Дәрілік заттарды энтеральді енгізу әдістері


ТӨМЕНГІ ҚАБАҚҚА КӨЗ МАЙЫН ҚАТТАСТЫРЫП САЛУ



бет22/26
Дата03.01.2022
өлшемі194.04 Kb.
#451241
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Документ (2)

ТӨМЕНГІ ҚАБАҚҚА КӨЗ МАЙЫН ҚАТТАСТЫРЫП САЛУ

(тюбиктен, шыны таяқшамен)

Мақсаты: емдік

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көз майын, шыны көз қалақшаларын, дәке тампондарын, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (Ф-004 1/у). Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Пациентке емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, тюбиктің бүтіндігін анықтаңыз).

  3. Шыны таяқшаның бүтіндігін тексеріңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

  5. Пациентті ыңғайлы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, басын артына қарай шалқайтып,пациентке жоғары қарауын сұраңыз.

  6. Оң қолға шыны қалақшаны алып, оның жалпақ шетіне майды жағып алыңыз. Ол бүтін қалақшаны жабу керек.

  7. Қалақшаны көзге көлденең жалпақ шетімен кеңсірікке қарай орналастырыңыз.

  8. Сол қолға дәке тампонын алып, төменгі қабақты төмен тартыңыз және оған қалақшадағы майды көз алмасына қаттастырып салыңыз, ал бос беті қабаққа қарай бағытталуы керек.

  9. Шыны таяқшамен майды төменгі қабақтың шырышты қабатына көздің ішкі бұрышынан сыртына қарай (оң көзді сол қолмен, сол көзді оң қолмен) жағыңыз. Қалақшаны майымен төмен қарай ұстаңыз.

10.Төменгі қабақты жіберіңіз, пациенттен көзін жұмуын сұраңыз.

11.Сығылыстырылған қабақтан самай бағыты бойынша қалақшаны алыңыз. Жоғары қабақтың үстінен мақта шариктерімен уқалаңыз, май көздің шырышты қабығына бір қалыпты таратылуға тиіс.

12.Екінші көзіне де майды осы тізбектілікпен салыңыз.

13.Көз майын тікелей тюбиктен де салуға болады.

14.Сол қолыңызға дәке тампонын алып, төменгі қабақты тартыңыз.

15.Тюбикті төменгі қабақтың шырышты қабатына көздің ішкі бұрышынан сыртқы бұрышына қарай жіңішке етіп сығып шығарыңыз.

16.Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

1 7.Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

18.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Тюбиктен көз майын жағу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет