Дәрілік заттарды энтеральді енгізу әдістері



бет25/26
Дата03.01.2022
өлшемі194.04 Kb.
#451241
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Документ (2)

ЖЕКЕ ИНГАЛЯТОРДЫ ҚОЛДАНУ


Дәрілік затты тыныс жолдарына ауыз арқылы енгізуге пациентті үйрету

Мақсаты: емдік және оқулық, пациентке ингаляторды өздігінен қолдануды үйрету.

Қолдану көрсетілімдері: қан айналым және тыныс алу жүйесі ауруларында дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: 2 қолданылған қалта ингаляторын, 3-дәрілік заты бар ингаляторды, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (Ф-004 1/у). Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Пациентке емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Пациентке өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету.

  3. Пациентке жоғары Фаулер қалпын беріңіз немесе пациенттің жағдайына қарай тұрып орындау (дәрінің жылдам әсер етуіне өкпе экскурсиясы септігін тигізеді).

  4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз 5. Пациентке және өзіңізге бос ингаляторды алыңыз.

  1. Дәрісіз ингаляторды қолдана отырып, пациентке емшараның орындалуын реттілікпен көрсетіңіз.

  2. Ингалятордың мундштугінен қорғаныш қалпағын алыңыз.

  3. Ингаляторды аэрозольмен түбін жоғары қаратып ұстап, бірнеше рет шайқаңыз.

  4. Пациентке асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраңыз.

10.Ингаляторды аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, ингалятордың мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз.

11.Пациенттен терең дем алуын сұрап, бір мезетте ингалятордың түбін басыңыз – осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрде түседі.

12.Науқасқа аэрозольді ішке тартуын, 10-12 секундтай демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан ингалятордың мундштугін шығарып, сосын пациент ақырын мұрын арқылы демін шығарады.

13.Ингалятордың мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.

14.Пациентке өздігінен емшараны орындауын ұсыныңыз, ең алдымен бос ингалятормен, сосын дәрісі бар ингалятормен

15.Пациентті дәрісі бар ингалятормен емшараның орындауын өзіңіздің барыңызда бақылаңыз.



Ескерту:

Бронх демікпесі және бронхтардың созылмалы обструкциясын емдеу үшін небулайзерлер қолданылады. Небулайзер – ерітінді түріндегі дәрілік затты аэрозоль түріне өзгертіп ауамен немесе оттегімен дәріні бронхтарға жеткізуге арналған аппарат. Дәрінің аэрозоль түріне өзгеруі небулайзердің компрессоры арқылы қысылған ауа көмегімен жүзеге асады. Аэрозолмен дем алу үшін мүштік немесе бетперде қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет