45-тарау. Демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер бойынша операцияларды жүзеге асыру 365. Демеушілік, қайырымдылық көмек шоты бойынша операциялар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері негізінде жүзеге асырылады.
366. Демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ бойынша операцияларды есепке алу мемлекеттік мекемелердің кодтары бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 366-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
367. Демеушілік, қайырымдылық көмек бойынша шоттар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылады.
368. Демеушілік, қайырымдылық көмек шоты бойынша операцияларды есепке алу үшін:
республикалық бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің қолдау хаты негізінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;
олардың өтініштері және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты негізінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган рұқсат беруді жүзеге асырады.
Ескерту. 368-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
369. Демеушілік, қайырымдылық көмек шоты бойынша операцияларды жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшеге рұқсатты және қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатты береді.
370. Мемлекеттік мекеме демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді жоспарламайды.
Нысаналы сипатқа ие демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді мемлекеттік мекеме мақсатқа сай жұмсайды.
Мемлекеттік мекеме демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдердің нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
371. Демеушілік, қайырымдылық көмекті ағымдағы жылы мақсатқа сай пайдаланбаған мемлекеттік мекеме оны келесі жылы мақсатқа сай пайдалана алады.
Демеушілік, қайырымдылық көмек ақшасын ағымдағы қаржы жылы жете пайдаланбаған жағдайда осы ақшаны салған тұлға оны қайтарып алуға құқығы бар.
372. Демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді жұмсау осы Ережеде белгіленген тәртіппен ресімделген және ұсынылған төлеуге берілетін шот негізінде демеушілік, қайырымдылық көмектің тиісті шоттағы ақша қалдығының шеңберінде жүзеге асырылады.
373. Демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар жөніндегі банктік қызметтерге ақы төлеуді мемлекеттік мекеме өзі және банк арасындағы кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде демеушілік және қайырымдылық көмек ақшасы есебінен жүргізеді.
374. Мемлекеттік мекеме бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайтын тәртіппен, нысанда және мерзімде демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен түсімдер және оларды жұмсау туралы есеп жасайды және ұсынады.
46-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және/немесе заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берілетін ақша бойынша операцияларды жүзеге асыру 375. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ бойынша операциялары жеке немесе заңды тұлғалардың ақшаны мемлекеттік мекемелерге қайтару шартымен не белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген жағдайда іске асырылады.
Ескерту. 375-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
376. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ бойынша операцияларды есепке алу мемлекеттік мекемелердің кодтары бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 376-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
377. Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылады.
Ескерту. 377-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
378. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ-сы бойынша операцияларды есепке алу үшін:
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің қолдау хаты негізінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге;
бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган олардың өтініштері және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты негізінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге рұқсат беруді жүзеге асырады.
Ескерту. 378-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789, 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
379. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ-сы бойынша операциялар жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне рұқсат және қойылған қол және мөр бедерінің үлгілері бар құжатты береді.
Ескерту. 379-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
380. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және/немесе заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берілетін ақша бойынша жоспарлар жасалмайды.
381. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және/немесе заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берілетін ақша Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған жағдай туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды салған тұлғаларға қайтарылуы не тиісті бюджетке аударылуы тиіс.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берілген ақшаны уақтылы қайтаруды не оларды тиісті бюджетке аударуды (бұдан әрі - қайтару/аудару) қамтамасыз етеді.
382. Қайтару/аудару осы Ережеде белгіленген тәртіппен ресімделген және ұсынылған төлеуге берілетін шот негізінде уақытша орналастыру шотындағы ақша қалдықтары шеңберінде жүзеге асырылады.
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың белгілі бір жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларды қайтару немесе аудару шартымен мемлекеттік мекемелерге берілетін ақшаны тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға, оларды енгізген тұлғаларға, немесе тиісті бюджет кірісіне қайтаруға/аударуға оларды ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын есепке алусыз рұқсат берілмейді.
Қолма-қол ақшаны есептеу және қайтарып алу үшін уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сы бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар үшін банктік қызметтерге ақы төлеу ақшаны салған тұлға есебінен мемлекеттік мекеме мен банк арасындағы кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде жүргізіледі, оған:
тез бұзылуға ұшырайтын және оларды сақтау елеулі материалдық мүлік шығынын талап ететін заттай айғақты сатудан алынған ақшадан түсетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өкілеттік берілген органдардың міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары есебінен жүргізілетін уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сын есептеу жағдайлары қосылмайды.
383. Мемлекеттік мекеме, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берілетін ақша бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтаған тәртіппен, нысанда және мерзімде есеп жасайды және ұсынады.
46-1-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу тәртібі Ескерту. Ереже 46-1-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.
383-1. Жергілікті өзін-өзі басқару шоттары бойынша операциялар Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасының негізінде жүзеге асырылады.
383-2. Жергілікті өзін-өзі басқару шоттары бойынша операцияларды есепке алу мемлекеттік мекемелердің кодтары бойынша жүзеге асырылады.
383-3. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түскен қаражатты пайдалану үшін жыл сайын, қаржы жылының 20 қаңтарына дейін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспарын осы Ережеге 121-қосымшаға сәйкес жасайды.
383-4. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдың округі әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспарын тиісті аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі оны қаржы жылының 1 ақпанына дейін жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін бекітеді.
Бекітілген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспарының қолданылуы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
383-5. Бекітілген аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспары аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне ұсынылмайды.
383-6. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспарында көзделген сомалардан тыс қаржы жылы ішінде түскен кірістер аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспары жергілікті қоғамдастықтың жиналысында нақтыланған және келісілген жағдайда ағымдағы қаржы жылы жұмсалуы мүмкін.
383-7. Төлемдер Қазақстан Республикасының жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түсетін ақша есебінен төлемге арналған шот негізінде жүзеге асырылады және жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.
383-8. Есепті қаржы жылының аяғында пайдаланылмаған жергілікті өзін-өзі басқарудың шотында қалған Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түсетін қаражат қалдықтары түсімдер мен шығыстар жоспары жергілікті қоғамдастықтық жиналысында нақтылануы және келісілуі арқылы ағымдағы жылдың шығыстарын қаржыландыруға бағытталуы мүмкін.
9-бөлім. Сайлауларды, республикалық референдумды қаржыландыру және бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібі Ескерту. 9-бөлімнің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 № 165 Қаулысымен.
47-тарау. Сайлауларды, республикалық референдумды мемлекеттік қаржыландыру Ескерту. 47-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 № 165 Қаулысымен.
384. Партиялық тізімдер негізінде сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын қоспағанда, Президентті, Парламент, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, республикалық референдум осы мақсаттар үшін ашылатын арнайы шот арқылы қаржыландырылады.
Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау облыстық бюджеттен осы мақсаттар үшін жергілікті атқарушы органдарға ашылған арнайы шоттар арқылы қаржыландырылады.
Ескерту. 384-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 № 165; 26.06.2013 № 650 қаулыларымен.
385. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдарға:
1) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, сондай-ақ республикалық референдум кезінде сайлау іс-шараларын жүргізуге арналған шығыстар жөніндегі операцияларды есепке алуға арналған жергілікті атқарушы органның арнайы шоттарын (бұдан әрі – сайлауларды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттар);
2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау кезінде сайлау іс-шараларын өткізуге арналған шығыстар бойынша операцияларды есепке алуға арналған арнайы шоттарды (бұдан әрі – аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыруға арналған шоттар) ашуды жүзеге асырады.
Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттар Орталық сайлау комиссиясының қолдаухаты негізінде ашылады.
Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру үшін шоттар облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қолдаухаты негізінде ашылады.
Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауларды қаржыландыру үшін шоттар сайлау іс-шараларын, республикалық референдумды қаржыландыру аяқталғанға дейінгі мерзімге ашылады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттарды ашқаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін ашылған шоттардың нөмірі мен күні туралы әрбір аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша хабарлама береді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру үшін шоттарды ашқаннан кейін жергілікті атқарушы органдар аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауларды қаржыландыру үшін ашылған шоттардың нөмірі мен күні туралы әрбір облыстық, аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша хабарлама береді.
Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шот бойынша және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру үшін шот бойынша операциялар жүргізу үшін аумақтық сайлау комиссиясы аумақтық қазынашылық органына сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы сайлау комиссиясы шешімінің көшірмесі мен нотариалды куәландырылған қолдар мен мер бедерінің үлгілері бар құжатты ұсынады.
Ескерту. 385-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
386. Сайлауды, республикалық референдумды мемлекеттік қаржыландыруды шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке жоспарларға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды мемлекеттік қаржыландыруды міндеттемелер мен төлемдер және шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес облыстардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері, сондай-ақ аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларын қаржыландырудың жеке жоспарларын облыстар, Астана және Алматы қалалары, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бойынша тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне ұсынады.
Ескерту. 386-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.
387. Бекітілген қаржыландырудың жеке жоспары шеңберінде сайлау науқанын, республикалық референдумды жүргізу үшін бөлінетін бюджет қаражатына иелік етушілер тиісті сайлау комиссиясының төрағалары болып табылады. Сайлау, республикалық референдум өткізуге арналған бюджет қаражатын жұмсау, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қоспағанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылған жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргізіледі. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізуге арналған бюджет қаражатын жұмсау облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылған жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргізіледі. Тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті сайлау комиссиясы төрағаларының назарына азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға және төлемдерді жүзеге асыруға берілген рұқсаттарды жеткізеді. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) беруге арналған шарттарды тиісті сайлау комиссиясының төрағалары ақша алушылармен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті қаржы жылында міндеттемелер бойынша қаржыландыруды жеке жоспарларында көзделген сома шеңберінде жасасады.
Ескерту. 387-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.
388. Сайлау, республикалық референдум өткізу уақытында жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне қойылған қол мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатты ұсынады. Бұл ретте бірінші қол қою құқығы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына беріледі, екінші қол қою құқығы тиісті аппарат әкімінің бас бухгалтеріне (қаржы қызметінің басшысына) тиесілі болады.
Құжат жергілікті атқарушы органның елтаңбалы мөрінің үлгісін, аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы тиісті мәслихат шешімінің (жоғары тұрған сайлау комиссиясының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін – оны мәслихат сайлағанға дейін шығып кеткеннің орнына аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы шешімінің) нөмірі мен күнін көрсете отырып ресімделуге тиіс. Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыруға арналған шоттан және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыруға арналған шоттан қаражатты жұмсауға аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының өкілеттілігі сайлауларды, республикалық референдумды, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізу мерзіміне, қайта дауыс беру не қайта сайлау мерзіміне және олар аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күнге дейін ғана белгіленеді.
Ескерту. 388-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.
389. Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының қаражатты жұмсауға арналған өкілеттік мерзімі қаржы жылының соңына келген жағдайда, сайлау бойынша төлемдер жүргізу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен және қазынашылық бөлімшелері белгілеген мерзімде ҚБЕО төлем жүйесінің жұмысын ұйымдастыру үшін қаржы жылы аяқталған соң жүзеге асырылады.
390. Аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары ақша қаражатына билік етеді және қаржылық құжаттардың қаржы мәселелері бойынша сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкес келуіне жауап береді.
391. Республикалық бюджет қаражатынан мыналарға жұмсалған:
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және қызметіне:
сайлау комиссияларының босатылған мүшелерінің жалақысына;
сайлау комиссиялары мүшелерінің қосымша еңбек ақысына;
жалақыға есептеуге;
техникалық қамтамасыз етуге (компьютерлер, ұйымдастыру техникаларын сатып алуға, жабдықтарды жалға алуға және жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ дауыс беруге арналған құрал-жабдықты сатып алуға және жасауға);
көлік шығыстарына;
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
байланыс қызметтеріне, почта-телеграф шығыстарына;
еңбек келісімдері негізінде штаттан тыс қызметкерлер орындалатын жұмыстарға;
полиграфиялық шығыстарға;
кеңсе және шаруашылық тауарларын, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәміздер үшін материалдар сатып алуға;
2) үй-жайларды жалға алуға;
3) іссапар шығыстарына;
4) консультанттардың, сарапшылардың, лингвистикалық комиссия мүшелерінің еңбегіне ақы төлеуге;
5) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетін кандидаттардан басқа, кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлейтін сөздеріне;
6) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кандидаттардың көпшілікке сайлау алдында іс-шаралар өткізуге және партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетін кандидаттардан басқа, кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға;
7) партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетін кандидаттардан басқа, кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мөлшерде көлік шығыстарына.
8) сайлау комиссиясы үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Президентке, Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне кандидаттар туралы, партия тізімін берген саяси партиялар туралы, сондай-ақ республикалық референдум туралы ақпараттық плакаттар дайындауға жұмсалатын шығыстар өтеледі.
Облыстық бюджет қаражатынан:
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және олардың қызметіне:
сайлау комиссияларының босатылған мүшелерінің жалақысына;
жалақыға үстемеақыға;
техникалық қамтамасыз етуге (компьютерлер, ұйымдастыру техникасын сатып алуға, жабдықтарды жалға алу және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ дауыс беруге арналған құрал-жабдықтарды сатып алу және жасау);
көлік шығыстарына;
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
байланыс қызметтеріне, почта-телеграф шығыстарына;
полиграфиялық шығыстарға;
кеңсе және шаруашылық тауарларын, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәміздер үшін материалдар сатып алуға;
2) үй-жайларды жалға алуға;
3) iссапар шығыстарына;
4) кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткiзуге және кандидаттардың үгiт баспа материалдарын шығаруға;
5) кандидаттардың көлік шығыстарына;
6) сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беру пунктінде орналастырылатын әкімдікке кандидаттар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға арналған шығыстар жабылады.
Ескерту. 391-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 № 165; 26.06.2013 № 650 қаулыларымен.
392. Аумақтық және округтік сайлау комиссияларының төрағаларына тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша іссапар шығыстарын өтеу мемлекеттік мекемелердің басшылары және басшыларының орынбасарларына белгіленген мөлшерде, ал учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен сайлау комиссияларының мүшелеріне - мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне белгіленген мөлшерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережемен жүзеге асырылады.
393. Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру шотынан және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру шотынан сайлаулар өткізуге қаражатты жұмсау аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының шешімі бойынша мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) аумақтық сайлау комиссияларын қаржыландыру жоспарларының шегінде ақша аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары есеп беретіндей етіп беріледі, орындалған жұмыстар және сайлау учаскелеріне сатып алынған материалдық құндылықтар үшін шығыстар төленеді. Пайдаланылмаған есеп берілетін сомалардың қалдығын сайлаулар, республикалық референдум аяқталғаннан кейін үш күн мерзімде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру шотына немесе аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру шотына есепке алу үшін әкім аппаратының кассасына тапсырады;
2) аумақтық сайлау комиссияларының шығыстары Орталық сайлау комиссиясы/аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізу кезінде жергілікті атқарушы орган бекіткен олардың қаржыландыру жоспары шегінде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары бекіткен, оның негізінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын құжат ұсынылғаннан кейін төленеді. Аумақтық сайлау комиссиясының шығыстарына арналған қолма-қол ақшаны беру осы комиссияның төрағасының өкімі бойынша жүргізіледі. Аванстық есепті алғаннан кейін әкім аппаратының бас бухгалтері (қаржы қызметінің басшысы) растайтын, оның негізінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын құжаттардың ресімделу дұрыстығын тексереді және оларды осы комиссия төрағасының бекітуіне береді.
Есеп берілетін соманың пайдаланылмаған қалдығын аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары сайлау, республикалық референдум аяқталғаннан кейін үш күндік мерзімде шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру шотына немесе аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру шотына есептеу үшін әкім аппаратының кассасына тапсырады.
Ескерту. 393-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.
394. Сайлау науқандарына, оның ішінде кандидаттарға, республикалық референдумға бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын жұмсауды бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 394-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.
395. Кандидатурасын алып тастауға немесе кандидатты ұсыну туралы шешімнің күшін жоюға байланысты және сайлау комиссиясының республикалық бюджет қаражатынан сайлау науқанын өткізуге жұмсалған шығыстар бөлігін кандидаттың, оны ұсынған мәслихаттың немесе қоғамдық бірлестіктің шотына жатқызу туралы шешімі болған кезде, егер республикалық бюджеттен шығыстар және қаражатты қалпына келтіру бір қаржы жылында жүргізілсе, соңғысы жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына сайлауларды, республикалық референдумды өткізу жөніндегі кассалық шығыстарды қалпына келтіруге қаражат аударады. Республикалық бюджеттен шығыстарды бір, ал қаражатты қалпына келтіру келесі қаржы жылында жүзеге асырылған жағдайда, бұл қаражатты кандидат "Республикалық бюджетке түсетін өзге салықтық емес түсімдер" коды бойынша республикалық бюджеттің кірісіне аударады. Бұл ретте көрсетілген шешімді: Президентті сайлау кезінде - Орталық сайлау комиссиясы, Сенат депутаттарын сайлау кезінде - аумақтық сайлау комиссиялары, Мәжіліс және Мәслихат депутаттарын сайлау кезінде округтік сайлау комиссиялары қабылдайды.
Ескерту. 395-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 № 165 Қаулысымен.
396. Президентті, партиялық тізімдер негізінде сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын қоспағанда, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды, сондай-ақ республикалық референдумды өткізуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп беруді жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 396-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.