Лекция 30
Ғылыми-зерттеу жұмыс нәтижелерін оқу үрдісіне енгізу туралы ереже
«Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерін оқу үрдісіне енгізу туралы» Ереже ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерін университетінің оқу үрдісіне енгізуге қойылатын бірегей талаптарды анықтайды.
Университеттің даму стратегиясына сәйкес негізгі тапсырмалар:
- тез өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуге қабілеті жоғары білікті мамандардың жаңа буынын дайындау;
- алдыңғы халықаралық тәжірибе мен жоғары білім және ғылымның отандық әлеуетін шектеулі біріктіретін, сонымен қатар Университеттің әлемдік білім кеңістігімен толықтай бірігуін қамтамасыз ететін жаңартылған университет нұсқасын жасауды жүзеге асыру;
- Университет мәртебесін мемлекеттік жоғары білім жүйесінің жетекші оқу-әдістемелік және ғылыми орталығы ретінде бекіту мақсатында шетелдік оқыту технологияларының алынуы мен бейімделуі, заманауи білім технологияларын дамыту;
- әлемдік және республикалық деңгейдегі ғылыми нәтижелерге ие болатын негізгі және қосымша зерттеулерді жүргізу және оларды экономика мен әлеуметтік ортада жүзеге асыру, ғылымның оқу үрдісімен тығыз байланысын қамтамасыз ету. Жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерін енгізу арқылы оқу бағдарламаларының мазмұнын жоспарлы түрде жаңартып отыруды талап етеді.
ҒЗЖ нәтижелерін университеттегі білім беру үрдісіне енгізу мақсаты ғылыми-зерттеу қызметі мен оқытуды біріктіру болып табылады.
Енгізу нысандары ҒЗЖ орындау, нәтижесінде дайындалатын жобалар болып табылады.
Ұжымның ғылыми-зерттеу жұмыстары жетістіктерін білім беру бағдарламасына енгізу оқытудың заманауи және көкейкесті сипатын, оның жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейін, білім алушылардың білім алуға, игеруге деген қызығушылығын және оны болашақ мамандығында пайдалану мүмкіндігін, сонымен қатар білім алушыларды жобалық-зерттеу жұмысы, ғылыми конференцияларға қатысу, ғылыми жұмыстар конкурсына қатысу, басылымдарға, еңбек жинақтарына мақалалар шығару, патенттерге авторлас болу сияқты ғылыми қызмет түрлеріне тартуды қамтамасыз етеді.
Енгізілетін ҒЗЖ нәтижелері мазмұны бойынша төмендегідей болуы мүмкін:
- жаңа теориялық қорытындылар, қорытулар;
- жаңа зерттеу әдістері, әдістемелері;
- заманауи құрылғыларды, жаңа қондырғыларды пайдалану;
- ҒЗЖ нәтижелерін тәжірибе жүзінде белгілі бір қызмет саласына енгізу;
- және басқа да ғылыми жетістіктер.
ҒЗЖ нәтижелерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін негізгі ұымдастыру бірліктері кафедра, факультет болып табылады. ҒЗЖ нәтижелерін оқу үрдісіне енгізуді бақылау мен реттеу жұмыстарын факультет деканы жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |