Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі



бет3/14
Дата06.11.2023
өлшемі60.23 Kb.
#482436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Дәріс тезистері (Химия-Биология) 3

Ядроның шырыны -- мөлдір сұйықтық. Бұл ядро органеллаларының (хроматин, ядрошық) қарым-қатынасын жүзеге асыратын орта болып табылады. Ол арқылы хабар беріліп, РНК
ядро саңылауларына қарай жылжиды.
Хроматин ядро шырыныңда тор түзіп орналасады. Хроматин -- ядроның бөліну барысында ғана байқалатын хромосоманың ерекше күйі.
Ядрошық -- пішіні шар төрізді тығыз дене. Ядрода ол біреу,кейде бірнешеу болып келеді. Ядрошық мембранамен қоршалмай нуклеоплазмада бос орналасады.
Химиялық құрамына рибонуклеинопротендтер (РНП), липопротендтер, фосфопротендтер тән. РНК концентрациясы ядрошыкта цитоплазмадағыдан және ядродағыдан артық.
Негізгі қызметі -- рибосомада рибонуклеин қышқылын синтездеу.
Ядроның жоғарыда баяндалған құрылымдық элеметтерін негізінен электрондық микроскоп арқылы ғана көруге болады. (Е.А.Агелеуов.,Ботаника.-39-41б)
Ядро және клетканың бөліну жолдары. Клетканың клеткалардың пайда болуы қазіргі кезде ғылымда толық дәлелденгенімен бірден анықтала қойған жоқ. Клетка теориясын жасаушылардың бірі Шлейден (1838) жас клеткалар клетка ішіндегі құрылымсыз заттардан пайда болады деген болжам айтты. Мұңдай пікірлер кейін де өріс алғанмен баянды бола алмады.
Клетканың бөлінуін алғаш байқаған Г. Моль (1835) еді.Ол бөліну арқылы қарапайым организмдердің көбейетінін, сол сияқты көп клеткалы организмдердің клетка саңдарыныңартуына байланысты бөліну арқылы жүзеге асатынын дөлелдеді.Бөліну процестері: 1) белгілі бір түрге тән ядро менцитоплазманың арасыңдағы қалыпты көлемдік қатынастың бұзылып, цитоплазма мөлшерінің шамадан тыс артуынан клетка ішндегі тіршілікке қажетті нәрселерді ядроның реттейалмайтындай жағдайға келуінен, 2) клетканың көлемі мен бетінің ара қатынасынан (клетка бетінің көлеміне қатынасы,
оның мөлшеріне кері пропорционал, яғни оның көлемі бетіне қарағанда тезірек өседі. Егер клетканың диаметрі екі есе өссе,оңда көлемі сегіз, ал беті тек төрт есе ғана өседі 3) клетканың
бөлінуге өз дайындығынан, яғни қажетті мөлшерде белок,нуклеин қышқылдары және энергетикалық материалдардыжинауынан болады, Жлетканың бөлінуі әр уақытта ядроның
бөлінуінен басталады Мұның мынадай үш типі бар: амитоз,митоз және мейоз.
Амитоз. Бөлінулің бұл жолын алғаш рет 1840 жылы Н.Железнов сипаттап жазған. Амитоз кезіңде аналық ядро, солсиякты клетканын калған органеллалары ешқандай құрылымдық өзгеріске ұшырамай, жай ғана екіге бөлінеді, нәтижесінде екі жас клетка пайда болады. Бұл клеткаларға ядро заттарының бөлінуі тең қатынаста емес, соңдықтан олардың биологиялық теңдігі қамтамасыз етілмейді. Амитоз жоғары сатыдағыөсімдіктерде сирек кездеседі. Төменгі сатыдағы өсімдіктер балдырларға, саңырауқұлақтарға және физиологиялық белсенділігі төмен клеткаларға жатады. Сол сияқты амитоз «кәрі» және ауру ұлпалардың клеткаларына тән деген жорамал.
Митоз. Ядро клетканың зат алмасуын басқаратын орталығы ғана емес, сонымен катар ДНК молекулаларында оның тұқымкуалаушылық касиетін қалыптастыратын әрі сақтайтын да орын
болып табылады. Сондықтан да ол басқа органеллалардың бірінен жасалмайды және тікелей цитоплазмада пайда болмайды.Жаңа ядролардың пайда болуы әрдайым бұрыннан бар ядроның бөлінуіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет