Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03


Отбасы тарбиесінің негізгі



бет52/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73
Дәріс

Отбасы тарбиесінің негізгі - ата-ананың балаға және баланың ата-анасына терең әрі ет жақын махабатынан көрініс табатын, қарым-қатынастың эмоционалды сипаты. Әсіресе анаңың сәбиіне деген құштарлығы айқын көрінеді. Алғашында ол биологиялық (қандас,туыстық) шартталган негізде, бірақ кейін бірте-бірте әлеуметтік мәнді сезімге түрлене бастайды. Сәбидің анасына махаббаты оған туа берілмеген, алайда оның анасымен жақын қарым-қатынасы өмір бойы сақталатын жауапты махаббатты тудырады. Бала қамқорлық, мейірім, отбасы жылуы, қуаныш пен рахаттану сезімінің туыстарынан шығатынын сезеді. Баланың қарым-қатынасқа, эмоционалды және мәнді сипаттағы бірлескен іс-әрекетке ұмытылуының қанағаттандырмауындағы ата-ананың бейжайлығы түлғаның әлеуметтенуінің кешеуілдеуіне, яғни, әлеуметгік мінез-құлықтың дағдыларын, нормаларын, ережелерін меңгерудің бәсеңдеуіне және бейәлеуметтік мінез-құлықтың қалыптасуына әкеледі.
Ата-ананың білімі және мәдени деңгейі неғүрлым жоғары болса, олар бала тәрбиесінде жетілген әдістерді қолданатыны шартталған. Бұл бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру, жазалау мен мадақтаудың аса икемді жүйесінің жеке мысалы болуы мүмкін. Баласымен аз уақытын өткізетін білімді ана отбасында бос уақытты мазмұнды ұйымдастырса, балалармен достық қарым-қатынас орнайды.
Таным үдерісінің негізгі түрінің бірі-сөйлеу. Адамдардың тіл арқылы өзара қарым- қатынас жасау үдерісін сөйлеу дейді. Сөйлеудің екі түрі белгілі.Адам ойлағанда өз ойын іштей сөз және сөз тіркестері арқылы құрап іштей сөйлеу деп аталатын түрлері болады, ал сыртқа естіртіп сөйлеуді сыртқы сөйлеу дейді. Сыртқы сөйлеудің өзі екіге бөлінеді:ауызша және жазбаша сөйлеу. Ауызша сөйлеу монологты және диалогты болып бөлінетіні белгілі.
Монологты сөйлеу- бір ғана адамның сөйлеу тілі яғни басқа адамдарға тыңдаушыларға қаратып айтылған сөйлеудің түрі .Екі адамның немесе оданда көп адамдардың өзара әңгімелесуін диалогты сөйлеу дейді. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау және тағыда басқа танымдық үдерістерін дамытуда диалогты және манологты сөйлеу тілін дамыту қажет.
Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау әрекеттерінде жоғарыда көрсетілгендей кемшіліктер ғана кездесіп қана қоймайды., сонымен бірге олар айналасындағы адамдардың сауатсыздықпен қисық сөздерін тез қағып алады. Сондықтан ата- ана баланың сөз бен сөйлемді өз мәнінде дұрыс қолдануына , ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға жете көңіл бөлуі қажет.
Оқушылардың қарым- қатынас жасау ерекшеліктеріне тоқталсақ, бастауыш мектептің әр сатысында әр түрлі келетінін байқауға болады. Бұның өзі бала мектепке дейін балабақшада тәрбиеленді ме, әлде үйде өсті ме, көп балалы жан үяда тәрбиеленді ме, жалғыз бала ма соған байланысты. Жоғарыдағы психологтар мен педагогтардың пікірленуіне талдау жасай келе , кіші мектеп жасындағы балалардың төмендегідей психологиялық- педагогикалық мүмкіндіктерін бөліп көрсетуге тырыстық:
Әр сыныптың өзінде кездесетін сан алуан айырмашылықтарын психикалық дамудың жалпы заңдарын ортақ қасиеттер мен әр түрлі темпераменттердің ерекшелігін, оқу материалын меңгерудің тиімді жағдайларын, танымдық мүдделердің қалыптасу жолдарын, ес пен ойлаудың, сезіммен еріктің тағы басқа өзара байланыстылығын білу ата- анаға өзінің күрделі қызметін сенімдірек жүргізуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет