МЕХАНИКАЛЫҚ (ТІРЕКТІК) ҰЛПА
ӨТКІЗГІШ ҰЛПАЛАР, ТҮТІК ТАЛШЫҚТЫ ШОҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Механикалық ұлпа - өсімдіктердің беріктігін өлі және тірі ұлпалары қамтамасыз етеді.Тірі клеткалардың механикалық қызметі олардың тургорлық күйіне байланысты.Жас клеткалар,суға қаныққан клеткалар серпімді келеді,олар өздерінің көлемін жақсы сақтайды.Мұндай клеткалардан тұратын өсімдіктердің пішіні де бұзылмайды.Сондықтан ылғалдылығы мол жерлерде,мысалы ылғалды ормандарда,су қоймаларында өсетін өсімдіктерде механикалық ұлпа болмайды,болса да нашар жетіледі.Мұндай ортада өсімдіктердің механикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету клеткалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету клеткалардың тургорлық күйіне байланысты. Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарына арналған оқулықтарды (П. М. Жуковский. Ботаника, М,. 1966, 1982; В. Х. Тутаюк. Анатомия и морфология растений. М,. 1980; В. Г. Хржановски.й. Курс общей ботаники. М,. 1982; және т.б.) механикалық ұлпалар клеткалары пішініне, клетка қабықшаларының химиялық құрамына және сол қабықшалардың қалыңдау ерекшеліктеріне, сондай-ақ орналасуына қарай: колленхима, склеренхима, склереида деп бөлінеді.
Колленхима – өсімдік мүшелерінің сыртында эпидермасы астарлай орналасатын тірі арматуралық ұлпа.
Склеренхима – өсімдіктер мүшесіне ерекше мықтылық беретін ұлпа. Склеренхима клетка қабықшалары бір қалыпты қалыңдайтын, бір–бірімен тығыз орналасқан ұзын прозенхималық клеткалардан тұрады. Склеренхиманың жеке клеткасын қалың қабықшалы немесе қарапайым талшық деп атайды.
|
|
7
|
ӨТКІЗГІШ ҰЛПАЛАР, ТҮТІК ТАЛШЫҚТЫ ШОҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Өткізгіш ұлпалар (ксилема, трахеялар) – қоректік заттарды өсімдіктердің денесіне тарататын клеткалардың тобын өткізгіш ұлпа деп атайды. Атқаратын қызметіне сәйкес өткізгіш ұлпа клеткалары іші қуыс түтікшелерден тұрды. Бұлар бір-бірімен өзара қосылып, түтікшелер жүйесін түзеді. Ксилема (сүрек) (грекше «ксилос»- ағаш). Ксилема құрамына:трахеялар (сосудтар),трахеидалар, тірі паренхималық клеткалар және механикалық талшықтар енеді.Трахеялар мен трахеидалардан түзілген түтікшелер жүйесі тамыр арқылы қабылданған қоректік заттарды өсімдіктердің жер бетіндегі өркен бөлігіне , яғни сабағына,одан жапырағына қарай өткізеді. Сондықтан өткізгіш ұлпалардың бұл жолын «жоғарғы ағыс жолы » деп атайды. Трахеялар өсімдік мүшелеріне бойлай тік бағытта бір-бірімен түйісіп орналасқан тірі паренхималық клеткалардан болады.Ол клеткалардың жас кезінде клетка қабықшалары жұқа,ядролары ірі, клетка іші протоплазмаға толы болады.Клеткалар біртіндеп ұзарып өседі,протоплазмаға қабықшаның ішкі қабырғаларына қарай ығысады,клетканың бүйір қабырғалары поралар қалдырып қалыңдайды және сүректенеді.Мұндай клеткалар арқылы су және онда еріген заттар қозғала бастайды.Клеткалар тез тозады,оларды ірі вауольдер пайда болады.Бір -біріне тіркесіп жатқан клеткалардың қалыңдамаған көлденең қабырғаларында саңыраулар (перфоранция) пайда болады, кейде ол қабырғалартегіс еріп кетеді де тұтас түтікке, яғни трахеяға айналады.Мұндай трахеялардың бойымен заттардың қозғалуы күшейеді, клеткалардың протопласт бөлімі өледі.
|
|
8
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |