Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет193/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Дифференциальды диагноз 
Лейкоз ( агранулоцитозбенцитопения, аутоиммундытромбоцитопения, гиперспленизм). Лейкоз кезінде көкбауыр ұлғайған; сүйек кемігі пунктатында жасушалық жоғарылаған, бластты элементтер жоғарылаған, ол апластикалық анемияға тән емес.
Агранулоцитоз кезінде анемия және тромбоцитопения болмайды; миелограммадагранулоцитарлы өсінді жасушалары азайған, бірақ мегакариоцитоз сақталған.
Гиперспленизм бауыр циррозы кезінде, тромбофлебитикалық көкбауыр, жиналу аурулары (Гоше ауруы) кезінде байқалады. Бауыр аурулары кезінде тері сарғаюы байқалады (жиі - айқын); цитолиз синдромы, холестаз, бауыр жасушалық жеткіліксіздік байқалады, ол апластикалық анемияға тән емес.
Посттромбофлебитикалық көкбауыр кезінде ол ұлғайған; пальпация кезінде ауырсынулы; аускультация кезінде құрсақ қабынының үйкеліс шуы естіледі; сүйек кемігі пунктаты - гранулоцитарлы өсінді жасушаларының дамуының баяулауы; мегакариоцит көлемі қалыпты.
Гоше ауры цитопения арқылы көрініс береді, обьективті қарау кезінде - айқын спленомегалия; сирек геморрагиялық синдром; сүйек кемігі пунктатында және көкбауырда спецификалық жасушалық элементтер (Гоше клеткалары) анықталады, сүйек кемігі жасушалығының сақталуы болады.
Апластикалық анемияның бала жасында дамуы туа пайда болған ауру негізін көрсетеді; бір уақытта сүйек кемігі дефектісінің болуы және ішкі ағзалардың даму ақауларымен болуы апластикалық анемияның туа пайда болған формасын көрсетеді. Панцитопения, сүйек кемігі жасушалығы негізінде Фанкони анемиясын анықтауға болады; егер апластикалық анемия көріністерімен бірге ішкі мүшелер дефектісінің болмауы Эстрен-Дамешек анемиясын көрсетеді. Даймонд-Блекфенапластикалық анемиясы кезінде басқа қан жасау өсінділерінің сақталуымен, қызыл жасушалы аплазия байқалады.
Зерттеу жоспары:

  1. ЖҚА (ретикулоцит, тромбоцит, гематокрит)

  2. Қан тобын және резус-сәйкестікті анықтау

  3. Миелограмма үш нүктеден және трепанобиопсия цитогенетикалық анализбен (туа пайда болған апластикалық анемияға күдіктенген кезде)

  4. Эритроцит, лейкоцит, тромбоциткеантиденелерді анықтау, иммуноглобулин көлемін анықтау

  5. БхАк: жалпы билирубин және оның фракциялары; гаптоглобин; фетальды гемоглобин; жалпы ақуыз және протеинограмма; АЛТ, ACT, сарысулық темір деңгейі.

  6. Бас сүйек, кеуде торы рентгенограммасы (тимоманы анықтау үшін);

  7. ЛОР-дәрігер, стоматолог консультациясы

  8. Ішкі мүшелер УДЗ

  9. Жанұя мүшелерін туа пайда болған апластикалық анемияға күдіктенген кезде тексеру

  10. Лейкозды жоққа шығару үшін миелограмма, миелодиспластикалық синдром

Емі
Фанкони анемиясы
Сүйек кемігі трансплантациясы ( 70-75 % жағдайда емделу). Егер ол мүмкін болмаса андроген тағайындайды (метандростенолон 0,2 мг/кг/тәул, тестостерон-пропионат - 1-2 мг/кг/тәул) және басқа анаболикалық заттар 3-6 ай бойы; емнен соң жақсару 6-8 аптадан соң байқалады. Сүйемелдеуші терапия - эритроцитарлы масса және тромбоцит қоспасының трансфузиясы, егер гемоглобин < 80 г/л, нейтрофил< 1,0 х 109/л, тромбоцит< 20 х 109/л болса.
Даймонд-Блекфен анемиясы басты емдеу әдісі глюкокортикоидты гормондар қолдану 2 мг/кг/тәул 4 апта бойы; егер емнің әсері оң болса 4 аптадан соң дозаны сүйемелдеушіге ауыстырады. Емнің эффектісі 2 аптадан соң байқалады; емнің ұзақтығы клиникалық эффектіге байланысты болады, гормонды емнің кері әсері мен асқынуларына байланысты болады. Стероид резистентті жағдайда сүйек кемігі трансплантациясы қолданылады. Анемияның ауыр түрінде метилпреднизолонменпульс-терапия жүргізеді.
Туа пайда болған форма терапиясы

  • метилпреднизолонның жоғары дозалары

  • антилимфоцитарлыглобулинмениммуносупрессивті терапия

  • гемопоэтикалық өспелі факторлар

  • сүйек кемігі трансплантациясы

Метилпреднизолонды тамыр ішіне 1 мг/кг/тәул есебімен алғашқы 9 күн бойы енгізеді, кейін баяу түрде дозаны 0,08 мг/кг/тәул дейін төмендету арқылы (25-ші ем күнінде) Циклофосфан алғашқы күндері 45 мг/кг/тәул тағайындалады, баяу түрде дозаны 7,5 мг/кг/тәул дейін төмендету арқылы. Антилимфоцитарлыглобулинды 15 мг/кг/тәул дозада тамыр ішіне 10 күн бойы енгізеді; циклоспорин А - 5 мг/кг/тәул ішке АҚ бақылауымен 14 күн бойы қабылданады.
Антибактериальды терапия инфекционды аурулар кезінде тағайындалады, профилактикалық – қызбамен бірге 38 °С, нейтропения кезінде < 0,5 х 109/л. Егер инфекция ошағы анықталмаса кең спектрлі антибиотиктер тағайындалады. Олардың әсері болмаса карбопенем тағайындалады: тиенам, имипенем, меропенем.
Геморрагиялық синдром кезінде гемостатикалық терапия қолданылады: аминокапрон қышқылы, дицинон. Ішкі мүшелер гемосидерозы кезінде хелатты терапия қолданылады: десферал 20 мг/кг/тәул дозасында күн сайын 30 күн бойы; қайталама курс - 4 аптадан соң. Көрсеткіштерісары сулық темір деңгейі > 1000 мг/мл. Сплэнктомия жүре пайда болған апластикалық анемия кезінде эффективті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет