Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03


Пало-Альто мектебінің өкілі



бет20/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73
Дәріс

Пало-Альто мектебінің өкілі Джей Хейли, «мәселені шешу терапиясы» әдісінің авторы. Ол М. Эриксонмен бірге бірнеше төсілдерді қарастырды. Хейлидің айтуынша, отбасы қатынасы ерлі-зайыптылардың арасын бақылау деңгейіндегі күрес болып табылады.
Отбасы терапиясында емдеу мәнді болсын десеңіз, терапевтік кездесуге отбасы мүшелерінің бөрінің келуі абзал. Хейли отбасы терапиясына бірнеше директивтер қосқан. Тапсырманы орындай отырып, отбасы мүше- лерінің әрқайсысы өз ойын тепе-тең деңгейде айтуға немесе орындауға мүмкіндік алады. Тапсырма мақсаты:
-отбасы мүшелерінің мінез-құлқын өзгерту;
-отбасы мүшелерімен қатынас құруда қосымша ынталандыратын тәсілдер табу;
-отбасы мүшелерінің әрекетін зерттеп білу;
-отбасы мүшелеріне қолдау көрсетіп отыру.
Хейли, сондай-ақ метафралық және парадоксальды
тапсырмаларды да қолданатын еді. Алғашында жағдай мен әрекет арасындағы ұқсастықты табуда көзқарастар әр түрлі болып келді, екіншіде қарсыласу байқалды, бірақ әркім өз мінез-құлқын қажетті бағытқа бұра отырып өзгерді.
XX ғасырдың 60-жылдары Мюррей Боуэн отбасы психотерапиясының төрт ұстанымын құрастырды:
1.Қатынасты анықтау және түсіндіру.
2.«Үшбұрышқа қатыстырмау» (психотерапевт қақтығысқа эмоционалды қатыспай, назарын тек қатынас процесіне аударады).
3.Ерлі-зайыптылардың мәнді эмоционалды қарым- қатынасты меңгеруі.
4.«Мен көзқарасы» сабағы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет