Бақылау сұрақтары:
Банк тәуекелдерінің түрлері
Банк тәуекелдерін жіктеудің негізі болып қаланған неғұрлым маңызды элементтерге не жатады?
Тәуекелдерді басқарудың негізгі құралдарына (әдістеріне) не жатқызуға болады:
Сақтандыру - тәуекелдерді басқару құралы ретінде.
Әдебиеттер: Н:1-5 .Қ: 1-6
Тақырып 11: Қазақстан Республикасында ақша аударымдары мен қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру операциялары.
Мақсаты: Қазақстан Республикасында ақша аударымдары мен қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру операциясын қарастыру
Жоспар:
1. Ақша аударымдарын мен қолма қолсыз төлемдерді жүзеге асыру операциялары
2. Ақша аударымдарының тәсілдері
3. Ақша аударымының негiздемесi.
Қазақстан Республикасында ақша аударымдары мен қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру операциялары «Ақша төлемi мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237-I Заңына сәйкес жүргізіледі.
Ақша төлем мен қор жинау құралы болып табылады және құн өлшемi ретiнде қызмет етедi. Ақша ақша белгiлерi (қолма-қол ақша) нысанында не банктер клиенттерiнiң банк шоттары бойынша жазба түрiндегi банктердiң ақшалай мiндеттемелерi нысанында болады. Ақша белгiлерi атаулы құны (номиналы) бар банкнот және тиындар түрiнде шығарылады.
Банк шоты - банк пен клиент арасында ақша қабылдау және (немесе) клиентке банктiк қызмет көрсету жөнiндегi шарттық қатынастарды көрсету тәсiлi.
Банк шоттары банк пен клиент арасында банк шотының шарты және (немесе) банктiк салым шарты жасалған кезде ашылады. Банк шотының шарты ағымдағы шоттың шарты және карт-шот шарты болып бөлiнедi.
Банк шоттары жеке және заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлiмшелерiнiң ағымдағы, жинақ шоттары мен карт-шоттар, сондай-ақ банктердiң корреспонденттiк шоттары болып бөлiнедi.
Ағымдағы шот - ағымдағы шоттың шарты негiзiнде банктiң клиентке ашатын банк шоты, ол бойынша:
1) клиент ақшасының болуын қамтамасыз етуге және банктiң оны пайдалануына;
2) клиенттiң пайдасына ақша қабылдауға (есептеуге);
3) банк шотының шартында көзделген тәртiппен үшiншi тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы клиенттiң өкiмiн орындауға;
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және (немесе) шартта көзделген негiздер бойынша клиенттiң ақшасын алып қою туралы үшiншi тұлғалардың өкiмiн орындауға;
5) банк шотының шартында белгiленген тәртiппен клиенттен қолма-қол ақша қабылдауды және оған берудi жүзеге асыруға;
6) банк шотының шартында айқындалған мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге;
7) клиенттiң талап етуi бойынша банк шотының шартында көзделген тәртiппен клиенттiң банктегi ақшасының сомасы және жасалған операциялар туралы ақпарат беруге;
8) клиентке шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында және банк тәжiрибесiнде қолданылатын iскерлiк айналым дағдыларында көзделген өзге де банктiк қызмет көрсетудi жүзеге асыруға байланысты операциялар орындалады.
Жинақ шоты - банк салымының шарты негiзiнде:
1) клиентке тиесiлi ақшаның (салымның) болуын қамтамасыз етуге және банктiң оны пайдалануына;
2) клиенттен немесе үшiншi тұлғалардан ақшаны қолма-қол да, қолма-қол емес те тәсiлмен қабылдауды жүзеге асыруға;
3) банк салымының шартында айқындалған мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге;
4) клиентке ақшаны (салымды) банк салымы шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, оның iшiнде оны клиенттiң басқа банк шотына аудару арқылы қайтаруға байланысты операцияларды орындау үшiн банктiң клиентке ашатын банк шоты.
Карт-шот - карт-шот шарты негiзiнде:
1) клиент ақшасының болуын қамтамасыз етуге;
2) клиенттiң пайдасына ақша қабылдауға (есептеуге);
3) клиенттiң карт-шот шартында көзделген тәртiппен төлем карточкасын пайдалана отырып үшiншi тұлғалардың пайдасына төлемдердi жүзеге асыруына;
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және (немесе) карт-шот шартында көзделген негiздер бойынша клиенттiң ақшасын алып қою туралы үшiншi тұлғалардың өкiмiн орындауға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) карт-шот шартында белгiленген тәртiппен клиенттен қолма-қол ақша қабылдауды жүзеге асыруға;
6) төлем карточкасын пайдалана отырып клиентке қолма-қол ақша беруге;
7) карт-шот шартында айқындалған мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге;
8) клиентке Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) карт-шоттың шартында көзделген өзге де банк қызметiн көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операцияларды орындау үшін банктiң клиентке ашатын шоты.
Корреспонденттiк шот - корреспонденттiк шот шарты бойынша банкке басқа банктен ашылған, банктiң және оның клиенттерiнiң банк операциялары жүзеге асырылатын банктiк шот.
1. Қазақстан Республикасының аумағында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырудың мынадай тәсiлдерi қолданылады:
1) қолма-қол ақшаны табыстау;
2) төлем тапсырмаларын көрсету;
3) чектер беру;
4) вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау;
5) төлем карточкаларын (оның iшiнде микропроцессорлық төлем карточкаларын) пайдалану;
6) банк шотын тiкелей дебеттеу;
7) төлемдiк талап-тапсырмаларды көрсету;
8) инкассалық өкiмдердi көрсету;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдер.
Ақша төлемi мен (немесе) аударымын жүзеге асыру тәсiлдерiн қолдану ережелерi мен ерекшелiктерi және нұсқаулардың мазмұнына қойылатын негiзгi талаптар заң актiлерiнде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
Жөнелтушi мен алушы банктiң арасындағы төлем тапсырмасын пайдалануға байланысты құқықтар мен мiндеттер олардың арасындағы шартта белгiленедi, ал олардың iс жүзiнде iске асырылуы алушы банкке төлем тапсырмасын көрсеткен кезден бастап туындайды. Алушы банк осындай нұсқауды алғаннан кейiн оны акцептеуге не оны акцептеуден дәлелдi түрде бас тартуға тиiс. Алушы банк төлем тапсырмасын акцептеген жағдайда жөнелтушiнiң акцептелген төлем тапсырмасының орындалуы жөнiнде талап ету құқығы туындайды.
Чек беру - төлемдi жүзеге асыру тәсiлi, бұл орайда төлем чек берушiнiң чек ұстаушыға аттас төлем құжатын беруi арқылы жасалады.
Чек беру чек берушiнiң орындау үшiн осы чек жазып берiлген ақша мiндеттемесiнiң орындалуы болып табылмайды. Аталған мiндеттеме чек бойынша ақша алынған кезде орындалады.
Чектер жабылған және жабылмаған чектер болып бөлiнедi. Чек берушi банкке алдын ала енгiзген депозитпен қамтамасыз етiлген чектер жабылған чектер болып табылады. Депозитпен алдын ала қамтамасыз етiлмеген чектер жабылмаған чектер болып табылады. Чектерде олардың төлемi жөнiнде, оның iшiнде жабылмаған чектер бойынша банктiң кепiлдемесi болуы мүмкiн.
Вексельдердi төлем тәсiлi ретiнде қолдану Қазақстан Республикасының вексель айналысы туралы заңдарымен реттеледi.
Төлем карточкасын оның ұстаушысы төлемдi жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ оның эмитентi белгiлеген шарттарда қолма-қол ақшаны алу, валюта айырбастау және басқа операциялар үшiн қолданады. Төлем карточкасының эмитентi болып табылатын банкпен немесе сондай эмитентпен шарт жасасқан банкпен, не эмитентпен шартсыз төлем карточкаларына қызмет көрсететiн банкпен тиiстi келiсiм жасасқан сауда (қызмет көрсету) ұйымдарында ғана төлем карточкасы пайдаланылуы мүмкiн.
Банк шотын тiкелей дебеттеу
Банк шотын тiкелей дебеттеу арқылы төлем жасау ақша жөнелтушi мен оның банкi арасында жасалған шарт негiзiнде жүзеге асырылады, осыған сәйкес ақша жөнелтушi жеткiзiлген тауар, орындалған жұмыс не көрсетiлген қызмет үшiн бенефициардың жоғарыда көрсетілген шартқа тиiстi құжаттарды қоса тiркеп, талап етуi негiзiнде өзiнiң банк шотынан ақша алуға келiсiм бередi.
Ақша жөнелтушiнiң және оның банкiнiң банк шоттарын тiкелей дебеттеу жағдайында төлемдi жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi ақша жөнелтушi мен оның банкi арасында тиiстi шарт жасалған кезден бастап туындайды. Банкте аталған шартта көзделген ақша сомасы және (немесе) уақыт кезеңi шегiнде клиенттiң банк шотына қойылатын үшiншi жақтың талаптарын орындау мiндетi туындайды.
Төлемдiк талап-тапсырма
Ақша жөнелтушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы ақша жөнелтушiнiң акцептi болғанда ғана орындалуға тиiс.
Егер ақша жөнелтуші өзінің банк шотынан акцептсіз ақша алуға ақша жөнелтушiнiң келiсiмi бар құжаттарды қоса тiркей отырып, ақша жөнелтушi банкке төлемдiк талап-тапсырмалар қойса, мұндай төлемдiк талап-тапсырма ақша жөнелтушiнің акцептiн талап етпейдi.
Төлемдiк талап-тапсырмалар қою, сондай-ақ ақшаны алып қоюдың негiздiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқаларын не көшiрмелерiн қоса тiркеу қажеттiгi туралы талап ету тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Төлемдiк талап-тапсырмаларды пайдалана отырып төлем жасаған кездегi құқықтар мен мiндеттер ақша жөнелтушiнiң банкiне оны ұсынған кезден бастап туындайды. Ақша жөнелтушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы алған күннен кейiнгi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ақша жөнелтушi банкке ақша жөнелтушiнiң акцептiн талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырма қойылған жағдайларды қоспағанда алынған төлемдiк талап-тапсырманы ақша жөнелтушiге акцептеуi үшiн беруге тиiс. Ақшаны жөнелтушi төлемдiк талап-тапсырманы алғаннан кейiн оны акцептеуге не оны акцептеуден дәлелдi түрде бас тартуға тиiс. Төлемдiк талап-тапсырманы ақша жөнелтушi не ақша жөнелтушi банк акцепттеген жағдайда, егер талап-тапсырма ақша жөнелтушiнiң акцептiн талап етпесе, төлемдiк талап-тапсырманы жiберушiде оны орындау жөнiнде талап ету құқығы пайда болады.
Инкассалық өнiм
Клиенттiң банк шотындағы ақшасын оның келiсiмiнсiз алып қою инкассалық өкiмдер пайдаланыла отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген кезектiлiктiң сақталуын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
Бастамашы ақша жөнелтушiнiң банкiне, салық қызметi органдары мен кеден органдарының инкассолық өкiмдерi табыс етiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген нормалар негiзiнде осы өндiрiп алудың негiздiлiгiн растайтын атқарушы құжаттардың түпнұсқаларын не олардың көшiрмелерiн қоса тiркей отырып, инкассалық өкiм табыс етедi. Құжаттардың түпнұсқаларын не олардың көшiрмелерiн қоса тiркеу қажеттiгi туралы талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Салық қызметi органдарының мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алуға инкассолық өкiмдерi пайдасына берешек өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiмен қоса банктерге табыс етiледi.
Инкассалық өкiмде төлемнiң мақсаты көрсетiледi және ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз ақшаны алып қою құқығын көздейтiн заң актiсiне сiлтеме жасалады.
Ақша жөнелтушінің банк шотында ақша жеткіліксіз болған кезде салық қызметі органдарының салық берешегін өндіріп алу туралы және атқарушылық іс жүргізу органдарының атқару құжаттары бойынша инкассолық өкімін орындау мұндай шотқа ақшаның түсуіне қарай жүргізіледі.
Бастамашы ақша жөнелтушiнiң банкiне инкассалық өкiмдi ұсынған кезден бастап төлем жасауға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi туындайды. Ақша жөнелтушiнiң банкi осындай нұсқауды алғаннан кейiн оны акцептеуге не оны акцептеуден дәлелдi түрде жазбаша бас тартуға тиiс. Ақша жөнелтушiнiң банкi инкассалық өкiмдi акцептеген жағдайда инкассалық өкiмдi жөнелтушiнiң оны орындауды талап ету құқығы пайда болады.
Нұсқау акцептi. Тапсырма нысанындағы нұсқау акцептi алушы банктiң жөнелтушiнiң (клиенттiң) тапсырмасын орындауға келiсiм бергенiн бiлдiредi.
Талап нысанындағы нұсқау акцептi ақша жөнелтушiнiң және (немесе) алушы банктiң бастамашының талабын орындауға келiсiм бергенiн бiлдiредi.
Нұсқау акцептi осы акцептiң жасалғанын немесе алушы банктiң нұсқауда белгiленген жөнелтушiге немесе оның тапсырмасы бойынша үшiншi жаққа ақша сомасын төлегенiн тiкелей көрсететiн төлем құжатына жазу немесе белгi қою арқылы көрсетiлуi мүмкiн.
Нұсқау акцептi қол қою немесе мөр таңбасы (егер бар болса) түрiнде де көрсетiлуi мүмкiн.
Нұсқауды орындау. Алушы банктің нұсқауды орындауы мұндай нұсқауды оның акцептеуi негiзiнде жүзеге асырылады.
Алушы банктiң жөнелтушi алдындағы алынған нұсқауға сәйкес аударым не ақша төлеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындауы нұсқаудың орындалуы болып табылады.
Мынадай iс-қимылдар нұсқаудың орындалуы болып табылады:
1) алушы банктiң келесi алушы банкке бенефициардың пайдасына, егер алушы банк бенефициар банкi болып табылмаса ғана, ақша аудару туралы нұсқауын табыстауы;
2) егер алушы банк бенефициар банкi болып табылса, ақша аударымын аяқтауы;
3) егер алушы банк ақша жөнелтушiнiң банкi болып табылса, қолма-қол ақша төлеу туралы нұсқауды ұсынған жөнелтушiге қолма-қол ақшаны беруi.
Нұсқауды алушы банк егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, осындай нұсқаудың шарттарын сақтай отырып, егер мұндай нұсқаудың шарттарында оны орындаудың өзге мерзiмi белгiленбеген болса, алушы банктiң алынған нұсқау акцептелген күннен кейiнгi операциялық күнiнен кешiктiрмей орындайды.
Ақша аударымының негiздемесi. Ақша аударымдары жөнелтушiнiң бенефициар пайдасына ақша аудару туралы алушы банкке берген нұсқауы негiзiнде жүргiзiледi.
Заң актiлерiнде немесе тиiстi шартта көзделген жағдайларда талап нысанындағы нұсқауларды алушы банктiң клиентi болып табылмайтын үшiншi жақ ұсынады.
Ақша аударымының негiзгi әдiстерi:
1. Ақша аударымы клиринг нәтижелерi бойынша не жөнелтушiнiң әрбiр нұсқауын жеке орындау арқылы жүргiзiледi.
2. Клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударымы клирингке қатысушылардың қарсы талаптарын есепке алу процесi аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi. Бұл орайда клиринг нәтижелерi бойынша жасалған аударым клирингке қатысушының ақшасын оған қызмет көрсететiн банктен мiндеттi түрде алып қоюды бiлдiрмейдi. Терiс сальдо пайда болған клирингке қатысушы оны өтеу үшiн төлем жасайды.
3. Жөнелтушiнiң әрбiр нұсқауын жеке орындау арқылы жасалатын ақша аударымы жөнелтушiнiң басқа нұсқауларынан туындайтын оның құқықтары мен мiндеттемелерiне қарамастан жасалады.
Ақша аударымы туралы нұсқауды ұсыну әдiстерi. Ақша аударымы туралы нұсқауларды орындау үшiн оларды ұсыну мынадай әдiстермен:
1) төлем құжатының қағазға басылған түпнұсқасын ұсыну арқылы;
2) нұсқауды байланыс пен телекоммуникацияның тиiстi электронды арналарын пайдалана отырып, қағазға баспай-ақ электрондық әдiспен беру арқылы жүргiзiледi;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актілерiнде белгiленген өзге де әдiстермен жүргiзiледi.
2. Нұсқауды электронды әдiспен ұсынуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейтiн талаптар сақталған жағдайда ғана жол берiледi. Мұндай талаптар болмаған жағдайда банк тәжiрибесiнде қабылданған бiр iзге түсiрiлген ережелер және (немесе) iскерлiк айналымындағы ресiмдерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының заңдарында тек қана қағазға басу көзделген нұсқауларды электронды әдiспен ұсынуға тыйым салынады.
Егер жөнелтушi алушы банктiң клиентi болса, жөнелтушiнiң алушы банкке ақша аудару туралы нұсқауын ұсыну әдiстерi, тәртiбi мен ережелерi олардың арасында жасалған шартта көрсетiледi. Егер жөнелтушi алушы банктiң клиентi болмаса, нұсқауды ұсыну Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң соған сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүргiзiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |