болу негізі ретінде
күштеу əрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды.
Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу
жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы ХІХ ғасырда
пайда болды, оның өкілдері – Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг.
5. Психологиялық теория – мемлекеттің пайда болуын адам
психикасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен,
алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тəуелділікті
сезінумен, белгілі бір əрекет түрлерінің əділдігін түсінумен жəне
т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қата-
рынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады.
6. Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г.Спенсер,
Вормс, Х.Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді.
Оның бө-
ліктері арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктері
арасындағы байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет – биология-
лық дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын əлеуметтік даму
өнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз миы
(басшы) мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (халық)
болады.
7. Ирригациялық теорияға сəйкес мемлекеттердің алғашқы қа-
наушы нысандарының пайда болуы шығыстық аграрлық аймақ-
тардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен
байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі неміс ғалымы К.-А.Вит-
тфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.
8. Материалистік теория – мемлекеттің пайда болуын əлеумет-
тік-экономикалық
факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда
болуымен жəне қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады.
Бұл теорияның өкілдері – К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин –
мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау жəне
бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет
етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: