Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі


ӨРКЕН ЖӘНЕ ӨРКЕННІҢ ЖҮЙЕЛЕРІ. ӨРКЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ



бет10/14
Дата06.11.2023
өлшемі60.23 Kb.
#482436
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Дәріс тезистері (Химия-Биология) 3

ӨРКЕН ЖӘНЕ ӨРКЕННІҢ ЖҮЙЕЛЕРІ. ӨРКЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Өркен тамыр сияқты жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетативтік мүшесі . Оның атқаратын қызметі – фотосинтез (жапырақтар арқылы ) . Споралы өркендер , сол сияқты гүл де көбею қызметін атқарады


Өркеннің тамырдан басты айырмасы – жапырақтың болуы . Сабақтың жапырақ ( бір немесе бірнеше ) өсіп тұрған тұсын буын деп атайды . Кейбір өсімдіктер тобында (астық тұқымдастарда, қалампырларда , қырықбуындарда ) сабақтың буын орналасқан жері білеуленіп айқын білініп тұрады , ал кейбір өсімдіктерде ол нашар байқалады . Егер жапырақ немесе жапырақтар шоғы сабақты толық орап алса , онда ол жабық буын деп , ал жапырақ буынды қоршамай орналасса , ашық буын деп аталады .
Сабақтағы бір буыннан екінші буынға дейінгі қашықтық буын аралығы делінеді .Сабақтың жапырақ орналасқан буындағы жапырақ пен сабақ бөлігінің арасындағы бұрыш жапырақ қолтығы делінеді . Өсімдіктердің алуан түрлілігіне қарай буын аралығының қашықтығы да түрліше . Егер буын аралықтары бір-біріне жақын болса , оны қысқарған өркен деп (капуста , қызылша , сәбіздің бас бөліміндегі бірінші жылғы жер таған жапырақтары , бақбақтың , көксағыздың және т.б жертаған жапырақтары ,)егер буын аралықтары бір-бірінен қашық болса оны ұзарған өркен деп атайды . Қысқарған өркенде гүл бүршіктері жетіледі де , олар гүл деп вегетациялық дәірінің соңында жеміс береді . Сондықтан оны жемістік өркен деп атайды. Ұзарған өркен бойлап өсе береді жеміс бермейді немесе өте аз береді.
Көктемде сүректі өсімдіктер бүшік жарғанда бүршік қабыршықтары өз қызметін аяқтап, түсіп қалады . Әрбір қабыршақтың түскен орнында бүршік дағы қалады . Бүршік дақтары бір-біріне қосылып өркеннің өстік бөлімінде бүршік сақинасын түзеді .
Өркенде тән ерекшеліктердің бірі-оның метомерлік құрылысы . Әдетте өркен өсін бойлап , оның негізінен ұшына дейін бірнеше , кейде көптеген буын,буын аралықтары ,қолтық бүршіктер орналасады . Осылай құрылымның заңды қайталану өркеннің метамерлігі деп аталады .
­Өсімдіктің алғашқы өркені , тұқымның ұрық бөлігіндегі ұрық бүршігінен жетіледі . Ол тұқым жарнағының астыңғы қылтасынан , тұқым жарнақтарынан және негізгі өркеннің қалған метамерлері қалыптасатын бүршіктен тұрады . Орналасуы бойынша бұл – төбе бүршігі . Осы бүршіктен өркен бойлап өсіп , оның жаңа метомерлері пайда болады .
Өркеннің ұшы (апексі) алғашқы түзуші ұлпалардан тұрады. Осы ұлпаның белсенді бөлінуінен өркеннің алғашқы (түпкілікті) ұлпалары мен барлық мүшелері қалыптасады . Жас клеткалардың үздіксіз түзілуі апикальды (төбе) меристемасының инициальды клеткаларының шексіз бөлініп , меристемалық қасиетін сақтауына байланысты .
Өркеннің бой конусы тамырдағыдай тегіс емес . Оның бетінде жапырақ примордиялары (латынша primordialis - алғашқы)деп аталатын жапырақ бастамаларының төмпешіктері үздіксіз қалыптасады . Олардың пайда болуы акропетальды ретпен төменнен жоғары қарай жүреді .
Өркеннің ұшында жас өркен метамерлері пайда болады . Кезекті матамер пайда болғаннан кейін (апекстің дистальды апекстің ең жоғарғы ұшы),бөлігінің көлемі едәуір кішірейеді . Келесі метамерге дейін апекстің көлемі белгілі бір мөлшерге дейін ұлғаюы қажет . Бұған кеткен уақыт аралығын платохрон (грекше «пласто »– жасау , қалыптастыру , «хронос»- уақыт ) деп атайды . Пластохронның ұзақтығы барлық өсімдіктерде бірдей емес , өсімдіктің өсуіне қарай өзгеріп отырады




11



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет