3. Мемлекеттің пайда болу нысандары. Мемлекеттің қалып-
тасуы – əртүрлі халықтарда түрліше жүзеге асқан ұзақ үдеріс.
Шығыста «өндірістің азиялық тəсілі» (Египет, Вавилон, Үн-
дістан, Қытай жəне т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде
рулық құрылымның əлеуметтік-экономикалық бөліктері – жердік
үлес, ұжымдық меншік жəне т.б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі
Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауым-
дастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті
ұйымдастырушы ролін атқарды.
Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша
жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет
меншіктің пайда болуы жəне қоғамның таптарға бөлінуі негізінде
пайда болды. Афины – мемлекеттің пайда болуының ең таза,
классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі
таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде
мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар –
патрицийлерге қарсы күресінің нəтижесінде тездетілді.
Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді
алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл
жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам əлсіз болды, сол себепті,
мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды.
Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып
10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік революция табылды. Оның
мəні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам
дайын өсімдік жəне жануарлық нысандарын иемденумен
байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен жəне азық
дайындаумен байланысты шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни,
иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды.
Сонымен, мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі
факторлардың негізінде пайда болады.
№ 4 кесте
Достарыңызбен бөлісу: |