Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.
24. Дәріс тақырыбы: Отбасында баланы мектепке даярлау
Дәріс жоспары:
1.Баланы мектепте оқуға даярлау мәселесінің зерттелу жайы.
2.Ақыл-ойының даярлығы.
3.Биологиялық кемелденуі.
Дәрістің мазмұны:
1. Балааны мектепке оқуға даярлау мәселесінің зерттелу жайы
Мектепке алғаш бару – баланың өмірі мен іс-әрекеттің жаңа күйіне үлкен жаңалық, өзгеріс енгзеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп- жетілуінің бір бастамасы. Мектеп жасына дейінгілердің шұғылданатыны – ойын әрекеті. Ойын арқылы құрдастарымен қарым-қатынас жасайды ,алғашқы білім дағдыларын үйренеді. Ал мектепке барысымен ол ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жүйелі оқу, еңбектену іс- әрекетін меңгеретін болады . Осындай елеулі өзгерістерге қиналмай ,еркін іс- әрекетер жасай білу үшін баланың мектепке алғашқы даярлауға болуы тиіс.
Балалардың мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге көшуі психология ғылымында кеңінен қарастырылған кешенді мәселердің бірі . Әсіресе , бұл жағдайда мектепке алты жастан қабылдауға көшу кезінде өткір қойылғанды Осы тақырып төңірегіндегі зерттеулер жүргізіп, оның нәтижесін көпшіліке талқысына ұсынған ресейлік ғалымдар .
Мектепке дейінгі балалық шақтан мектепке келу, Л. И . Божовичтің айтуы бойынша, баланың бүкіл өмір салты мен оның қолжетімді қатынастар жүйесінің өзгеруімен сипатталатын ерекше кезең. Оқушы болу оның ерекше моральдық бағытының қалыптасуына ықпал етеді . Ол үшін оқу тек білімді меңгеру әрекеті ғана емес, тек өзін болашаққа даярлау амалы ғана емес , бала оны өзіндік міндет, өзінің қоршаған адамдармен күнделікті өмірге араласуы ретінде түсінеді. Сондықтан бала үшін мектептегі міндеттерін қалай атқарып жатқандығы , яғни өзінің жетістігі мен сәтсіздіктеріоны қатты толғандырады . Сол себепті мектептегі оқуға даярлық – бұл балаға білім беру , интеллектуальдық жағынан дамыту ғана емес , сонымен қатар оның тұлғасын қалыптастыру және тәрбиелеу мәселесі шешу .
Психологиялық даярлық- баланың есте сақтау қабілеті мен зейін, ойлау , сөйлеу, оқуға деген қызығушылығы мен мотивін қамтиды.
Тұлғалық даярлық – баланың үлкендермен ,құрдастарымен ,өз –өзімен қатынасын орната білу біліктілігін қамтиды .
Ал Е. Е . Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды :
1-бағыт –балалардың мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
2-бағыт – мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу ;
3- бағыт- оқу әрекеттерінің алғышарттары;
4- бағыт- баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі
Сонымен қатар «Баланың мектепке психологиялық даярлығын айқындау» деп аталатын Л.К. Ермекбаева мен Қ.Н.Нығметова жазған еңбектерін де атап өтуі жөн көрдік. Онда мысалы: «Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшелігі мен интеллектуалдық қабілетін анықтауға арналған тапсырмалар жинағы, «Баланың мектепке деген дайындығын анықтау Керн- Йирасик тестісіне нұсқау», «Мектепке оқуға дайындаудың психологиялық сипаттамасының кейбір ерекшеліктері», «Баланың мектепке дайындығын , ойлау қабілетін анықтау тестісі», «Бастауыш мектепке келген балалардың даму деңгейін анықтап , білу әдістемесі» сияқты тесттер берілген.
Бүгінгі күнде « мектептегі оқуға даярлық» ұғымы комплексті және бала өмірінің барлық сферасын қамтиды.
Баланы мектепте оқуғ даярлау мәселесін зерттеген психолгтардың пікіріне талдау жасай отырып , М.К Оракбаева «Баланы мектептегі оқуға дайындаудың психологиялық бағыттары» атты мақаласында оның төмендегідей бағытарын бөліп көрсетті.
Баланың мектепке табысқа жетуінде бұл бағыттар аса маңызды болғандықтан ,әрбір бағытқа жете тоқталу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |