Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет30/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73
Дәріс

Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.


15. Дәріс тақырыбы: Жеткіншекке психологиялық көмек беру
Дәріс жоспары:
1.Жеткіншек жасында кездесетін мәселелер.
2.Ата-анасын жоғалтқан балалармен жүргізілетін психологиялық көмек.
Дәрістің мазмұны:
1.Жеткіншек жасында кездесетін мәселелер.
1.Жеткіншекте мотивацияның болмауы, оны ата-анасы, педагогтер әкеледі. Баланың өзі қайда келгенін, не үшін келгенін білмеуі де мүмкін. Бұл балаға өзгеріс енгізудің бір түрі болып табылады.
2.Ата-ана мәселеге қатысты бір-ақ жан жеткіншек деп қарайтын болады. Отбасы жүйесі бүтіндей құрылым болып отырғанда, бұл оны бұзумен бірдей. 
Психолог -кеңесші жеткіншекке кеңес берерде қалыпты жас ерекшелік даму міндеттерін білуі шарт, оған жататындар:
-ата-анадан бөлектену, психологиялық тәуелсіздік алу;
-дағдарыстың жыныстық сәйкестігін, рөлдік байланысын меңгеру. 
- Әлеуметтенуге өту жаңа кезеңінде, отбасынан бөлек сыртта құрбы-құрдастары ортасында терең эмоционалды қатынас орнатуға негізделеді; 
-Жыныстық қатынасқа түсудің бар екенін қабылдауы, жаңа жағдайға бейімделуі. 
Жеткіншек алдындағы психологиялық міндет үш өрістен тұрады: жыныстық, психологиялық (интелектуалдық, жеке бас дамуы, эмоцияналды) және әлеуметтік қарым-қатынас.
-Жеткіншек жасында кездесетін мәселелер көбіне:
-Құрдастар тобындағы өзара қатынас
-Қарама-қарсы жынысты жанмен өзара қатынасқа;
-Ата-анамен өзара қатынасқа; 
-Жеке бас дамуына және өзінде туындаған сұраќтарға байланысты;
-Оқу- ілгеріміндегі қиындықтарға байланысты; 
-Қиналған жағдайдан шығу қажеттігіне байланысты келеді.
1-нұсқада: ата-ана және жеткіншек,ішеуіне кеңсе беріледі (баланың есеюіне байланысты тепе-тең жағдай керек деп психологиялық көмек сұрағанда). 
2-нұсқада:жеткіншектің отбасынан тыс жерде (достармен,мұғаліммен қарым-қатынасында)қиындық туындатуына байланысты үшеуіне кеңес беріледі.Ал келесі кездесу тек жеткіншекпен өтеді,кейін психологиялық тренингтерге қатыстыру. 
3-нұсқада:ата-ана баласының жеткіншек болуына байланысты өзі жетілгісі келетінін қажет етсе (қорқу,жыныстық сәйкестік,жалғыздық,кәрілік),онда ата-
анасымен жекелік кеңес беру ұсынылады.
4-нұсқада:ата-ана мен жеткіншек арасында еш сенім мен байланыс қалмаса.Жеткіншек кеңес беруге келгісі келмей қашуы мүмкін.Үлкендерді қабылдамауынан (мұғалім,ата-ана,кеңесші)психологиялық көмек алуға келушілерді анықтау қажет:
-жеке бір адамға байланысты мәселе (когнитивті,эмоционалды және мінез-құлықтық өрістердің бұзылуы,жекелік балаға немесе зайыбына деген ашуы);
- ерлі-зайыптылар арасындағы мәселелер;
- ата-ана мен бала жүйесіндегі мәселе;
- жалпы отбасы жүйесіндегі мәселе;
- отбасының сыртқы әлеуметтік ортамен қатынасы жайлы мәселе.
Егер психолог барлық отбасы мүшесімен жұмыс жасайтын болса, онда әрқайсысына бөлек,жеке жұмыс берілуі керек.Аралық кездесуде кеңесші жеткен жетістіктерді нақтылап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет