«Идеалды отбасы өмірі» жаттығуы.
Қатысушылар отбасылық өмірдегі қуанышты немесе қайғылы оқиғаларды таңдап сахнада ойнайды . Көрініс біткен соң көрермендер өз пікірлерімен бөліседі . Ары қарай көріністі басқа адамдар ұйымдастырады да , қалғандары көрермен болады . Бұл жаттығу отбасының дамуына талқылау жүргізуге мүмкіндік береді .
№ 9 жаттығу . “Өзіңе қолайлы жағдай жаса ”
Жаттығу қатысушылардың бір-біріне вербалды емес формада бағытталуын қажет етеді ,бұл отбасылық өмірдің аналогиясы болып табылады . Біріншіден , жұптарға бөлініп , бір-біріне теріс қарап ,денені босаңсытып ,өзіңе ыңғайлы жағдай тауып алу қажет . Содан соң жұптарға үшінші қатысушы қосылады( ата-аналардың баласы пайда болады ). Жаттығу кейбіреулерге ыңғайлы, ал кейбіреулерге қысымды сезінуге байланысты оңай болмауы мүмкін .
№10 жаттығу “Нәрестелік”
Бұл жаттығу қойылым түрінде жүреді . Үш қатысушы таңдалады . Оның екеуі –әкесі мен анасы , ал үшінсі –нәресте . Мысалы , нәресте тек ым-ишара мен дыбыстар арқылы ғана жауап береді . Ата –ана нәрестеге жақындап ,онымен ойнайды , тамақтандырады ,жайалығын ауыстырады, оның нені қажет ететін түсінуге тырысады. Бес минутан соң қатысушылар рөлдерімен ауысады .Ойын барысынды жетекші отбасының өмірінде болатын қандай да бір жағдайды ойластыруы мүмкін (мысалы, телефон соғады немесе қонақ келеді). “Нәресте”бірдеңе қажет еткен уақытты алуға болады .Жаттығу аяқталған соң, әр “отбасы мүшелері ” өз пікірлерімен бөліседі . Не ойлағаны жайлы, қосалқы жағдай қалай әсер етті, т.б .
№11 жаттығу. “Дүкен”
Қатысушылар “отбасылық жұптарға” бөлінеді. Барлық жұптар бір қатарға отырып , дүкеннен зат сатып алады. Оның сатушысы рөлін жетекші ойнайды . Ойын шарты бойынша барлығы дүкенге суға түсетін киімдерімен келеді.Бір нәрсе сатып алу үшін консультант жасырған сөзді табу қажет . Консультант суреттң алып (мысалы, балалар лотосының карточкасы ), бірінші жұпқа келіп сұрақ қояды: “ Бұл қандай жеміс (көкеніс, жануар, жиһаз )?” Әр жұп кезекпен атап өтеді . Жауабын тапқан жұптар кез келген затты сатып алуға мүмкіндік алады . Әдетте, қатысушылар алдымен киім-кешек, кейіннен пәтер ,жиһаз,көлік сатып алады.
Ерлі-зайыптылар қаншалықты бір-бірімен кеңесті ? Серіктесінің пікірімен санасты ма? Олардың қызығушылықтары қаншалықты сәйкес келеді? Қатысушылар жұптардың қаншалықты байланысты екендігін талқылайды.
Жаттығу өте қызықты өтеді ,сол себепті оны топ бірлігін арттыру мақсатында да қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |