Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет26/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73
Дәріс

Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.


13. Дәріс тақырыбы: Отбасылық дағдарыс процесіне арналған психологиялық көмек
Дәріс жоспары:
1.Ерлі-зайыптылардың рөлдері мен міндеттерін бөлу.
2.Ата-ана мен бала мәселесі.
Дәрістің мазмұны:
1. Ерлі-зайыптылардың рөлдері мен міндеттерін бөлу
Екінші қалыпты дағдарыс дәстүрлі өмірлік циклге ауысу, яғни баланың өмірге келуі болып табылады. Дағдарыстың өтуі балаға жүкті болу мен туу негізінен құралады. Алғашқы 3-5 жыл аралығында бала болмаса, ерлі-зайыптылар арасында мәселенің бар екені білінеді. Алғашқы жүктілік-әйелдік ерекшелікті анықтайтын, дәлелдейтін дағдарыс. Болашақ анаға әсер ететін факторларды біріктірсек төмедегідей:
1.Ана болуға қатынасы,өзінің жүктілігі мен жүктіліктің өтілуі кезеңінде эмоционалды уайымдауы. Ол дене, физиологиялық және психологиялық деңгейде өтеді. Жүктілік кезеңінде өмірдің мәні деңгейде қабылданады: эмоционалды, когнитивті және мінез-құлықтық. Өзін болашақ ана бейнесінде қабылдау іштей баланы сезінуден басталады.
2. Ішіндегі баласына қатынасы. Ішкі қимылды сезіну, өзін ана ретінде толық түсіну болып табылады. Ананың фантазиясы мен күтуі балаға үлкен әсер етеді.
Ананың фантазиясы мен күтуі балаға үлкен әсер етеді.
3.Қоршаған ортаға деген қатынасы. Баланың өмірге келуі диада қатынасын, триадалыққа әкеледі: қатынаста «үшбұрыш» пайда болады. «Үшбұрыш» қатынасына алғаш түсінікті М. Боуэн енгізген, ол үш адам арасындағы кез келген байланыс, бұл термин қазіргі таңда ( әкесі анасы және баласы) отбасылық психология мен психотерапияда кеңінен қолдануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет