Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03


Отбасында «қиын балаға» психологиялық көмек беру



бет29/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73
Дәріс

2.Отбасында «қиын балаға» психологиялық көмек беру.
Соңғы кезде мектеп жасындағы балалар дамуында, әсіресе оқу әрекетінде қиындық туындап, жекелік-эмоционалды өрісінде бұзылыс байқалуда. Осындай балалармен психодиагностикалық-коррекциялық жұмыс жасауда кешенді ықпал етуді ұйымдастыра білу (педагог, психолог, дефектолог және психоневролог) керек. Отбасындағы «мәселелі баламен» жұмы жүргізу мазмұны:
1. Бұзылыс фактісін анықтау.
2.Ата-анасын хабардар етіп, қажетті арнайы мамандарды (псиатр, психолог, дефектолог және психоневролог) бағыттау.
3.Бала ата-анасымен психотерапевтік жұмыс жүргізу.
Психологиялық көмек көрсету М.М. Семаго пікірінше, арнайы мамадардың ақпарат беруіне, ата-ананың қабылдау дайындығына байланысты. Егер ата-ана берген ақпаратты мойындамай, мәселеге байланысты балада оның дамуы туралы күшті аффектілер әсерде болса, онда оның пайдасы жоқ.
Психолог міндеті:
а) ата-ананың ақпаратты дұрыс қабылдауына жағдай туғызу, алдын-ала әңгімеге тартып, сол тақырып көмегінде түсінігін бақылау, осы мәселе байланысты коррекциялық тәрбие жұмыстарының ұзақтығына психологиялық даярлығын қалыптастыру.
ә) отбасы мүшелерін, ата-аналардың өзін кінәләу сезімін, стресті жеңу, эмоционалды тұрақтылық туралы жұмыс жүргізу. Отбасы мүшелері осы дағдарыстың дамуын бағалау, көңіл бөлу және жеңу жолдарын, тәсілдерін меңгеріп, отбасыішілік ресурстарды табуы қажет. Психологиялық көмек алу үшін арнайы мамандармен кездесу ата-ана тарапынан бала туралы ақпаратты жасырып, шындықты айтпауға әкеледі. Оларды өзіндік мотивация, шынайылық болмайды. Сондықтан алдымен ата-ананың мотивациясын көтеру жұмыстарын жасау керек. Психолог-кеңесші «мәселелі баласы» бар отбасымен алғашқы кездесуінде келесі міндеттерді шешеді:
1.ата-анамен байланысқа түсе білу. Яғни, психологтың отбасы мүшелеріне қолдау көрсетіп, оларды бар назарымен тыңдай білу. Алдымен отбасы тарихы туралы, баланың даму тарихы, жалпы отбасы өзара қатынасы туралы мәлімет жинайды. Ата-аналар бала мінез-құлқына байланысты қандай сұрақтар түсініксіз болып, қиналып жүргендері анықталады. Оларға ашық түрде алдағы уақытта не күтетіні жайлы да хабардар етіледі.
2.ата-ананы хабардар ету. Кеңесші ата-аналарды басқа да мамандарға бағыттау мүмкін.
3.ата-ананың тапсырысын анықтап алу. Отбасына жүргізілетін жұмыстың қаншалықты тиімді екенін түсіндіріп өту керек.
4.отбасымен келісімне отыру. Келісімшартқа отыру (келіссөз) ата-анамен психолог-кеңесші арасындағы өзара қатынас туралы бекіту. Келісімшартта қаралады: жұмыс уақыты; жұмыс мақсаты мен міндеті; күтілетін нәтиже көрсеткіштері; кеңесшінің әдістерімен ықпал етуі; клиент пен психолог міндеттері; аралық және соңғы бақылау жағдайы; есептеу ережесі (төлемақы жағын келісу, алдын-ала төлеу немесе әр сеанс алдыеда төлеу); қосымша жақтары (кеңесу уақытының өзгеруі, келмей қалу мен кешігу). Отбасының бір мүшесі немесе психолог-кеңесші ауырып қалғанда келісімшарт орындалмай қалса, қатынастары бойынша келіспеушілік туса, төлем жағы бойынша форс-мажор міндеттері; келісімшарт мерзімі (қол қойылған күннен басталады). Келісімшарт ауызша жүргізіледі. Оны түсіндіруде әр пунктін нақты байқай отырып айтқан жөн.
Келесі кездесудің мәнділігі алғашқы байланысқа түсудің деңгейінен, бірге әріптестікте жұмыс жасай ала ма, соны шешді. Терапевтік техникаларды уайымдаудың әмбебап екендігі туралы, құндылық жүйелері, ойлау белгілері арқылы үміт отын жағатын жаттығулар жүргізіледі. Мәселені шешудің альтернативті жолдары туралы қарастырылады. Бала мәселесіне байланысты шешім қабылдаудың қандай жолдары бар екенін кеңесші бағыттап отырады, ал ата-ана шешімді өздері таңдайды. Бұл кезеңде ата-анамен жоспарды жүйелі іске асыру міндеті тұрады.
Қорытынды кездесу. Қол жеткізген нәтиже көрсеткіштерін отбасы мүшелерімен бірге талдай отырып, мақсат пен міндеттердің орындалу деңгейін сөз етеді. Жұмыс барысында қандай да бір мәселе анықталса, қайтадан терпевтік жұмыс басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет