Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет24/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73
Дәріс

«Отбасы мүсіні» жаттығуы.
Жаттығуды орындау үшін қажетті жиһаздары жиналған бөлме қажет. Әр қатысушы кезекпен мүсіншіге айналады. Ол өз отбасының бейнесін
“жанды мүсін”үлгісінде жасайды. Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін өзі таңдап, бөлмеге орналастырады Идеал ретінде мүсінші өзінің рөлінде де адам таңдайды.Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан көп болса, мүсінші өз рөлін өзі ойнайды. Соңында мүсінші өзінің жұмысын талдайды. Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты деген бірқатар сұрақтарға жауап береді . Бұдан кейін жетекші мүшеге отбасын өзі көргісі келетіндей етіп кайта орналастыру ұсынылады.
№2 жаттығу. “Отбасын ойнайық !”
Топ “отбасыларға” бөлінеді. Ішкі топтар бөлімінің әр түрлі бөліктерінде орналасады. Қатысушылардың міндеті-“отбасы” құрамын, отбасы мүшелерінің жас ерекшелігін, отбасылық рөлдерді анықтау.Әр қарысушы немене мен айналысатынын, қайда қызмет атқаратынын,қандай киім киетінін , таңертеңгілік асқа не жақсы көретінін, барлығын ойластырады. Отбасы мүшелері жай күн мен демалыс күндеріде қалай өткізтінін жайлы, міндеттерін қалай бөлетінін туралы, қарым-қатыныстары қандай, отбасы мәселерін коллегиялық түрде шеше ме, әлде отбасының басты адамы бар ма деген сияқты жағдайларды қарау керек.Отбасы өз тегін ойлап табады, айналадағы адамдарға айтпайтын отбасылық құпиясын ойластырады. Барлық ойластырулар қағазға бетіне жазбалар мен суреттер түрінде тіркеледі . Суреттердің саны мен мазмұны әр отбасында жеке немесе жалпы орындалады .
Тапсырманы орындағаннан кейын әрбір ішкі топ кезекпен өз “отбасы таныстырады, содан соң отбасынан нақты сұрақтар қойылады .
Бір маңыздысы ,қатысушылар қандай отбасы құрамын таңдайтынын анықтау қажет: толық отбасы ма , әлде толық емес пе, отбасында балалар бар ма, жоқ па. Жеткіншектер, әдетте отбасының басты адамы ретінде әкесін таңдайды . Әжесі мен атасы бар отбасыларының қатынастары жақсы , бір –бірімен ұрыспайды . Көптеген ұсыныстарды қатысушылар бас тартады (науқастану, алкоголизм, кедейлік).
№4 жаттығу “ Бір тізбекпен байланысқан ”
Әрбір отбасында оның мүселері бір –бірімен тығыз байланысады ,бір-бірімен әсер етеді . Берілген жаттығу отбасындағы қатынасты түсінуге береді. Әр қатысушы 1метр ұзындықтағы жіп үзіндісімен әрбір “отбасы” үшін жіп орамасы және қайшы даярлап қою қажет.
Қатысушылар белдеріне жіпті байлайды. Содан соң қолымыз аралықта кейін тұрып ,әрқайсысы бір –бірінің жібін жалғастырады. Барлық отбасы мүшелері байланады. Ешкім бос қалмауы керек.
Бұл жіптерді әр түрлі сезімдер ретынде қарастыруға болады : махаббат ,мазасыздық ,қобалжу , басқаларға жауапкершілік . Жаттығудың соңында әр адам өзінің жеке өміріне құқысы бар деп жіптерді босатамыз .
№ 5 жаттығу “Өзінің болашақ отбасы жайлы түсініктер ”
“Көздеріңді жұмып, босаңсыңыз және барлықтарыңыз өзіңіздің ішкі кеңестеріңізге еніңіз. Сіз ересек адамсыз екеніңізді ұмытпаңыз . Міне, сіз көшеде келе жатырсыз, өз үйіңізге жақындадыңыз , баспалдақпен көтеріліп келе жатырсыз есікті өз кілтіңызбен ашасыз. Сіз не көріп тұрсыз ,не істеп тұрсыз қандай иістер сезесіз? Сіздің отбасыңыз сізді қуана қарсы алып жатыр немесе әркім өз ісімен айналысып жатыр. Сіз бөлмеге өттіңіз . Жақсылап қарап алыңыз ,не көріп тұрсыз, онда кім бар екен ? ”
Нәтижесінде әрбір қатысушы не көргені жайлы айтып береді . Бұл жаттығуда тренинг барысында бірнеше рет жүргізуге болады.
№6 жаттығу “ Менің отбасым – қазір және болашақта ”
Қатысушыларға осы тақырыпқа екі коллаж жасау ұсынылады . Коллажбен жұмыс істеу барысында картоның үлкен парақтарын ,ватман ,әр түрлі қағаз,түрлі түсті газеттер,журналдар , ашық хаттар , жарнамалық қағаздар ,ескі кітаптар пайдалануға болады .Әдетте ,жеткіншектерге коллаж жасаған ұнайды ,бірақ ұсынылған тақырыптар кейде қиындық тудырады . Жеткіншек өзін жалғыз сезінуі мүмкін .Тек өзі ғана отбасын белгілейтіндей болып көрінеді .Бұл жағдайда жетекші оған қолдау көрсетіп, оның назарын басқа жақын адамдарына аударуға ұмтылу қажет
Коллаж жасап болғанан кейін қатысушылар өз жұмыстары жайлы әнгімелеп бере алады .
№7 жаттығу . “ Идеалды отбасы”
Жеткіншек идеалды отбасын қалай елестетеді ? Жеткіншектердің балаларды “ дұрыс ” тәрбиелеу , “жақсы” балалар жайлы түсініктері қандай ? Бұл тақырыптарды тек талықылап қана қоймай ,сурет түріенде бейнелеуге болады .
Кіші жеткіншектер идеалды отбасын ата-аналарының балаларына деген махаббатымен түсіндіріледі . Олардың пікірінше, махаббат дегеніміз баланың қалағанынан сатып әперіп ,ештеңеге қарсылық көрсетпеуден көрінеді .Ал бала барлық уақытта ата-анасын тыңдайды , айтқанын бұлжытпай орындайды . Сол үшін балаларын ешқашан жазаламайды .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет