Дәрілік заттарды энтеральді енгізу әдістері


ҚҰЛАҚҚА ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ ТАМШЫЛАТЫП ТАМЫЗУ Мақсаты



бет23/26
Дата03.01.2022
өлшемі194.04 Kb.
#451241
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Документ (2)

ҚҰЛАҚҚА ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ ТАМШЫЛАТЫП ТАМЫЗУ Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы – құлақтағы ауру сезімі және қабыну процесі.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: астаушаны, тамызғышты, мақта шариктерін және турундаларын, дәрілік ерітінділерді қолғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (Ф-004 1/у).

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Пациентке емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

  3. «Су моншасында» 36-370С температураға дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

  4. Пациентті отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз.

  5. Пациенттің басын сау қырына қарай бұрыңыз.

  6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

  7. Құлақтан шыққан бөлініс болса, құлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз.

  8. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған құлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, оның қабырғасынан қысу арқылы дәріні тамыздырыңыз.

  9. Оң қолға тамызғышты ұстап, оған дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз.

  10. Сол қолмен пациенттің құлақ сырғалығын артқа және жоғары қарай тартып, (сыртқы құлақ жолын түзету үшін) оң қолмен тамызғышты ұстап, 2-3 тамшы дәрілік ерітіндіні құлақ жолына тамызыңыз.

  11. Құлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін құлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз.

  12. Пациенттің сыртқы есту жолына мақта шаригін енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыпта ұстап тұруын сұраңыз, кейін осы құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз.

  13. Қолғапты шешіңіз.

  14. Пациенттің басын ауыратын құлақ жағына енкейтіңіз, құлақ жолын мақта шаригімен құрғатыңыз.

  15. П айдаланған турундаларды, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге, ал тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз.

  16. Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.

Дәрілік тамшыларды құлаққа тамызу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет