Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.
11. Дәріс тақырыбы: Отбасы психотерапиясының әдістері
Дәріс жоспары:
1.Рефлексия туралы түсінік.
2.Отбасылық пікірталас туралы.
3.Директивті (нұсқау) әдістеме туралы.
4.Конфронтация туралы.
Дәрістің мазмұны:
1.Рефлексия туралы түсінік.
Отбасы психотерапиясының әдістері (қимылдар жиынтығы) көмегімен психотерапевт белгілі психотерапевтік міндеттерді шешеді. Отбасы психотерапиясында кеңінен қолданылып жүрген әдістемелер төмендегідей;
Рефлексия - іс-әрекеттің жүзеге асырылуын бақылау. Дж. Лонк бекіткен көзқарас екі мазмұнда қарастырылады:
-Психикалық пікірлесуге мүмкіндігі бар ішкі жол әрекеті,оның өзі екі деңгейде: 1) қабылдау, ойлау, ниет;
2) бақылау және қабылданған ой, ниет.
-Өзіне ғана зерттеу жүргізе алады.
Интероспекция әдісінде: 1) сана психологиялық құбылысқа бірге бейімделеді; 2) психологиялықфакторлар таза күйінде алынады.Негізгі максаты: қылықтық реакциялардағы дефицитті жою;бейімделу әрекетін кушейту;қобалжудың ауыр реакцияларын жою;босаңсу қабілетін дамыту; өзінтаныта білу.Әдістемелік негіздері: И.П.Павловтың классикалық жұмыстары; Бихевиоризмнің негізін қалаушы Д.Б.Уотонның (1878-1958) еңбектері;Б.Ф.Скиннердің (1904-1990)оперантты бихевиоризмі; Д.Вальпеннің (1915) реципрокты тежелу бойынша жұмыстары.
Психологиялық кеңес беру мінез-құлықты бағалаудан немесе клиенттің проблемалық зоналарын функционалды талдаудан басталады.
Көрсетілген реттілік бойынша СРП талдау деп аталады, кейде бұл мәліметтер қылықтық мониторинк күнделігі ретінде толтырылады.
Мәліметтерді жинақтау кезінде «неліктен?» сөзінен басталатын сұрақтар қойылмайды. «Қалай?», «қашан?», «қайда?», «не?»сөздерінен басталатын сұрақтар қойған дұрыс.
Ақпаратты жинау жолдары:сұхбат; медициналық тексеру; бұрын жүргізілген психологиялық бақылаулар жайлы есеп;өзіндік есепке арналған сауалнама (мысалы, «қорқыныш сауалнамасы» адамдардың бастыктары мен, қызметтестерімен қатынас кезіндегі қорқынышын анықтайды).
- өзіндік бақылау және арнайы күнделікті тізбекті толтыру;
- табиғи жағдайда тікелей бақылау;
-табиғи жағдайда жанама бақылау;
-модельденген жағдайда тікелей бақылау.
Ақпарат жиналған соң кеңес беру мақсаты анықталады.Жұмысты ең маңызды мәселелерден бастау қажет.
Гиперқозу және гипер тітіркену сияқты рефлекторлық реакциялармен күрес жүргізу үшін бұлшық ет релаксациясын дамыту әдістемесі қолданылады.Әдістемені құрастырған -Эдмунд Джекобсон, кең таралуына әсер еткен -Джозеф Вольце. Әдістеменәң мәні-зейін концентрациясы көмегімен клиентте алдымен бұлшық еттердегі қысымды сезінуді қалыптастыру.
Үрейлену, қорқыту сияқтылармен күресу үшін жүйелік десенсибилизация әдістемесі қолданылады.Бұл әдістемені Дж.Вольпе 1952жылы ұсынды.
Жүйелік десенсибилизация әдістемесінің теориялық негізі мынадай:
-адамның бейімделмеген қылығы,оның ішінде невротикалық,интерперсоналық қылығы көп жағдайда қобалжу мен оның төменгі деңгейі арқылы анықталады;
-қиялда болып жатқан әрекеттерді шын өмірдегі әрекеттермен теңестіру(босаңсу жағдайында орындайтын болса);
- егер уақыт бойынша қорқынышты тудыратын стимулдар мен антогонистік қорқыныш стимулын біріктіретін болсақ, урейді басуға болады.
Десенсибилизацияның мынадай түрлері бар.
1.Ддесенсибилизация in vivo (шынайы өмірге). Бұл түр шынайы өмірде бірнеше рет қайталанатын жағдайларға қолданылады. жұмыс сатылары :
а) қорқыныш тудыратын жағдайлар иерархиясы құрастырылады:
б) шынайы жағдайлардағы жаттығулар қарастырылады
2.Қатынастық десенсибилизация. Психологтің қатысуы мен қауіпсіздікке кепілдік бар жағдайда клиентті қорқыныш тудыратын обьектіге(мысалы,итке) тиюге итермелейді.
3.Эмативті қиял. Балалармен жұмыс жасау барысында қолданылады. Балалар қиялының жақсы дамуы басқа эмоциональды жағдайға ауысып кетуге көмегін тигізеді.
Тұлғааралық әсерлер дағдысының толық жетілмеуі кезінде мінез құлық дайындығы әдісі қолданылады,яғни клиентке жаңа адекватты реакцияларды туындататын рөлдік ойындарды ойнату. Егер клиент басқа адамдардың қылығына үреймен қараса,ассертивтілік тренингін өткізу қажет.
Отбасылық пікірталас отбасылық тәжірибеде соңғы кездері жиі қолдануда.Пікірталасты көп жақты мақсатта қарастырса болады: отбасы өзара карым - қатынасы туралы қате түсінікте болуы мүмкін, психотерапевт соны аңғарып пікірталасты іскерлік тұрғыда жүргізу қажет. Отбасы пікір таласында қолданылатын негізгі тәсілдерге жататындар: үнсіздікті пайдалану, тыңдай білу, сұрақ арқылы меңгерту,қайталау,жалпылау,жеке мүшелерінің пікірлері мен конфрантацияға келу. Сол кезде отбасында жемісті өмір сүру үшін қажетті дағды мен іскерлік жетіспейтіні анықталады.
Циркулярлы сұхбаттасу. Мақсаты - қарым - қатынасты қадағалау, дәстүрлі сауалнама мен салыстырғанда әрекет айырмашылықтары туралы нақты ақпарат алу.Церкулярлы сұхбаттасу - сұрактарды құру мен әңгімені ұйымдастырудағы ерекше техника, ол отбасы мүшелерінің арасындағы айырмашылықты анықтауға бағытталған.
Тарихи анықтама:бұл әдістемені милак мектебінің терапевтері ойлап тапқан - М.Селвини,Палацциоли,Л.Босколо,Д. Чеккин, Дж.Прата.
Жүргізілу процедурасы.Циркулярлы сұхбаттасу циркулярлы сұрақтардың ерекше түрін қолдануды көздейді. Тікелей сұрақтарға қарағанда,олар отбасы ішіндегі өзара іс-әрекет туралы психотерапевтке және отбасына да маңызды ақпарат береді. Мысалы, ''Cіздердің қайсысыңыз көбірек бақытсызбын дейсіз?''немесе ''Бұл жағдайда сіздердің араңыздан кім көбірек қарастырылады?''. Салыстыру үшін отбасы мүшелерінен ''Аналарыңыз бақытсыз ба ?''деген сызықтық сұрақ қойылады, ол бір курделі жауапты көздейді. Отбасылық терапевтке отбасы мүшесінің бірінің (әкесі) мейірімді екенін білгеннен гөрі , оның әйелі немесе қызына деген бауыр басушылығында айырмашылык бар ма, соны білген пайдалы.
Өңдеу-бұл психоанализдің негізгіқұралы болып табылады және психотерапияның барлық бағыттарында кеңінен қолданылады. Р.Р.Гринсон бойынша ;''өңдеу -саналыларға санасыз феномен жасау '' дегенді білдіреді.
Өңдеудің бастау алар нүктесі психологиялық терапия, осыған психотерапевт өз жұмысын негіздейді.
Директивті ( нұсқау ) әдістеме - отбасы алдына қойған мақсатқа жету жету үшін берілетін нұсқау. Нұсқау - мынаны орында, басқаша жаса, нені жасау, нені жасамау түрінде беріледі. Директивті әдістеменің орындалуы дұрыс қолданылуына байланысты. Сонда ғана отбасы тыңғылықты зерттеледі. Директиваны қолдану барысында психолог клиентке қандай іс-әрекет жасау керектігін айтып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |