Бала дамытудағы ананың рөлі
Бала келешегіне қамқоршы ұстазы- әке деп білу мен қатар ұрпақ тәрбиелеудегі ананың орны да ерекше екенін ұмытпауымыз қажет. Себебі аналық мейірім арқылы берілетін нәзікте, пәк адамгершілік асыл қасиет ерекше қастерлі .Әсіресе қыз бала тәрбиесіндегі ана тәлімінің ықпалы өте зор. Халық тәрбиесінде абзал аналар есейе бастаған қыз балаларына іс тіктіріп, үй шаруасына үйреткен. Осындай аналарды қатты құрметтеп , қалыңдық іздеген жігіттерге тәрбиелі ананың қызына көз салуды ескертіп, “анасына қарап қызын ал ” деген. Тұрмыс құрар жастарға қалыңдықтың көркі мен сымбатын ғана бағаламай, оның адамгершілік қасиетіне, ішкі жан- дүниесіне, ақыл- парасатына, көргендігі мен тәрбиелілігіне көңіл бөлу керектігін ерекше атап көрсеткен. Алайда бүгінгі таңда жоғарыда айтылған қасиеттермен қатар қыз балалардың білімді болуы шарт. Себебі қазіргі кезде байқап отырғанымыздай балаға , әсіресе бастауыш мектеп шағындағы балаға үйде білім алуға көмектесетін бірден бір адам- ол анасы. Ол балаға білім беріп қана қоймайды, оның тәрбиесіде соның мойнында. Өкінішке қарай, әкелердің көбі бұл міндетті аналардің мойнына жүктей салған.Екінші жағынан, қазігі кезде қыз балалар отбасы ошақ қасында ғана өмір сүрмейді.
Ананың бала өміріндегі маңызы Ы.Алтынсариннің “Ананың сүюі ”деген өлеңінде ерекше сипатталған:
Кім сендерді балалар сүйетұғын,
Қуанышқа қуанып, қайғыға күйе-тұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.
Кім сендерді, балалар тербететін, Еркелетіп, ойнатып, сергітетін? Жалқау болсаң,балалар,жаман болсаң, Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр,төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше, Құлындарын көзімен көргенінше? Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.
Барша аналарға тән қасиет осындай деп ойлаймыз.
Немере тәрбиесіндегі ата мен әженің рөлі
Ата мен әже- әке мен анадан кейінгі бала үшін ең жақын адамдар. Олардың немерелеріне деген қатынасы ерекше . Ата- әжелердің немере тәрбиесіне қатысы туралы көзқарастар әртүрлі. Көптеген отбасында әкесі мен анасы ата – әжелердің немере тәрбиесіне қатысуын құптайды.
Ата мен ана- бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата- асқар тау,
Ана - бауырындағы бұлақ,
Бала- жағасындағы құрақ,- деп, халық ата-ана, баланы табиғиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген.
Ата мен әже ауыл – аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.
Дәстүрлі қоғамда ата-әженің тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата – әжелер жыр, дастан, ертегі айтып немере- шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған. Тұңғыш немерелер атасы мен әжесін өз әке- шешесіндей санап , туған әке- шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |