14. Дәріс тақырыбы: Баланың жеке ерекшеліктеріне байланысты психологиялық көмек
Дәріс жоспары:
1.Баланың жеке ерекшеліктеріне байланысты психологиялық көмек беру туралы.
2.Отбасында «қиын балаға» психологиялық көмек беру.
Дәрістің мазмұны:
1.Баланың жеке ерекшеліктеріне байланысты психологиялық көмек туралы
Мектепке алғаш барған кезде шағым мәселесі баланың мінез-құлқына, жекелік ерекшелігіне байланысты болып келеді. Бұл мәселені микрожүйеде, отбасының психологиялық қызметі туралы қарауда отбасы жүйесінің үйлесімсіздігі дәлел бола алады. Бала мәселесіне ата-ана өзара қатынасы да жатуы мүмкін.
Көбіне ата-атаның психологке шағымданып келу мәселелері:
-жекелік-тұлғалық ерекшелігі: жылауық, қатал, қасарушылық, өз айтқаннан қайтпайтын, жай басар, ұйымшыл емес:
-мінез-құлқындағы мәселе: ұрлайды, өтірік айтпайды, үйден қашады, мектепте нмесе балабақшада жанжал шығарады, өзіне және өзгеге дене жарақатын салады, ойыншықтарды сындырады, жиі жылайды, ешкіммен қарым-қатынасқа түспейді, кешке дейін үйде жалғыз отырады, телевизор көреді немесе компьютерде ойын ойнайды, ешнәрсеге қызықпйды, оған бәрібір;
-үлкендермен немесе құрбы-құрдастармен өзара қатынастың бұзылуы: құрдастарымен сирек кездесуі, сәтсіз отбасы балаларымен дос болуы, досының болмауы, баланы мектепте, аулада мазақтауы, ұруы, үлкендермен қатынасқа түсе алмауы, ата-ананың, мұғалімнің, тәрбиешінің сұрағына жауап бермеуі, олардан жылап қашуы, отбасындағы әпке-інісімен нашар қатынаста болуы, ата-ананы баланың тыңдамауы, өзара түсіністіктің болмауы;
-баланың мектептегі оқу- үлгерімінің төмендеуі.
Шағымға қарамастан, тиянақты түрде толық диагностика(бала мәселесі, ерлі-зайыптылар мәселесі, ата-ана мен бала қатынасы мәселесі) жүргізу керек. Бала – ең қорғансыз отбасы мүшесі, өз алдына қолдауды қажет ететін «әлсіз звено», ол отбасы қызметінің сақталуын түсінетін, қолдайтын байланыс көпірі. Психолгтың ұстанымы баланың таңдауы мен қызығушылығына қолдау көрсету болып табылуы керек. Диагностика басында отбасы мүшелерінің әрқайсынан мәсеге байланысты пікірлерін, әңгімелерін аңдап алған жөн.
Психолгиялық көмек алуға көбіне баласының қауіпті дамуында ауытқуы бар ата-аналар келеді. Бұл белгілі қиындық, ол жас және жекелік психолгиялық ерекшелігіне , «Мен өзім» деп өз айқанында тұруына, эгоцентризм, жаңа жағдайға қорқа және үрейлене қаралуына , қарқынды және тура реттелуіне байланысты. Бала дамуындағы ауытқуға байланысты мәселелер төмендегідей болады:
-когнитивті өрісте кері кету, алға баспау (зейіннің, қабылдаудың, ойлау мен естің, қиял мен сөйлеудің бұзылуы);
-эмоционалды дамудағы бұзылыс (қобалжу, қорқу, фобии, ерте балалық аутизм);
-баладағы мінез-құлық мәселелері (гипербелсенділік, агрессивтілік) кейбір коммуникативті дағдыларды меңгерудұрыс қалыптаспағандықтан, үлкендер мен достары арасындағы өзара әрекет күрделенеді.
Психолог-кеңесші диагностика жүргізе отырып, баладағы ауытқудың сипатын анықтайды. Қажет деген жағдайда арнайы мамандарға ұсыныс беру ( логопед, психоневролог, дефектолог ). Негізгі жұмыс баламен жүргізіледі, онда ата-ананың уайымы мен қарсыласуына көңіл бөлмеу қажет. Психолог-кеңесші алынған нәтиже көрсеткішімен міндетті түрде ата-ананы хабардар етіп, таныстырып отырады. Қажет деген жағдайда ерлі-зайыптыларға кеңес берумен қатар, психологиялық көмек беруі керек. Кешенді түрде отбасылық жүйедегі терапия мен психотеропевт жұмысына коррекциялық топпен жұмыс қосу.
Достарыңызбен бөлісу: |