Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03


Сатқындық жағдайындағы көмек



бет31/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73
Дәріс

Сатқындық жағдайындағы көмек
Сатқындық феноменін талдау үш деңгейде:жекелі,микро және макрожүйеде қарастырылады.
Жекелік деңгейде психологиялық көмек бір зайыбымен жүргізіледі.Клиенттің ішкі жекелік мәселесін шешуге бағытталады.Ол «Мен» бейнесін толықтыруға өзіндік бағалауды жоғарылатуға,бала кездегі қақтығыстарды қайта қарап, жұмыс жасауға бағытталады.Бұл ұзақ мерзімді психотерапевтік жұмысты қажет етеді.Қысқа мерзімді курстар:қорқу,қобалжу және күшті эмоциялық қысымды түсіруге бағытталады.Сезім бойынша көмек сұраушыларға келесі міндеттерді шешу қарастырылады:
1.Сатқындыққа байланысты сезімді сыртқа шығаруға мүмкіндік жасау және ненің маңызды,пайдалы екенін айтқызу.Психолог бағалау мен кінәлаудан бас тартып, клиентке «ия,ондай болады», «шындығында осындайлар кездеседі» деген сөздермен қолдану көрсетіп отыру қажет.
2.Сезімнің (өкпелеу,кінәлау,ќызғану,кектену және жеккөру) сатқындық жағдайымен байланысты екенін анықтатып отыру.
3.Ерлі зайыптылардың арасындағы сатқындық әрекетіне зайыбы ретінде өзінің қаншалықты үлесінің бар екенін байқату.Өте сақ болу шарт,алданған адамның жаны жаралы келеді.
4.Некеде қалу немесе ажырасу туралы клиенттің таңдауын қолдап отыру керек.
Микрожүйедегі жұмыс ықпалы:Ерлі-зайыптылар арасындағы қатынасты анықтай отырып,осы сатқындыққа баруға не себеп болды,соны нақтылап алу қажет.
Психолог міндеті:
1.Ерлі-зайыптылардың әрқайсысынан жеке болған жағдайға қатысты пікірлерін тыңдап шығу.
2.Қандай сезімде,эмоцияда болғанын айтқызу.
3.Орын алған жағдай бойынша әрқайсысының үлгісі мен жауапкершілігін бөліп көрсету.
4.Ерлі-зайыптыларды шешімге келтіру,егерде бірге ќалуды жөн деп санаса,онда жаңа «Ерлі-зайыптылар келісімін» жасату керек.
Ерлі-зайыптылар арасындағы міндеттер мен жауапкершілік келісімін қайта қарап, коррекциялау қажет (жағымды әсерлерді белсендіру,үй тапсырмасы,ерлі-зайыптылар бірге өткізетін, көңіл көтеретін көштердің болуы).
Инцест құрбаны болған үлкен адамдарға психологиялық көмек
Психолог алған мәліметті қабылдап,соққы алған тәжірибесімен үш деңгейде жұмыс жасайды:
1.Эмоционалды деңгей: агрессорға және басқа отбасы мүшесіне деген сезімді, яғни реакцияға түсуді аяқтау (Гештальтехника «бос үстел», Б.Хеллингердің отбасылық орналастыру әдісін,арт терапиялық техникаларды пайдалану).
2.Когнитивті деңгей: өткен іске мазмұн-мағына беріп,соққы тәжірибесін қайта әңгімелесу,отбасы қызметіндегі өзінің рөлін саналы меңгерту (А.Шутценбергердің геносоциограмма әдісі;отбасы тарихымен жұмыс; А.Адлердің әдістемесі; «Отбасы суреті» әдістемесі).
3.Мінез-құлықтық деңгей:отбасы мүшелерімен ,жақын адамдармен,әлеуметтік ортамен қатынасты қайта құру (рөлдік ойын,психодрамма,социодрама).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет