Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет3/8
Дата09.06.2016
өлшемі2 Mb.
#124891
1   2   3   4   5   6   7   8

Новокаинмен тежеу әдісі

Новокаинмен тежеу әдісін ең бірінші рет зерттеп, ұсынған академик А.В.Вишневский. Кейінгі жылдары оның оқушылары мен ісін жалғастырушы ғалымдар бұл негізгі патогенездік терапияға көптеген жаңалықтар мен толықтырулар енгізді. Малдәрігерлік хирургия саласында А.В.Вишневский мен Л.С.Сапожниковтардың жетекшілігімен И.Я.Тихонин жылқылардың бүйрек маңайына новокаинмен тежеу жасау (паранефралды немесе белдеме тұсының блокадасы) арқылы емдеу әдісін ұсынды. Кейіннен М.С.Сенькин осындай әдісті ірі қара малына жасауды көрсетті. Сөйтсе де, мал дәрігерлік хирургияда елеулі жетістік деп В.В.Мосиннің еңбегін атап өткен жөн. Ол кісінің ұсынған эпиплевралды новокаинмен тежеу әдісі бүйрек маңайына новокаинмен тежеу жасау әдісінен әлдеқайда тиімді нәтиже берді. Себебі бұл әдісте новокаин күн сәулелі және бүйрек маңындағы түйіндерді құрайтын симпатикалық және парасимпатикалық нерв элементтеріне бірдей әсер етеді.

И.Я.Тихониннің ұсынған блокадасы асқазан мен ішектердің қозғалу функциясының бұзылуының динамикалық түрінде жақсы әсер еткенімен оның механикалық түрінде, керісінше, аурудың жалпы жағдайын нашарлататыны байқалған. Бұл әдіс жылқылардың энтералгия, ішектердің газбен керілу, копростаздың кейбір түрлерінде, асқазанның жіті түрде кеңеюінде; ірі қара малының месқарнының асқа толып керілуінде, алдыңғы қарыншақтардың атония ауруында жақсы терапевтикалық тиімділік көрсетеді. Болашақта, басқа емдеу әдістерімен кешенді түрде қолданғанда, бүйректің жіті түрінің қабынуында, туған малдың шуы көпке дейін бөлінбегенде, эндометритте, ойық жараларда, сыздауық-шиқандарда, есекжемде, хирургиялық қабыну процестерінде жақсы нәтиже береді деген болжам бар.

В.В.Мосин өзінің әдісін жылқылар мен ірі қара малдарының қатты жарақаттан естен тануында, операциядан кейін іштері кепкенде, қуықтың қабынуында, спастикалық шаншу құбылысында, тұяқтардың қабынуында ұсынған. Блокаданы екі жағынан да жасаған тиімді делінген. Кейіннен көптеген авторлар бұл әдісті күйіс қайыратын малдардың алдыңғы қарыншақтарының



8 – ші сурет. Сиырдың белдеме тұсына блокада жасау әдісі.


атониясында, жылқылардың асқазанының жіті түрде кеңеюінде, газбен керілуінде, капростазда жақсы терапевтикалық тиімділікпен қолданған. Тақия қарыншақ пен құрсақ қуысының жарақатты қабынуында қолдануға болмайтындығы дәлелденген.

А.И.Федотов, В.Г.Кулик, Н.А.Уразаевтар төменгі мойын тұсының және жұлдызша симпатикалық нерв түйінін новокаинмен тежеу әдісін ұсынған. Олар өкпелердің катаралды және крупозды қабынуларын емдеп жақсы нәтиже алған.

Сиырлардың емшектерінің қабынуының кейбір түрлерінде новокаинмен тежеудің қысқаша түрі тиімдірек болатыны байқалады. Іріңді індетті ауруларда новокаин ертіндісіне антибиотик қосып артерияға жіберу әдісі ұсынылған. Жылқылардың миоглобинурия ауруын новокаинның 1 %-ды ертіндісін венаға жіберу арқылы әмдеу әдісі ұсынылған.

Новокаинмен тежеу әдісін іріңді және септикалық процестерде, ағзалардағы патологиялық процесс тереңдеп кеткенде, арық малдарға қолдануға болмайды.

Новокаинмен тежеу әдісінің кейбір теориялық негіздері.

Новокаинмен тежеу, оның ертінділерін венаға, артерияға жіберу әдістерінің емдік және профилактикалық әсерлерін зерттеп білуде орталық жүйке жүйесінің, оның шеткергі және вегетативті бөліктерінің анатомиялық және физиологиялық деректерін пайдалану керек. Іріңді-өлі еттену және басқа да індетті процестерде новокаинмен емдеуді микробтарға қарсы әсер ететін дәрілік заттармен, операция жасаумен және басқа да емдеу әдістерімен кешенді түрде жүргізудің қажеттілігін естен шығармау керек.



Новокаин - парааминді бензой қышқылының күрделі эфирінің хлорлы сутекті тұзы мен диэтиламинді этанолдың қосылысы. Оның әсер ету диапазоны өте кең. Тілде жансыздану сезімін тудыратын, судың және спирттің 8 бөлігінде еритін иіссіз, түссіз крисстал. Қышқылды реакциясының судағы ертінділеріне төзімді, қайнатып зарарсыздандыруға болады. Еріткіш ретінде Рингер сұйығын, натрийдің изотониялық ертіндісін немесе дистілденген суды қолданады. Ұнтақ түрінде және ампулаға 1-5 және 10 мл құйылған 0,5-2 % ертінді түрінде шығарылады. Ұнтақты сақтықпен «Б» тізімі бойынша сақтайды. Сірке қышқылды ортада бүлінеді. Бүлінгенде түрі сарғыш тартады. Егер ертіндінің түрі қатты сарғайған болса, онда ондай ертіндіні қолдануға болмайды. Ертіндіні тұрақтандыру үшін 0,1 %-ды хлорлы сутегі қышқылын қосады.

Новокаин нейротропты дәрілік заттардың қатарына жатады. Оның әсері рефлекс доғасының барлық бөліктерінде де байқалады. Сіңгеннен кейін тікелей орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Синапстарда қозу процесінің берілуі қиындайды. Себебі, ол ацетилхолиннің түзілуін азайтады, шеткергі холинореактивті жүйесіндегі қозу процесін төмендетеді. Жұлын миының нейрондарының синапстары қатты, ал сопақша мидың нейрондарының синапстары аздап қажиды. Холинергиялық ганглия нервтерінің адренергиялық нервтерге қарағанда новокаинға сезімталдығы жоғарырақ болып келеді. Жүрек, өкпелер мен ішектердің рецепторларының қозуын тежейді; олардың көптеген рефлекстерін қажытады.

Новокаин организмде ыдыраған кезде парааминді бензой қышқылы және диэтиламинді этанол түзіледі. Олар организмдегі зат алмасу процессіне қолайлы әсер етеді, жүйке жүйесінің қозғыштығын бәсеңдетеді, фоли қышқылының синтезін жақсартады. Осыны негізге ала отырып, новокаинды медицинада эндоартериттерде, атеросклерозда, гипертония ауруында, буындардың ревматикалық қабынуында және басқа да ауруларда қолданады. Сульфаниламид препараттарының әсерінің негізінде бәсекелестік парааминді бензой қышқылының түзілуі жатыр. Сондықтан оларды қатарынан қолдануға болмайды.

Новокаин қан тамырларын тарылтпайды және сол себепті қанға оңай сіңеді. Ал қан тамырларының өзегін тарылту және сол арқылы жергілікті әсер етуін күшейтіп, мерізімін ұзарту үшін оны қан тамырларының өзегін тарылтатын дәрілік заттармен, хлорлы сутекті адреналин ертіндісімен, қосып қолданған дұрыс (100 миллилитріне 10-40 тамшы). Адреналин ұлпаларда ишемия құбылысын тудыру арқылы новокаинның әсер ету кезеңін 3-5 есе ұзартады. Сондай-ақ, новокаинның майлы ертінділері ұзақ уақытқа ауырсыну сезімталдығын басады: 2 % ертіндісі 10 сағатқа дейін, ал 8 % ертіндісі бірнеше тәулікке дейін. Спирттегі ертінділері судағы ертінділерінен әлдеқайда ұзағырақ әсер етеді.

Новокаинды инфильтрациялық анестезия үшін кеңінен қолданады. 0,25 – 0,5 %-ды ертіндіні 30 – 300 мл мөлшерінде, ал жекелеген жағдайларда бірнеше литр мөлшерінде еңгізеді. Анестетиктерді хлорлы натрийдің изотоникалық немесе Рингер ертінділерімен, организмге сіңуді әлсірету және қан ағуды азайту үшін адреналинмен қосып еңгізу қолайлы болып табылады.

Тежеу әдісінде көбінесе новокаинның 0,25 % - ды ертіндісін қолданады. Ертіндіні 100 – 1000 мл мөлшерінде қабыну ошағындағы жүйкелердің бойымен еңгізеді. Әсері 15-25 минуттан кейін басталып, 2-10 күнге дейін созылады. Новокаинмен тежеу ем ретінде тимпанияда, энтералгияда, жатырдың қабынуында және басқа да бірталай ауруларда: пододерматитте, ұзақ уақыт жазылмайтын жараларда, жіті іріңді артриттер мен шелдің іріңдеп қабынуында қолданылады.

Новокаинды жұлындық анестезия үшін де қолдануға болады. Ол үшін оның 1-2 %-ды ерітіндісін омыртқа өзегінің эпидуралды кеңістігіне еңгізеді. Малдәрігерлік тәжірибеде төменгі сегізкөз және құймышақ анестезиялары қолданылады. Бірқатар реттерде новокаин ерітіндісін артерияға жіберіп емдейді. Атап айтқанда, жылқының тұяғының аймағында болатын іріңді өлі еттену процестерінде оның 1 %-ды ерітіндісін 0,1 % мөлшерінде этакридинмен қосып 30-60 мл-ден араға 3-4 күн салып 3-5 рет жібереді. Новокаинның 0,25 %-ды ерітіндісін гипертонияда, ішек түйілуінде венаға еңгізеді.

Новкаинның майлы ерітіндісі шабдалы немесе алхоры майында ерітілген 0,5 – 1 және 2 % - ды ертінді түрінде ампулада 5 мл – ден шығарылады. Салқын, қараңғы жерде сақталады. Ұзақ уақыт анальгетикалық әсер етеді. Ұзаққа созылатын ауырсыну түрінде өтетін процестерде қолданылады.


Мойынның ваго-симпатикалық жүйке жүйесін новокаинмен

тежеудің техникасы. Вегетативті орталықтарды тітіркендіргенде рефлекс арқылы өкпе тіндерінде дистрофиялық өзгерістер пайда болады. Көптеген авторлар ондай өзгерістердің жоғарғы мойынның симпатикалық түйіндерін сілтілер мен қышқылдар арқылы тітіркендіргенде де пайда болатынын анықтаған. Онда альвеоллалардың арасындағы тіндердегі капиллярлардың гиперемиясы, ісінуі және альвеолла қуысына қан элементтерінің шығуы, қабынудың пайда болуы байқалған. Жүйке орталықтарын скипидармен тітіркендіру арқылы өкпенің қабынуын тудыру осыған негізделген. Кезеген жүйкені скипидармен тітркендіргенде малдарда ошақты бронхопневмония, жүрек көрсеткіштерінің өзгеруі және кезеген жүйкенің қабынуы байқалады. Ондай өзгерістер малдардың организмінің реактивтілігіне тікелей байланысты болып келеді. Мысалы, үй қояндарының кезеген жүйкелерін тітіркендіру өкпенің бір жақты қабынуын туғызса, теңіз шошқаларында екі жақты қабыну мен эмфизема дамыған.

А.Д.Сперанский өкпе қабынуларының патогенезіндегі жүйке жүйесінің ролін экспериментті түрде дәлелдеген. Өкпе қабынуларының дамуында жүйкелік-дистрофиялық өзгерістердің әсерлері туралы келесі тұжырымдарға келген:



  1. Жүйке жүйесіне әртүрлі әсерлердің нәтижесінде өкпе тіндерінде терең өзгерістер болуы мүмкін;

  2. Ол өзгерістер тітікендіргіштердің сапасына және тітіркендіру орнына байланысты болады;

  3. Малдарға жасалған эксперименттердегі өкпе тіндеріндегі терең өзгерістер бас ми мен жұлынның жоғарғы сегменттерінің бағаналарына тікелей механикалық және химиялық тітіркендірулердің нәтижесі;

  4. Шеткергі тіндердегі осындай өзгерістер жылдам, кейде бірнеше минуттың ішінде дамуы мүмкін;

  5. Тиісті аймақтағы жүйке жүйесін қалпына келтірмейінше өкпе ауруын жазу мүмкін емес.

Г.В.Домрачевтың пікірінше кейбір жағдайларда өкпелердің қабынуының негізінде организмнің реактивтілік және сенсибилизациялық құбылыстары басты рөл атқаруы мүмкін. Бұл процесте симпатикалық жүйке жүйесі негізгі рөл атқарады.

К




9 –шы сурет. А.И.Федотовтың кау -

далды мойын симпатикалық

түйінін новокаинмен тежеу әдісі.

1 – VII мойын омыртқасының қа –



наты, 2 – ерітінді жіберетін жер.
өптеген авторлардың пікірінше мойынның жоғарғы симпатикалық түйіндерін тітіркендіргенде гипофизде нейрогенді тітіркену пайда болады. Оған жауап ретінде қанға вазопрессин гормоны көптеп бөліне бастайды. Ол гормон өкпедегі қан айналу процесін өзгертеді, қабыну процесінің дамуына себепші болады. Ал ол түйінді новокаинмен тежегенде қабыну ошағынан бас ми қабына баратын импульстар үзіледі, осы аймақтағы жүйкелік қарым-қатынас қалыптасады.

А.И.Федотовтың әдісі бойынша мойынның төменгі симпатикалық (каудалды) түйінін новокаинмен тежеу. Бұл әдіс жылқы малына қолданылады. Жылқыны станокқа тұрғызып бекітеді де, алдыңғы аяғын артқа қарай жылжытады. Саусақпен сипалау арқылы 7-ші мойын омыртқасының қанатын және қабырғаның жоғарғы үштік бөлігінің алдыңғы шетін табады. Омыртқа қанатының алдыңғы бұрышынан тік сызық түсіреді, ал қабырғаның алдыңғы шетінен көлденең сызық жүргізеді. Осы екі сызықтың түйіліскен жері ине кіргізетін нүкте болып табылады. Тәжірибе жүзінде көптеген малдарда бұл нүкте 7-ші мойын омыртқасынан 2,5-3,5 см төмен, ал қабырғаның алдыңғы шетінен 3,5-4,5 см алда болады. Инені қисайта отырып алға, төмен бағыттап 2,5-4 см тереңдікке (малдың қоңдылығына байланысты) 150 – 200 мл 0,5 %-ды новокаин ертіндісін жібереді. Мұндай жағдайда Бобровтың аппаратын қолданған дұрыс. Керек болған жағдайда тежеуді 4-5 күннен кейін қайталауға болады.

В.Г.Куликтің әдісі бойынша мойынның орталық симпатикалық түйінін новокаинмен тежеу. Ол үшін ірі малды станокқа бекітеді. Ұзындығы 8-10 см инені мойынның үш бөлігінің ортаңғы бөлігі тұсынан, кеңірдекке қатар, иненің үші кеңірдекке тірелгенше, тік еңгізеді. Күре тамыр мен ұйқы артериясын жарақаттап алмауға, иненің үші арқылы қосымша тітіркендіру туғызбауға тырысу керек. Ол үшін инені көп қозғалта бермей, оның сыртқы үшіне резина түтік жалғап алған жөн. Сол түтікке шприцті қосып, 0,25 %-ды новокаин ертіндісінің 50 мл мөлшерін жібереді. Одан кейін инені шығарып алады да, мойынның бойымен 6-7 см төменірек жерден екінші рет инені жоғарыдағыдай әдіспен еңгізіп, сондай мөлшерде сол ертіндіні жібереді. Малдың қай жағына тежеу жасау керек екендігі патологиялық процестің орналасуына байланысты болады. Оны клиникалық тексеру арқылы анықтайды. Ертіндінің қарсы жаққа кетіп қалмауын қадағалау керек. Өкпенің патологиялық жағдайында кезеген жүйке екі жағынан бірдей тежелгенде ауру малдың өліп кетуі мүмкін. Тежеудің дұрыстығын жүрек соғысы мен дем алу жиілігін ертіндіні жібергенге дейін және одан кейін (10, 20, 30 минут) санау арқылы бақылауға болады. Егер тежеу әдісі дұрыс істелген болса, онда жүрек соғысы минутына 5-8 соғысқа жиілейді, ал дем алысы аздап төмендейді. Келесі тәулікте патологиялық процестің дамуында терапевтикалық өзгеріс байқалмаса, онда новокаинмен тежеуді келесі жағына 1-2 күннен кейін қайталайды.

В.К.Хохлачев жұлдызша түйін мен оның тармақтарын новокаинмен тежеу иықтың үшбасты бұлшық етінің аймағына жүргізу қолайлы деп есептейді. Инені кіргізу нүктесі тоқпақ жіліктің ортасы арқылы жүргізілген көлденең сызықтан аздап жоғары, иықтың үшбасты бұлшық етінің латералды басының орта тұсының алдыңғы жағынан анықталады. Нүктені анықтағаннан кейін Бобров аппаратының инесін тұрған жылқыға, тік, 5-6 см тереңдікке еңгізіп барып, 0,7 %-ды хлорлы натрий ертіндісінде дайындалған 0,5 %-ды новокаин ертіндісінің 150 мл мөлшерін оң және сол жағынан жібереді. Мұнда, автордың айтуынша, алдыңғы аяқтың және тежеу жасалған аймақтың тактильді, ауырсынғандық сезімталдықтары жойылмайтын көрінеді. Бұл әдісте новокаинның ертіндісі жұлдызша түйінге жетпейді, оның терапевтік тиімділігі новокаин ертіндісінің сіңу арқылы рефлекторлық әсерімен түсіндіріледі.

Жұлдызша түйінді Ленинград ветеринариялық институтыны хирургиялық клиникасының әдісі бойынша тежеу.





10 –шы сурет. Шошқаның жұлдызды түйі-

нін тежеу үлгісі. 1 – новокаин ерітін –

дісін жіберетін жер.

Бұл әдіс жылқы мен ірі қара малдарына қолданылады. Малды станокқа тұрған бойында бекітеді де, алдыңғы аяғын мүмкіндігінше артқа қарай жылжытады. Сипалау арқылы бірінші қабырғаның алдыңғы шетімен оның бас жағындағы төмпешігін табады. Инені бірінші қабырғаның артқы шетімен, төмпешіктен аздап төмендеу алып, көлденең бағытта бірінші кеуде омыртқасының денесіне тірелгенше еңгізеді. Одан кейін инені омыртқа денесіне параллель бағытта аздап төмен жылжытып барып ертіндіні жібереді. Новокаинның концентрациясы, мөлшері мойынның төменгі симпатикалық түйінін тежегендегідей.




11 –ші сурет. Сиырдың жұлдызды түйінін

новокаинмен тежеу әдісі. 1 – новокаин

ерітіндісін жіберетін жер.
Мұндай тежеу шошқаларға Г.А.Кононовтың әдісі бойынша жүргізіледі. Малды бір жағына жатқызып бекітеді де, тиісті алдыңғы аяғын артқа қарай жылжытады. Инені жауырын сүйегінің мойын тұсының краниалды шетінен 7-ші мойын омыртқасының қанатының төменгі артқы шетіне қарай бағыттап еңгізеді. Одан кейін ненің үшін 5-8º-қа жоғары бағыттап 1-1,5 см-дей жылжытады да, новокаинның 0,5 %-ды ертіндісін 0,5 мл/кг мөлшерінде жібереді.
Н.А.Уразаев ұсынған ірі қара малының мойын тұсындағы жұлдызша нерв түйінін новокаинмен тежеу әдісі.

Автор бұл әдісті бұзаулардың өкпе ауруларын емдеу үшін қолданған. Ол үшін бұзауды тұрған бойында бекітіп ұстап, тежеу жасайтын жақтың алдыңғы аяғын мүмкіндігінше артқа қарай тартып ұстайды. Сипалау арқылы 6-шы мойын омыртқасының көлденең қанатының үшін табады да, одан 3-4 см төменірек жерде ине еңгізетін нүктені анықтайды. Иненің үшін артқы жаққа қарай бағыттап, бұзаудың қоңдылығына қарай, 3-8 см тереңдікке еңгізеді. Новокаин ертіндісін 0,45 %-ды хлорлы натрий ертіндісінде дайындайды. Тежеу үшін новокаинның 0,25 %-ды ертіндісін 1 мл/кг мөлшерінде малдың екі жағынан кезекпен жібереді.


Мойын ваго-симпатикалық новокаинмен тежеу әдістерінде клиникалық бақылаулар. Жоғарыда келтірілгендей бұл әдісті жылқыларға А.И.Федотов, В.Г.Кулик, В.К.Хохлачев; бұзауларға Н.А.Уразаев қолданған. Барлық авторлар бұл әдісті сау малдарға қолданғанда олардың тамыр соғысының, дем алысының және дене қызуының физиологиялық деңгейде әжептәуір өзгеретіндіктерін байқаған. Олардың деректері бойынша тежеуден кейін 15-20 минут өткенде тамыр соғысы жиілейді, ол көрсеткіш 25-30 минутта жоғарғы деңгейге жетеді де, 80-85 минуттан кейін қалпына келеді.

Бұл әдісті өкпе ауруларында қолданғанда бастапқыда аз уақытқа аурудың белгілерінің асқына түскені байқалады: дене қызуы көтеріледі, ауырсынғандық білінеді. Бірақ ол өзгерістер тез арада қалпына келеді де, өкпедегі процесс оң бағытта шешіледі: дем алысы терең, ырғақты; жүрек соғысы үдей түседі, тамыр соғысы жиі және толық; малдың тәбеті қалпына келеді. Ауру малдар жиі жазылады. Новокаинмен тежеу әдісін аурудың себептеріне қарсы қолданылатын әдістермен кешенді түрде жүргізгенде емдеу нәтижесі жоғары болатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген.

С.М.Чебунина жұлдызша нерв түйінінің маңайына новокаинмен тежеу жасау арқылы иттер мен қойлардың миокардит ауруын емдеген. Жүрек етінің қабынуының жіті түрінде новокаинмен тежеу әдісі патогенездік емдеу әдісі ретінде тиімді әсер еткен: ауру малдың жалпы жағдайы жақсарған; миокардиттің белгілері жойылған; қан қысымы, ФКГ, ЭКГ және қан көрсеткіштері қалыптасқан; 4-5 тәуліктің ішінде ауру малдар жазылған.

К.К.Мовсун-заде новокаинмен тежеуді аурудың алғашқы кезінде қолданғанда нәтижесі жоғары болатындығын хабарлайды. Автор бронхопневмониямен, созылмалы бронхитпен және эмфиземамен ауырған малдарға новокаинмен тежеуден кейін бром препараттарын қолданып; новокаинды венаның ішіне жіберу арқылы емдеп жақсы нәтиже алған. Осындай патогенездік емдеу әдістерінің тиімділігін автор орталық жүйке жүйесінің тепе-теңдікке келуімен; тіндердің трофикасының жақсаруымен; осының салдарынан болатын өкпелердегі, бүйректердегі, жүрек етіндегі және басқа да ағзалардағы дегенеративтік-дистрофикалық және қабыну процестерінің оңды өзгерістерімен түсідіреді.



Плевраүстілік новокаинмен тежеу әдісінің техникасы.

Е.Н.Павловский мен В.М.Калашников ішкі жүйкелерді тежеудің ірі қара малының жоғарғы жүйке жүйесінің қызметіне әсерін тексерген. Новокаинның 0,5 %-ды ертіндісімен екі жақты жасалған тежеу импульстың берілуін тоқтатуды үдете түскен.

И.М.Макалеев күйіс қайыратын малдардың ішкі жүйке жүйесі мен шекаралық симпатикалық бағаналарын новокаинмен тежеу тақия қарын, месқарын және ұлтабарлардың жирылуының күшін әлсіреткен және санын азайтқан. Автордың пікірі бойынша мұндай өзгеріс ас қорыту жүйесінің интерорецепторларынан импульстың симпатикалық жүйе арқылы түсуінің шектелуі салдарынан ас қорыту жүйесіне әсер ететін орталықтың тонусының төмендеуімен түсіндіріледі. Кезеген жүйкені новокаинмен тежеу асқазан бөліктерінің жирылуын тоқтатады және сілекейдің бөлінуін екі сағаттай азайтады.

Клиникалық тұрғыдан дені сау сиырға бұл әдіспен тежеу жасағанда қан құрамындағы лимфоциттер мен эозинофилдердің көбейгені, ал бунақты ядролы нейтрофилдердің азайғаны байқалады. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметтері белсендендіріледі: қанның артериалдық және веноздық қысымдары жоғарылайды, төлдерде қан айналысы жылдамдайды; кальцийдің мөлшері көбейеді, ал калийдің мөлшері азаяды; белок фракциясының өзара қатынасы өзгереді.

Я.И.Клейнбоктың пікірі бойынша шаншу құбылысымен сипатталатын ас қорыту жүйесінің ауруларының негізгі патогенездік факторы – ауырсынғандық. Ауырсынғандық неғұрлым күштірек және ұзағырақ болса, солғұрлым вегетативті жүйке жүйесінің бөліктерінің ара қатынасының бұзылғаны және орталық жүйке жүйесінің реттеушілік қабілетінің нашарлағаны айқынырақ байқалады. Міне, осындай жағдайда патологиялық ошақтан бас ми қабына баратын импульсты үзу новокаинмен тежеудің терапевтикалық әсерінің негізі болып саналады.

И.Д.Медведевтің пікірінше шаншу құбылысымен сипатталатын аурулардың спастикалық және невралгиялық түрлерінде новокаинмен тежеу патогенетикалық емдеудің негізгі әдісі болып табылады.

В.В.Мосин бұл әдістің құрсақ қуысының және онда орналасқан ағзалардың әртүрлі себептермен қабынуында әсерін зерттей келе төмендегідей тұжырымға келген:


  1. Құрсақ қуысының және онда орналасқан ағзалардың ауруларының патогенезінің негізінде орталық жүйке жүйесінің, ондағы бас ми қабының, функционалдық жағдайы мен рецепторларды тітіркендіргіш факторлардың күші мен әсер ету уақытының ұзақтығы жатыр;

  2. Жүйке жүйесі ауру ошағынан келетін күшті ауырсындыратын импульстарға кері трофикалық реакция береді де, ол жердегі зат алмасу процесін бұзады. Торшалардың ауруға қарсы тұру қабілеті нашарлайды, олардың көбі өлі еттенеді де, микроорганизмдердің өсіп-өнуіне негізгі субстратқа айналады;

  3. Жүйке жүйесінің рецепторлары патологиялық ошақтағы өзгерістерді бас ми қабына үнемі, тұрақты түрде жеткізіп отырады. Қайта-қайта тітіркендіруден бас ми қабы қажиды, торшаларының функционалдық қасиеттері нашарлайды;

  4. Аурулардан сақтандыру және емдеу іс-шаралардың негізі бас ми қабын патологиялық ошақтан келетін тітіркендіргішдерден қорғау болып табылады. Ол үшін этиологиялық факторларды жою немесе күшті тітіркендіргіш факторларды тоқтату, оларды әлсіз физиологиялық импульстармен ауыстыру қажет.

В.В.Мосин үй жануарларының барлық түрлеріне жан-жақты эксперимент жасай отырып өз қорытындысын ұсынды. Олардың ішіндегі негізгілері төмендегідей:

  1. Малдардың құрсақ қуысындағы ағзаларға операция жасаған кезде жүйке жүйесіне қорғаныс әсер ететін сенімді әдіс - ішкі жүйкелер мен шекаралық симпатикалық бағаналарды плевраүсті новокаинмен тежеу әдісін құрсақ қуысының қабырғасын инфильтрациялық жансыздандырумен қоса жүргізу;

  2. Құрсақ қуысының және ондағы ағзалардың рецепторларын тітіркендірмес бұрын новокаинмен тежеудің аталмыш әдісін қолдану ол жерлерде қабыну процесінің дамуынан сақтандырады;

  3. Бұл әдіс құрсақ қуысы мен ондағы ағзалардағы қабыну процесіне тиімді терапевтикалық әсер етеді, ал дамыған перитонитте ешқандай терапевтикалық тиімділік көрсетпейді;

  4. Жалпы наркозбен немесе жергілікті жансыздандыру арқылы жүргізілетін операциялардың алдында немесе артында осындай тежеуді қолдану операциядан кейінгі болатын перитониттен сақтандырады.


К.Геров ұсынған новокаинмен тежеу әдісінің техникасы.

Бұл әдіс төлдердің ауруларын емдеу үшін қолданылады. Мысалы, бұзаулардың диспепсия ауруын емдеуде новокаинның 0,5-1 %-ды ертіндісін 1 мл/кг мөлшерінде құрсақ қуысына жібереді. Перитониттен сақтандыру үшін ерітіндіге 5 мл антибиотикті төлдің 1 кг салмағына есептеп қосады. Инені төлдің оң жағынан, соңғы қабырғаның ортасын сербекпен қосатын сызықтың орта тұсынан енгізеді. Емдеу кезінде төлге жұмсақ төсеніш, Соллюкс шамымен жылу туғызып, физиологиялық ерітінді берген жөн. Осындай жағдайда төл аштықты сезбейді, ауырсынғандық болмайды, жұмсақ, жылы жерде ұйықтайды. Бұл әдіс И.П.Павловтың ұйқымен емдеу әдісіне сай келеді.

Осындай әдіспен торайлардың да диспепсия ауруын емдеуге болады. Тек құрсақ қуысына инені енгізу әдісі басқаша. Торайды артқы аяқтары арқылы, басын төмен салбыратып бекітеді. Ине қарынның ақ сызығынан 1,0-1,5 см оңға немесе солға ауытқып, соңғы екі емшектің ортасы арқылы, 1-2 см тереңдікке енгізіледі.

Ветеринарияда жиі қолданылатын новокаинмен

тежеу әдістерінің техникасы.
Жоспары:


  1. В.В.Мосин, И.Я.Тихонин, М.М.Сенькин ұсынған новокаинмен тежеу әдістерінің техникасы.

  2. Сиырлардың желінсау ауруын емдеуде қолданылатын новокаинмен тежеу әдістерінің техникасы.


В.В.Мосин ұсынған эпиплевралды тежеу әдісі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет