Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет27/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

ДӘРІСТІН ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
Азаматтық хал актілерін тіркеу ережелері.
Азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және күшін жою тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысанын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысанын, акт кітаптарын сақтаудың тәртібі мен мерзімін ҚР Үкіметі белгілейді. Азаматтық хал актілерін тіркеу ережелері, сондай-ақ некеге тұратын адамдардың денсаулық жағдайы мен отбасы жағдайы туралы бірін-бірі хабардар ету, олардың болашақ ерлі-зайыптылар және ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру тәртібі Заңмен және ҚР Үкіметі бекітетін Азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы нормативтік құқықтық актімен белгіленеді. Туу, қайтыс болу, неке қию, некені бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдарда тіркелуге тиіс. АХА тіркеуді азаматтық хал актілерін жазатын бөлімдер жүргізеді. Мұндай бөлімдер жоқ жерлерде азаматтық хал актілерін тіркеуді қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі ұйымдастырады. Басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуіне тиым салынады және ол танылмайды.
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы және қайтадан куәліктер беру
АХА мемлекеттік тіркегеннен кейін өздеріне қатысты акт жазбасы жасалған адамдарға құжатты берген тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаібалы мөрімен бекітілген, белгіленген үлгідегі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі.
Бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда мұрағаттық акт жазбасының негізінде куәлік қайтадан беріледі. Өздеріне қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған ата-аналарға, оны қалпына келтіргенге дейін баланың туу туралы куәлігі қайтадан берілмейді.
Некені бұзған ерлі-зайыптыларға және некесі жарамсыз деп танылған ерлі-зайыптыларға неке қию туралы куәлік қайтадан берілмейді. АХА мем-ік тіркеу туралы куәлік қазақ немесе орыс тілінде толтырылады. Азаматтар (ата-аналар, ерлі-зайыптылар, бала асырап алушылар) туралы мәліметтер олардың жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады. ҚР заңында көзделген жағдайда АХА мем-ік тіркеу туралы куәлік нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша берілуі мүмкін.
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізетін органдар
АХА мем-ік тіркеуді тіркеуші органдар жүргізеді. Мұндай бөлімдер жоқ жерлерде ауыл(село), кент, ауылдық округ әкімі өздерінің аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін (тууын, неке қиюын, қайтыс болуын) тіркеуге арналған құжаттарды қабылдауды және АХА мем-ік тіркеу Кодексте көзделген мерзімде Жеке тұлғалар туралы мем-ік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін оларды әділет органдарына беруді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер беру мен тапсыруды жүргізеді. Ауыл(село), кент, ауылдық округ тұрғындарының АХА тіркеуді ұйымдастыру тәртібін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша аумақтық әділет органдары айқындайды. Тіркеуші органдардың лауазымды адамдары өздеріне, өздерінің жұбайларына және жақын туыстарына қатысты АХА тіркеуді жүргізуге құқылы емес. Мұндай жағдайда АХА тіркеуді тіркеуші органның басқа да лауазымды адамын немесе басқа тіркеуші орган жүргізеді.
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің қағидалары мен тәртібі
АХА мем-ік тіркеудің қағидалары, сондай-ақ некеге отыратын адамдардың денсаулық және отбасылық жағдайы туралы бір-бірін өзара хабардар етуі, олардың болашақ ерлі-зайыптылар және ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру тәртібі Кодекске сәйкес белгіленеді. Тіреуді ұйымдастыру, АХА жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібін әділет органдары айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет