САБАҚ. САБАҚТЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ
Сабақтың морфологиясы жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығында бірдей емес, сондықтан олардың алуан түрлілігін еңсесіне, пішінен, көлеміне бөліп қарастырған жөн.
Сабақтың кеңістікте бой түзеуі әр қилы болып келеді.Олар тік, көтеріңкі,төселмелі, өрмелегіш, шырмалағыш, жармасқыш және т.б.
Ағаштардың басым көпшілігінің, әсірісе көптеген шөптесін өсімдіктердің сабағы тік бағытта өседі. Мысалы, емен, қайың, жүгері, күнбағыс жане т.б. Шөптесін өсімдіктердің ішінде сабағы алғашында көлбеу өсіп, содан кейін біртіндеп доға тәрізді иіліп барып көтеріліп өсетіндері жиі кездеседі. Мұндай сабақ көтеріңкі сабақ деп аталады. Мысалы, құлмақ жоңышқасы, қызыл бас, беде, қызыл таспа, күміс қазтабан және т.б.
Төселмелі деп аталуы өсімдік сабағының жерге төселе көлбеу бағытта өсетіндіктен болса керек. Төселіп өскен өсімдіктердің кейбіреулерінің (ақ беде, бүлдірген ) сабағының топырақпен жанасқан жерінен қосалқы тамырлар өсіп шығады, ал сабағы төселмелі болып келетін қияр, қауын, қарбыз, асқабақ және т.б. жайылып өсіп , үлкен аймақты қамтиды бірақ бұлардың сабағынан қосалқы тамырлар өсіп шықпайды, кейде мұндай өсімдіктер желі сабақтылар деп аталады.
Өрмелегіш сабақты өсімдіктер өзінің өркенін жоғары көтеріп тұру үшін таяныш пайдаланып өседі. Мұнда өсімдіктер лианалар деп аталады. Бұлар тропиктік аймақтарда жиі кезедеседі. Лианаларға сабағы жіңішке, механикалық біршама нашар жетліген, әрі ұзын болып келетін жүйелілік(систематикалық) тұрғыдан әртүрлі таксондардан өкілдер жатады. Өрмеулеу тәсілдеріне қарай лианалар таянып өсетіндер- бұларда аранаулы өрмелеу мүшесі болмайды, мысалы, бұған Ротанг пальмасы, кейбір трропикалық фуксзиялар жатады; жармасып өсетеіндер-бұларда өрмелеу қызметін атқаратын әртүрлі тікенектер, ілгек, қылшық тәрізді қосалқы өркендер болады( жабысқақ, қызыл бояу,жабысқақ бояу шөп, раушаның түрлері,(таңқурай) ; мұртшалылар- таянышты арнаулы мұртшалары арқылы орап алады(жабайы жүзім ,асқабақтар тұқымдасымен, бұршақтар тұқымдасының көбі); шырмалғыштар, мұнда өркеннің өсу барысында таянышқа шырмалып, оралып өскендігі айқын байқалады. Көптеген өсімдіктер (құлмақ, шырмауық таран) сағат тілінің бағытында, кейбіреулерінде (дала шырмауғы, көпгүлді үрме бұршақ)ссағат тіліне қарсы бағытта шырмалып өседі.
Сабақтың өсуінің ерекшелігі жертағанды өсімдіктерде байқалады. Бұлардың сабағының өсуі шектелген, буын аралықтары қысқа ,жапырақтары тамыр мойына жиналған, жертаған(үлкен бақажапырақ, кәдімгі бақ бақ) жапырақты болып келеді. Жертағанды өсімдіктердің бір ғана буын аралығы- гүл сидамы ұзарып, гүл шоғыры қалыптасады. Сабақың көлденең кесіндісі бойынша пішіннің төмендегідей түрлерін ажыратады.
Жұмыр сабақтың көлденең кесіндісінің пішіні дөңгелек тәрізді. Өйткені сабақта механикалық ұлпа (колленхима) айнала шеңбер түзіпи біркелкі орналасады.
Сабақтың қырлы, яғни үш қырлы көлденең кесіндісі- үш бұрышты, төрт қырлы көлденең кесіндісі –төрт бұрышты, көп қырлы сабақтың көлденең кесіндісі көп бұрыштыболып келуі механикалық ұлпаның топтанып, орналасқан жерлерінің білеуленіп,қырланып кетуінен.Ойлы және қырлы сабақтардың көлденең кесіндісі тісті дөңгелек тәріздес.Ойлы сабақтыңойысты жер енсіз келеді.
Қанатты жемісте буын аралығының ұзына бойымен енді өскінше созылып жатады.
Қабысыңқы сабақ кактустар(опунциялар )мен кейбір астық тұқымдастарға тән.
Өсімдіктердің сабағының ішкі орталық өзегі өсімдіктердің бірінде қуыс (бидай, қара бидай,сұлы және т.б),екіншісінде жұмсақ(күнбағыс,ырғай және т.б),үшіншісінде сүректі шымыр(бұталар),кейбіреулерінде ет-жендә болады. Бұларды сырттай емес тек жас сабақты көлденең кесіп көруі арқылы ажыратамыз.
Өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігіне байланысты олардың сабағының тіршілік ету ұзақтығы,консистенциясы және көлем өлшемі әр қилы. Солтүстік Америкадағы мамонт ағашы діңінің биіктігі 140метр, диаметрі 10 м-ге жетсе,Орта Азияның сазды шөлдерінде өсетін қисық бөденешөптің биіктігі не бары 1,2см –дей ғана. Сол сияқты тропикалық зонада өсетін Ротанг пальмасы сабағының биіктігі 280-300м болса, солш зонадағы су өсімдігі волшьфияның сабағы 1,5 мм-дей.
Консистенциясына қарай сабақ сүректі және шөптесін болып бөлінеді. Сүректі өсімдіктер сабағының сүрек (ксилема)клеткалардың қабықшасында лигнин сіңіп қатайған. Сүректі сабақты өсімдіктерге ағаштар және бұталар , бұташықтар мен жартылай бұталардың көбі жатады . Шөптесін өсімдіктер сабағы, негізінен , қатаймаған жұмсақ шөптесін қалпын сақтайды. (Е.А.Агелеуов ботаника 232-236 б)
Сабақтың анатомиялық құрылысы
Сабақтың алғашқы түзуші ұлпалардан тұратыны ұшы (апекс) бой конусы немесе өсу нүктесі деп аталады. Өйткені ,өркен құрамының (сабақ, жапырақ) тұрақты ұлпалары осы бой конусынан қалыптасады. Сабақтың бой конусының көлемі орта есеппен1,15мм (ең ірі апексі саговниктерде ұзындығы 3,5 мм) . Сабақ апексі жұқа қабықшалы , ірі ядролы , көлемі біркелкі клеткалардан тұрады.
|