Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі


ӨСІМДІК ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. ЦИТОПЛАЗМА, ОНЫҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ, ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ



бет2/14
Дата06.11.2023
өлшемі60.23 Kb.
#482436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Дәріс тезистері (Химия-Биология) 3

ӨСІМДІК ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. ЦИТОПЛАЗМА, ОНЫҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ, ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Цитоплазма (гр. kytos — жасуша және гр. плазма — қалыптасқан) — жасуша жарғақшасы мен ядро арасын толтырып тұратын қоймалжың сұйықтық. Клетка Цитоплазмасының сырты плазмолеммамен қапталған. Плазмолемма — Цитоплазманың ақуызды-билипидті қабықшасы, оның орт. қалыңд. 6 — 10 нм, құрамында ферменттер болады. Ол жасуша мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Цитоплазманың негізгі құрамы гиалоплазмадан, органеллалардан және қосындылардан тұрады.
Тірі ағзалардың құрамына кіретін жасушаларды екі топқа бөлуге болады: ядро қабаты болмайтыны прокариоттар оларға көк жасыл балдырлар және бактериялар жатады, ядро қабаты жақсы жетілгені эукариоттар, бұған өсімдіктер мен жануарлар жасушалары жатады.
Эукариотты жасушалар үш бөлімнен тұрады:

  1. сыртын қоршап жатқан плазматикалық мембранадан

  2. цитоплазмадан

  3. ядродан

Прокариоттар мен өсімдік жасушаларының плазматикалық мембраналарының сыртында жасуша қабаты болады, ал жануарлар жасушаларында мұндай қабат болмайды. Клетканың ядросын қоршап жатқан қоймалжың затты цитоплазма деп атайды Эукариотты жасушалар цитоплазмасының әртектілігі оның құрамында гиалоплазманың болуынан. Гиалоплазма мембраналы және мембранасыз компоненттерден тұрады. Мембраналы компоненттерге митохондриялар, пластидтер, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, лизосомалар, ал мембранасыз компоненттерге центриольдар, рибосомдар, микротүтікшелер, микрофиламенттер жатады. Цитоплазманың құрамындағы жоғарыда аталған компоненттер бір-бірімен өте тығыз байланыста болады.




3

1.ӨСІМДІКТЕР ЖАСУШАСЫНЫҢ ЯДРОСЫ .
2. ЯДРО ЖӘНЕ ЖАСУШАНЫҢ БӨЛІНУ ЖОЛДАРЫ.
Ядро — цитоплазма сияқты эукариодты клетканың негізгі органелласы. Белгілі пішінге ие болган ядро көк жасыл балдырлар мен бактерияларда ғана жоқ, оларда ядро заты — нуклеопротеидтер клетка ішінде шашырап орналасады.
Клетка ядросын 1831 жылы агылшын ғалымы Роберт Б р а у н ашқан. Ядроның пішіні паренхималық клеткаларда дөңгелек шар немесе эллипс, ал прозенхималық клеткаларда линза немесе уршык тәрізді болып келеді.Өсімдіктің түріне жасына клетканың күйіне ұлпалардың типтеріне байланысты ядроның мөлшері өзгеріп отырады
Ядро - клеткадағы зат алмасу, өсу, даму, көбею, тұқым қуалау, сондай-ақ ондағы белоктардын, ферменттердің синтезделуін реттейді. Сондықтан клеткадан ядроны бөліп қарауға
болмайды, онсыз клетка тіршілік ете алмайды.Ядроның химиялық кұрамының негізгі заты -- күрделі белокты протендтер. Ядро белоктарының ішіндегі маңыздылары - нуклеопротендтер, яғни нуклеин қышқылдарымен қосыла алатын белоктар -- 22, 6%, қалған белоктар -- 51,3%, ДНК -- 14%, РНК -12,1%. Соңдай-ақ ядро кұрамында су және кальций, магний иоңдары бар.
Ядрода нуклеин қышқылдарынын екі тобы кездеседі. Олар:дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) және рибонуклеин қышқылы (РНК). ДНҚ концентрациясы РНК концентрациясынан жоғары ДНК хромосоманың құрамына енеді, оның кұрылымынклетканың бөлінуі кезіңде жақсы байкауға болады.
Ядро мынадай құрылымдық элементтерден тұрады: ядро қа-бықшасы (мембранасы), ядро шырыны немесе нуклеоплазма(латынша nucllus ядро), оны кариолимфа деп те атайды(грекше «карнон» - Ядро), хроматин және ядрошық. Ядрожарык микроскопымен көрінбейтін мембранааралық кеңістігі бар қос мембранамен капталған. Мембрана саңылаулары арқылы ядро мен цитоплазма, эндоплазмалық тор, т.б. органеллалар арасыңда зат алмасуы жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет