Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі


Тамыр көптеген физиологиялық және механикалық қызметтер атқарады. Олар мыналар



бет9/14
Дата06.11.2023
өлшемі60.23 Kb.
#482436
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Дәріс тезистері (Химия-Биология) 3

Тамыр көптеген физиологиялық және механикалық қызметтер атқарады. Олар мыналар:
1.Суды және онда еріген минералдық заттарды қабылдап,оны сабақ және жапыраққа қарай жылжытады.
2. Өсімдіктердің топыраққа бекініп,өркеннің жоғары қарай бойлап өсуін қамтамасыз етеді. 
3.Дерон,Д.А.Савинин,И.И.Туманов және басқа зерттеушілердің жұмыстарынан тамырда кейбір органикалық заттардың синтезделетіні белгілі.
4.Тамырда қор заттары жиналады.
5.Топырақта тіршілік ететін организмдер саңырауқұлақтар бактериялармен үйлесіп селбеседі.
6.Вегетативтік жолмен көбею қызметін де атқарады.
Тамырды және тамырлар жүйесін негізінен шығу тегі морфологиялық ерекшеліктері және экология тұрғысынан жіктейді. Шығу тегіне қарай тамырлардың 3 типін ажыратамыз. Олар:негізгі тамыр, жанама тамыр және қосалқы тамыр. Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан өседі.Қосалқы немесе адвентивті тамыр сабақтан және жапырақтан сол сияқты өркеннің жер асты метаморфоздары – түйнек,жуашық және тамырсабақтардан өседі.Негізгі және қосалқы тамырардан бұтақтанудың екінші,үшінші және одан кейінгі өстері ретінде жанама тамырла өсіп шығады.
Тамырлар жүйесі деп – бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын айтамыз.Тамырлар жүйесінің 3 типін ажыратамыз: 1-кіндік тамырлар жүйесі,мұнда ұрық тамыршасы ұзарып өсіп,бірінші реттегі өс – негізгі тамыр бұтақтанып одан екінші,үшінші және одан арғы түзетін жанама тамырлар тарайды.Осы ретте негізгі тамыр жүйесі қалыптасады.2-ші кейде 3-ші реттегі жанама тамырлар өздерінің қуаттылығы өс диаметрінің үлкендігі, ұзындығы және орталықта орналасуы бойынша жанама тамырлардан айқын бөлектеніп,ерекшеленіп тұрады.Мұндай тамырлар жүйесі жоғары сатыдағы өсімдіктердің ашық тұқымдылар бөлігіне және жабық тұқымдылар бөлімінің қосжарнақтылар класының басым көпшілік өкілдеріне тән. Екінші сызықша қосалқы тамырлар немесе шашақ тамырлар жүйесі.Мұнда негізгі тамыр жүйесі нашар жетілген,қосалқы тамырлардан көлемі жағынан айырмасы болмайды.Тамырлар жүйесінде қосалқы тамырлар қуатты жетіліп,басымдық білдіреді.Шашақ тамырлар жүйесі дара жарнақтыларға, әсіресе,астықтарға тән,ол сирек жағдайда қос жарнақтыларда кездеседі.Үшінші – аралас тамырлар жүйесі Мұндай тамырлар жүйесінің құрамына негізгі тамыр,жанама және қосалқы тамырлар енеді.Бұлар қос жарнақты шөптесін өсмдіктерде жиі кездеседі.
Тамырларды морфологиялық ерекшеліктеріне қарай жіктегенде негізінен олардың пішінінің алуантүрлілігі,консистенциясы,бұтақтану ерекшеліктері және кеңістікте орналасуы ескеріледі.Пішіні жағынан әдетте кең тараған тамырлар: цилиндр тәрізді, жалпақ жапырақты кермек, ұршық тәрізді,шомыр тәрізді,түйнек тәрізді тамырлар.
Тамырлардың экологиялық 4 типі ажыратылады. Олар:жерасты тамыр, сутамыр, ауатамыр және гаусториялық тамырлар.Жерасты тамырлары тұтасынан немесе жартылай топырақ арасына таралады.Мұндай тамырлар жоғары сатыдағы өсімдіктердің 70% қамтиды.
Сутамырлары су қабаттарында орналасады. Су түбіне жетпейді.
Ауатамырлары ауада болады,атмосфералық ылғалды сіңіреді.Мұндай тамырлар ылғалды тропикалық орманның эпифидтеріне тән.қа
Гаусториялы тамыр паразитті тіршілік ететін,негізгі өсімдіктердің денесіне еніп,ондағы дайын қоректік заттарды сорып,қабылдау қызметін атқарады.






10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет