Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет26/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Алимент алу үшін өтініш беру мерзімдері
Алимент алуға құқығы бар адам, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, сотқа алимент өндіріп алу туралы өтініш жасауға құқылы.
Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап тағайындалады. Егер сотқа өтініш беруден бұрын күтіп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағынын сот анықтаған болса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап 3 жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.
Ұйымның лауазымды адамының алиментті ұстап қалу міндеті
Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орны бойынша ұйымның лауазымды адамы нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісімінің негізінде немесе атқару құжатының негізінде оның жалақысынан немесе өзге де кірісінен алимент алатын адамның пайдасына ай сайын алимент ұстап қалуға және оны алимент төлеуге міндетті адамның есебінен жалақының немесе өзге де кірістің төленген күннен бастап 3 күн мерзімнен кешіктірмей төлеуге немесе аударуға міндетті. Төлеушіден ұсталған, бірақ алушыға уақтылы аударылмаған алиментті төлеуді кешіктіргені үшін жауапкершілік ұйымның лауазымды адамына жүктеледі.
Нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісімінің негізінде алиментті ұстап қалу, егер осындай келісімнің және атқару құжаттарының негізінде ұстап қалудың жалпы сомасы алимент төлеуге міндетті адам жалақысының және өзге де кірісінің 50% аспайтын болса, жүргізіледі.
Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орнын немесе тұрғылықты жерін ауыстырғаны туралы хабарлау міндеті
Сот шешімі немесе нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісім негізінде алиментті ұстап қалатын ұйымның лауазымды адамы алиментті өндіріп алу туралы шешімнің орындалатын жері бойынша сот орындаушысына және алимент алушы адамға алиментті төлеуге міндетті адамның жұмыстан босағаны туралы, сондай-ақ егер бұл өзіне белгілі болса, оның жаңа жұмыс орны немесе тұрғылықты жері туралы 3 күн мерзімде хабарлауға міндетті. Алимент өлеуге міндетті адам сот орындаушысы белгілеген мерзімде осы сот орындаушысына және сондай-ақ алимент алушы адамға жұмыс орнының немесе тұрғылықты жерінің өзгергені туралы, ал кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеген кезде қосымша табысының немесе өзге де кірісінің болуы туралы хабарлауға және хабарлағаны туралы растама алуға тиіс.
Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен өндіріп алу
Алимент төлеу туралы келісіммен немесе сот шешімімен белгіленген мөлшерде алиментті өндіріп алу, сондай-ақ алимент бойынша берешекті өндіріп алу алимент төлеуге міндетті адамның табысының және өзге де кірісінен жүргізіледі, табысы және кірісі жеткіліксіз болған кезде алимент сол алимент төлеуге міндетті адамның бактегі шотындағы және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшалай қаражатынан ұсталады. Бұл қаражат жеткіліксіз болған кезде ол алимент төлеуге міндетті адамның заң бойынша өндіріп алуға болатын кез келген мүлкінен өндіріп алынады және бұл ҚР заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Алимент бойынша берешек мөлшерін белгілеу
1)Алимент төлеу туралы келісімнің немесе атқару құжатының негізінде өткен кезең үшін алимент өндіріп алу атқару құжаты не нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісім табыс етілгенге дейінгі 3 жыл мерзім шегінде жүргізіледі. Алимент төлемін жалақыдан немесе өзге де кірісінен қатарынан 3 ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған кезде борышкердің ҚР заңына сәйкес өндіріп алуға болмайтын мүлкінен басқа мүлкінен өндіріп алынады.
Атқару құжатының негізінде немесе нотариатта куәландырылған келісімнің негізінде алимент ұстап қалу алиментті төлеуге міндетті адамның іздестірілуіне байланысты жүргізілмеген жағдайда 1)тармағында белгіленген мерзімге қарамастан және күтіп-бағуға алимент тағайындалған адамның кәмелетке толғанына қарамастан, бүкіл кезең үшін өндіріп алынады. Кодекстің 139-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаға төленетін алимент бойынша берешектің мөлшерін алимент төлеуге міндетті адамның алимент өндіріп алынбаған кезеңдегі жалақысы мен өзге де кірісін негізге ала отырып, сот орындаушысы айқындайды. Егер алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемеген болса немесе оның табысы мен өзге де кірісін растайтын құжаттар тапсырылмаса, алимент бойынша берешек сол берешекті өндіріп алу кезіндегі ҚР айлық жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып айқындалады. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдар үшін, егер борышкер осы кезеңде жұмыс істемеген болса, алимент бойынша берешек бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалады.
Сот орындаушысының алимент бойынша берешекті айқындауымен келіспеген кезде кез келген тарап ҚР заңында көзделген тәртіппен сот орындаушысының іс-әрекетіне шағым жасай алады. Баланың алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-анасын іздестіру кезеңінде төленген, балаға ҚР балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңында белгіленген ай сайынғы жәрдемақы сомалары төленген сомалардың 10% бюджет кірісіне есептеу арқылы сол ата-аналардан өндіріп алынады.
Алимент бойынша берешекті төлеуден босату
Алимент бойынша берешекті төлеуден босату немесе тараптардың келісімі бойынша алимент төлеген кезде осы берешекті азайту, кәмелетке толмаған балаларға алимент төлейтін жағдайларды қоспағанда, тараптардың өзара келісімі бойынша жүргізілуі мүмкін. Алимент төлеуге міндетті адамның талап-арызы бойынша, сот егер алимент осы адамның науқастануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептер бойынша төленбегенін және оның материалдық және отбасылық жағдайы алимент бойынша пайда болған берешекті өтеуге мүмкіндік бермейтінін анықтаса, оны алимент бойынша берешекті төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы.
Алиментті уақтылы төлемеу
Бұл келісім бойынша алимент төлеуге міндетті адамның және сот шешімі бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кінәсінен берешек пайда болған кезде кінәлә адам алимент алушыға кешіктірген әрбір күні үшін төленбеген алимент сомасының 10/1% мөлшерінде тұрақсыздық айыппұлын төлейді. Алимент алушы алименттің уақтылы төленбеуіне кінәлі адамнан алиментті төлеу жөніндегі міндетін орындауды кешіктіруден келтірілген бүкіл залалының тұрақсыздық айыппұлмен жабылмаған бөлігін де өндіріп алуға құқылы.
Алиментті есепке жатқызуға және кері өндіріп алуға жол бермеу
Алиментті басқа қарсы тараптармен есепке жатқызуға болмайды.
Төленген алимент сомасын:
1) ҚР АІЖК көзделген;
2) алимент алушы тарапынан алдап, қорқытып немесе күш қолданып жасалған алиментті төлеу жөніндегі келісім жарамсыхз деп танылған жағдайды қоспағанда, кері талап етуге болмайды.
Егер 1 және 2 жағдайда тізбеленген іс-әрекеттерді кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз алимент алушының өкілі жасаса, алимент кері өндіріп алынбайды, ал төленген алименттің сомасы алимент төлеуге міндетті адамның талап-арызы бойынша кінәлі өкілден өндіріп алынады.
Алиментті индекстеу
Сот шешімі бойынша тұрақты ақша сомасында өндіріп алынатын алименттің индекстелуін алиментті ұстап қалатын орын бойынша ұйымның әкімшілігі айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде барабар түрде жүргізіледі.
Алиментті төлеуге міндетті адам ҚР тыс жерге уақытша немесе тұрақты тұруға кеткен жағдайда алимент төлеу
Бұл жағдайда, ол заң бойынша күтіп-бағуға қаражат беруге міндетті отбасы мүшелерімен Кодекстің 157-162 баптарына сәйкес алимент төлеу туралы келісім жасауға құқылы. Келісімге қол жеткізілмеген кезде мүдделі адам алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу туралы немесе алиментті біржолғы төлеу туралы не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру туралы немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы. Алиментті төлегенін растайтын құжаттары болмаған жағдайда борышкерге ҚР тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат берілмейді.
Сот бұрын белгіленген алимент мөлшерін өзгерту және алимент төлеуден босату
Егер алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде алимент мөлшері сот тәртібімен белгіленгеннен кейін тараптардың бірінің материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, сот кез келген тараптың талап етуі бойынша белгіленген алимент мөлшерін өзгертуге немесе алимент төлеуге міндетті адамды оны төлеуден босатуға құқылы. Алимент мөлшері өзгертілген немесе оны төлеуден босатылған кезде сот тараптардың назар аударарлық өзге де мүддесін ескеруге құқылы. Егер кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамның алимент төлеуге міндетті адамға қатысты қасақана қылмыс жасағаны анықталса немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетті адам отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен жағдайда, сот оған алимент өндіріп беруден бас тартуға құқылы.
Алимент төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтату
Алимент төлеу туралы келісімде белгіленген алимент төлеу жөніндегі міндет осы келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанда немесе осы келісімде көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ тараптардың бірі қайтыс болғанда тоқтатылады.
Сот тәртібімен өнідіріп алынатын алиментті төлеу:
- бала кәмелетке толғанда немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетті болған жағдайда немесе алимент төлеу туралы келісімде көрсетілген жасқа толғанда;
- күтіп-бағу үшін алимент өндіріп алынған бала асырап алынғанда;
- сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда;
- еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегіне мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге отырғанда;
- алимент алушы адам немесе алиментті төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.



    1. апта дәріс - Азаматтық хал актілері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет