Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі



бет8/14
Дата06.11.2023
өлшемі60.23 Kb.
#482436
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Дәріс тезистері (Химия-Биология) 3

ҰРЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ.
ҰРЫҚ ЖӘНЕ ӨСКІН-ГҮЛДІ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ОНТОГЕНЕЗІНІҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢДЕРІ
Күрделі өсімдіктердің жекелей дамуы тұқымбүршігініңұрық қалтасында жынысты жолмен ұрықтанған аналық немесе зиготадан басталады. Даму барысында зиготадан көп клеткалы ұрық, ал тұқымбүршігінен тұқым қалыптасады.Тұқым құрамында ұрық және өніп-өсуіне қажетті қоректік заттар қоры болады. Күрделі өсімдіктерді ұрық, көбеюге және таралуға арналған оның негізгі мүшесі де, олардың бір немесе көп дәнді жемісінде орналасқан.
Ұрықтың барлық күрделі дамужолын , астық тұқымдастарға қолдана отырып 3 кезеңге бөлуге болады.
1.Бастапқы кезен.

  1. Мүшелер қалыптасатын кезең.

  2. Соңғы кезең.

Көпшілік жағдайда жетілген тұқымда ұрық мүшелері қалыптасқан болады. Онда ұрықтық өркен, ұрықтық тамыр, екі тұқымжарнақ – қосжарнақтыларда, бір тұқым жарнақ- даражарнақтыларда, ал қалқан жапырақтыларда –көп болады. Тұқымның жоғарғы жағында меристемадан тұратын дөңес пішінді өркеннің өсу нүктесі болады.
Кейбір өсімдіктерді өркеннің өсу нүктесінде тұқым жарнақтан кейінгі алғашқы жапырақтар қалыптасады, мұндай жағдайда, оны ұрық бүршігі дейді.
Осьтің тұқым жарнақты бөлігін тұқымжарнақты бубн, онан төменгі бөлігін гипокотель немесе тұқымжарнақтың астыңғы қылтасы дейді. Астыңғы қылтаның тамырмен шектескенауданы тамыр, одан әрі ұрық тамыры болады.
Тұқымның қоректік заттардың орналасуына қарай түрлері:
1.Қосжарнақты эндоспермді тұқым.
2.Қосжарнақты эндоспермсіз тұқым.

  1. Қосжарнақты периспермді тұқым.

  2. Даражарнақты эндоспермді тұқым.

  3. Даражарнақты эндоспермсіз тұқым.

  4. Ұрығы жетілмеген немесе редукцияланған тұқым.





9

ТАМЫР ЖӘНЕ ТАМЫР ЖҮЙЕЛЕРІ.
ТАМЫР ҚҰРЫЛЫСЫ. ТАМЫРДЫҢ ТҮРӨЗГЕРІСТЕРІ
Тамыр – жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік мүшесінің біреуі.Тамырға радиальды симметрия тән, ол салыстырмалы түрде цилиндр пішінді өстік мүше.Тамыр төбе меристемасы арқылы оң геотропизм бағытында ұзақ уақыт өсе алады.Тамырдың сабақтан негізгі айырмасы – тамырда жапырақ өсіп–өнбейді және апикальды меристемасы сырт жағынан тамыр оймақшасымен жабылған.
Күрделі және қарапайым риния тәрізділер мен псилот тәрізділерде,сол сияқты мүк тәрізділерде нағыз тамыр жоқ.Риния тәрізділердің жер астындағы мүшесі қалың ризоидтармен жабылған,ризоидтар деп аталатын құрылысы тамырсабаққа ұқсас денеден тұрады. Мүктәрізділерде тамырдың қызметін экзогенді жолмен пайда болған ризоидтар атқарады, ал сфагум мүктерінде ризоидтар жоқ. Сол сияқты тамыр кейбір су өсімдіктерінде: дүңгіршіктерде (Urticularia), жоғары сатыдағы тіршілік ететін өсімдіктер:арамсояуда(Cuscuta), сұңғылада (Orobanche) жоқ.
Тамырда көбінесе экзогенді жолмен қосалқы бүршіктер жетілген. Жанама тамырла сияқты қосалқы бүршіктер экзогенді жолмен де өсіп-өнеді. Қосалқы бүршіктерден өркендер – тамыр атпалары жетіледі. Тамырларында қосалқы бүршіктер пайда болатын өсімдіктер тамыр атпалылар деп аталады. Тамыр атпалы өсімдіктерге ақжелкек (Armoracia) бақбақ,сарықалуен және т.б шөптесін өсімдіктермен қатар, тал,терек, қараөрік,шие, бүлдірген және т.б ағаштар мен бұталар да жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет