2.Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты диагностикалау әдістері.
Қарым – қатынас – адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы. Отбасындағы қарым – қатынас сипаты, ата – аналардың өзінің бұрынғы отбасынан алған тәрбие нұсқауларымен, олардығ темпераменттер ерекшеліктерімен, ерлі – зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, педагогикалық мәдениетімен және отбасында қалыптасқан әдет – ғұрыптармен анықталады.
Қарым- қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, қайғы мен қуанышта ортақтас болу сияқты кең ауқымды эмоциялық саланы қамтиды. Қарым – қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, екі не бірнеше рухани әлем және ой пікір, сана-сезім, мінез – құлықтар арасындағы келісім мн өзара түсіністік, не қақтығыс, талас- тартыс іске асады, Отбасы мүшелері арасындағы адамгершілік, әдеп пен инабат, өзара түсіністік, бірінің екіншісін құптауы сияқты қарым- қатынастың өркен жаюына қол жеткізу өте күрделі, әрі ұзақ үдеріс. Оған ата-аналардың жастығымн бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, не қажетті педагогикалық білімдердің жетіспеушілігі, яғни тәрбие барысында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі әсер етуі ықтымал.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.
Достарыңызбен бөлісу: |