Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны Тақырып Кіріспе. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»



бет3/16
Дата07.01.2023
өлшемі110.62 Kb.
#468189
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Дәріс 2017-2018

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. А., 1995.

  2. Малтусынов С.Н. Аграрный вопрос в Казахстане и государственная дума России 1906-1917 гг. А., 2006.

  3. Национально-освободительное движение в Казахстане и Средней Азии в 1916 году: характер, уроки, итоги. Составители: Мажитов С.Ф., Жакишева С.А., Романов Ю.И. А., 1996.

  4. Нұрпейісов К.Н. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.

Қосымша әдебиеттер

  1. Қозыбаев М.К. Ақтаңдақтар ақиқаты.-Алматы, 1992.

  2. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. –Алматы, 1994.



Тақырып 3. Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары мен қиыншылықтары
Дәріс жоспары:
1.Алашорда және Түркістан автономиясы үкімет орындарының құрылуының тарихи маңызы.
2.Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан
3.Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы – ұлттық мемлекет құру идея
4.Тұтас Түркістан идеясы және оның жеңіліс табуы
Ақпаннан қазанға дейінгі кезеңде Ресейдің шет аймақтарында мұсылман қозғалысы қаулап дамыды, ол бірқатар ислам партияларының құрылуына алып келді. 1917 жылы қыркүйекте мұсылмандар ұйымының съезі тұңғыш мұсылман партиясының – Түркістан федералистер партиясын құрды. Съезд Ферғана, Сырдария, Каспий сырты, Жетісу облыстары құрамындағы Түркістан өлкесін «Ресей Республикасы мен Федерациялық байланыстағы автономиялы ел» деп жариялайтын тұғырнама қабылдады.
Түркістан, Орал және Торғай облыстары мұсылмандарының делегаттары қатысқан, сол тұста өткен съезд «Мұсылмандар одағының партиясының» құрылғанын жариялады. Ол Ресей Республикасы құрамындағы аймақтың автономия идеясын ұсынды. Съезд «Түркістан Федерациялық Республикасы» парламенттік республика негізінде құрылуға тиіс деп белгіледі. Діни сипатына қарамастан, бұл саяси ағымдар сонымен бірге Түркістан мен Қазақстан жерінде тұратын халықтардың жалпы ұлттық мүдделерін де білдірді. Революцияның дамуына, саяси тайталастың өрістеуіне қарай күштердің ұлттық негізде топтасуы жүріп жатты.
1918 жылы сәуірде Ташкентте Түркістан өлкесі Кеңестерінің Төтенше V съезі өтті. Съезд РКФСР-дің ажырағысыз бөлігі ретінде Түркістан автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын жариялады. Кеңестік Шығыстағы тұңғыш кеңестік ұлттық мемлекеттік құрылым болған оның құрамына Сырдария және Жетісу облыстары да енді.
Коммунистік партия мен Кеңес үкіметі Қазақ АКСР-ін құруға әзірлікке кірісті. Алайда Қазақ АКСР-ін құру жөніндегі жұмыстар интервенция және азамат соғысының басталуына байланысты тоқтап қалды.
Азамат соғысы – мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматының өзара соғысы. Большевиктік билеушілер өздерінің демократияға қарсы саясатымен жағдайды шиеленістіріп жіберді. Большевиктерге қарсы «ақтар» деп аталған күштер бірігіп азамат соғысын бастады.
Азамат соғысы барысында Кеңес үкіметі Алашордамен келіссөз жүргізді. Бір жағынан, Кеңестер алаш қатарындағы буржуазиялық мамандарды өзіне тартқысы келді, екінші жағынан, контрреволюция мен интервенция тарапынан қатыгездік пен зорлықтың күшейтілуі алаш зиялыларының өздерін Кеңес өкіметі қосынына әкеп қосты. Ұлттық келісім тактикасына қол жеткізуге қазақ халқының ағартушысы әрі гуманисі А.Байтұрсыновтың сіңірген еңбегі зор болды.
1919 жылы 10 шілдеде В.И. Ленин «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет» туралы Декретке қол қойды. Онда Қазақ революциялық комитеті өлкенің ең жоғары әскери-азаматтық басқармасы ретінде құрылатыны айтылды.
1920 жылғы 9 наурызда өзін «Қазақ елінің үкіметі» деп атаған Алашорданы тарату туралы шешім қабылданды. 1920 жылғы тамыздың 26-сында Кеңес Үкіметі РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет шығарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет