Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі


ЖЕМІСТЕР. ЖЕМІСТЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. ЖЕМІСТЕРДІҢ ҚҰРЛЫСЫ МЕН ДАМУЫ



бет14/14
Дата06.11.2023
өлшемі60.23 Kb.
#482436
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Дәріс тезистері (Химия-Биология) 3

ЖЕМІСТЕР. ЖЕМІСТЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. ЖЕМІСТЕРДІҢ ҚҰРЛЫСЫ МЕН ДАМУЫ
Жеміс. Қосарынан ұрықтану жүріп, гинецейдегі өзгерістерден кейін жатынның қабырғасынан жеміс, ал тұқым бүрінен тұқым жетіледі. Жеміс тұқымды (тұқымдарды) сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайтын, өсімдіктердің көбею және таралу мүшесі болып табылады.
Жеміс, жеміс серіктерінен және тұқымнан тұрады. Тұқым барлық өсімдіктерде пісіп жетілгенге дейін жеміс серіктерінің іш жағында (онымен жабылып) сақталады, ал пісіп жетілген соң өсімдіктердің біраз бөлігінде жеміс серігі қақырап, тұқым сыртқа шашылады. Осыған байланысты жемістер қақырайтын және қақырамайтын деп бөлінеді.Жеміс серігі үш қабаттан тұрады: экзокарпий, мезокарпий және эндокарпий.
Экзокарпий — жеміс серігінің ең сыртқы қабаты. Ол жатын қабырғасының сыртқы эпидермасынан пайда болады. Бұл өсімдіктердің түрлеріне байланысты түрлі түсті, жылтыр, түкті болып келеді. Жатынның ішкі эпидермасы, жеміс серігінің ішкі қабаты—эндокарпийдің бастамасын береді. Сүйекті жемістерде (қара өрік, шабдалы және т.б.) эндокарпий сүректенген жасушалар қабаты — склереидадан тұрады, оны тұрмыста сүйекдеп атайды.Жеміс серігінің экзо- және эндокарпиінің арасындағы қабаты оның орталық бөлігін түзеді, оны мезокарпий деп атайды.
Мезокарпиі қалыңдап өсіп, етті және шырынды болуы нәтижесінде шырынды жеміс пайда болады. Жеміс серігінің үш қабаты перикарпиді түзеді. жемістердің мынадай белгілері жатады: 1) жеміс серігі — перикарпийдің консистенциясы (құрғақтығы немесе шырындылығы); 2) тұқымның саны (біреу немесе көп); 3) қақырамайтын немесе қақырайтын жеміс (қақырау тәсілі); 4) жемісті түзетін жеміс жапырақшаларының саны.






15

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТІРШІЛІК ФОРМАЛАРЫ
РАУНКИЕР БОЙЫНША ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТІРШІЛІК ФОРМАЛАРЫНЫҢ СИСТЕМАСЫ. ФЕНЕРОФИТТЕР. ХАМЕФИТТЕР. ГЕМИКРИПТОФИТТЕР. КРИПТОФИТТЕР. ГЕОФИТТЕР. ГЕЛОФИТТЕР. ГИДРОФИТТЕР
Тіршілік форма (экобиоморфа) дегеніміз — формалар түзетін процестің (эволюциялық морфогенездің) ең қарапайым бірлігі (квант). Дәлірек айтқанда тіршілік форма дегеніміз — өсімдіктің сыртқы түрі, ол жекелеген өсімдіктің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделушілігін көрсетеді. Тіршілік формасының морфофизиологиялық оқшаулануы, генетикалық кодтың бақылауымен жүреді. Тек осы генетикалық кодтың қызметінің нашарлауына байланысты, сонымен бірге химиялық әсердің немесе сөулелердің өсерінің шамадан тыс күшті болуына байланысты түзілетін мутацияның, рекомбинацияның (қайта түзілудің), полиподияның негізіңде өсім-діктерде серпінді өзгерістер (скачкообразные изменение) жүреді. Тіршілік формалар туралы білім морфологияның үлкен бөлімін қүрайды. Алғашқы рет бұл ұғым ғылыми термин ретінде «Өсімдіктердің экологиялық географиясының негізін салған Е.Вармингтің (1894 ж.) жұмыстарыңда кездеседі. 1903 ж. Дания ғалымы К.Раункиер, сол кездегі белгілі ғылыми мөліметтерді қорытындылай отырып, тіршілік формасының классификациясын жасаған. К.Раункиердің классификациясы жылдың қолайсыз мезгілінде өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің орналасуы мен қорғану тәсілдеріне негізделген. Бұл кітапта ол қысқартылып беріліп отыр фанерофиттер (Рһ) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің бетінен 25 см биіктіктен жоғары орналасады; хамефиттер (Сһ) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері төмен орналасады (жердің бетінен 25 см биіктіктен төмен орналасады); гемикриптофиттер (Н) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері, жердің бетінің деңгейімен бірдей орналасады және оларды өсімдіктің қурап түскен қалдықтары немесе топырақтың жоғарғы қабаты жауып, қорғап тұрады; криптофиттер (К) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің немесе судың астыңда орналасады; терофиттер (Т) — біржылдық өсімдіктер, жылдың қолайсыз мерзімін, тұқым күйінде басынан өткізеді. Бұл классификация басқа классификациялардан құрылысының таңқаларлықтай қарапайымдылығымен және жүйелілігімен айқын ажыратылады. Оның физиологиялық аспекті — өсімдіктің жылдың тыныштық кезеңіне реакциясы; морфологиялық аспекті — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің жердің бетіне қарай орналасуы мен олардың жылдың қолайсыз мезгілінде қорғану тәсілдері. К.Раункиердің классификациясы жан-жақты (универсальды), ол жер шарының барлық экологиялық-географиялық аудандарында таралған барлық тіршілік формаларын қамтиды. Сонымен бірге бұл система нақтылы, жақсы жүйеге келтірілген систематикалық топтардың: туыстың, туыстардың топтарының, немесе тұқымдастардың деңгейінде негізге алынады. К.Раункиердің системасы жабық тұқымдылардың тіршілік формаларын классификациялап қана қоймайды, сонымен бірге олардың ағаштан бастап, шөптесін өсімдіктерге дейінгі экологиясын көрсетеді. И.Джеффридің, А.Н.Красновтың, сонымен бірге Э.Сината







.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет